Уақытша болса да, бар қазақтың бірігуіне әсер еткен, атақты заңы – Жеті Жарғының өмірге келуіне мүмкіндік жасаған Ұлы Тәуке хан еді. (1680-1715) Тәуке хан кезіндегі жетістік деп – қазақтардың 1695жылға дейінгі жоңғарлардан 32 қаланы азат еткенін мысалға келтіре аламыз. Есімнің немересі - Жәңгірдің бел баласы – Тәуке хандық құрған XVIIғасырдың аяғы мен XVIIIғасырдың басы-қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. Бұл жайында белгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды:”Тәукенің атын атаса-ақ ,бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп ,мақтаныш билейді. Қазақ ордасының Ликургы , Драконты-сол адам. ....
Ғылыми - техникалық прогресс әртүрлі есептеу машиналарын құруға себеп болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, макро-ЭЕМ-дерге және дербес комьпютерлерге (ДК) бөлінеді. Үлкен ЭЕМ - дер – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ - дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ - дер қызмет көрсетуі мен құрал - жабдықтарының құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады. Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет. Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, програмалық қамтамассыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайданушылар деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білу қажет емес. Кәдімгі ДК көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90 - жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділігі жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер саны әрекетінің барлық салаларына қолданылады. Есептеуіш машина түрлерінің көптігінен қарамастан, олардың ең маңызды сипаттамалары: • Машина уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының орташа мөлшерімен өлшенетін шапшандығы – MIPS; • ЭЕМ операция орындайтын сандардың берілу түрі мен разрядтылығы; • Жадтайтын (еске сақтайтын) құрылғылардың сыйымдылығы мен шапшаңдығы Осы параметрлер бойынша есептеуіш машиналарды төмендегідей бөлуге болады. Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимді жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым қарапайым құжаттардан бастап, баспа беттеуіне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.....
Есептеу қажеттілігі адамзатта әлде қашан пайда болды. Ал, өркениет дамыған сайын есептеу қажеттілігі арта түсіп, есептеуді механикаландыру жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Қарапайым есепшоты немесе абактың арифметикалық машинаның ерекшелігі, белгілі бір осьтің немесе доңғалақтың сол осьте тұрған орыны мен орналасуы тәуелді болды. Осындай алғашқы машинаның 1642 жылы француз ғалымы Блез Паскаль жасаған болатын. Арифметикалық операцияларды орындау үшін паскаль бір бірімен байланысқан дөңгелектердің айналуын пайдаланды. Дөңгелектерде 0 ден 9-ға дейінгі сандар жазылды, әр дөңгелек толық бір айналғанда екінші дөңгелек бір санға жылжитын болды. Машина қосып және шегере алды.Паскаль машинасы жаңа принципте жасалған алғашқылардың бірі болды. Паскаль еңбектері есептеуіш техниканың дамыуына ықпалын жасап осы машина негізінде көптеген есептейтін машиналар жасап шығарылды. 1694 жылы Лейбниц әлемдегі алғашқы арифметикалық әрекеттердің төртеуін орындауға арналған арифмометр жасады. Оның негізінде сатылы білік принципі жатқан- цилиндрдің әр түрлі ұзындыққа жасалған тістері мен есептік доңғалақ бірлесіп әрекет қылатын болды. Осы негізде 1820 жылы Томас арифмометрі жасалған болатын. Ол көптеген әзірленген бірінші есептік машина. Бірақ механикалық арифмометрлер мүмкіншіліктері адамзатты қанағаттандыра алмады. Есептеу техникасын механика емес электромеханика негізінде жасауды мәжбүр етті. 1840 жылдары ағылшын математигі Чарльз Бейббидж жан-жақты есептеуші құрал ойлап табуға тырысты. Ең бірінші болып компьютердің арнайы программа мен басқарылып және оны сақтайтын жады болуы керек екенін ойлап тапты. Бірақ сол заманның техникасының дамуы әлсіз болғандықтан құрауға шамасы келмеді. 1820 жылы және 1856 жылдары бірнеше арифметикалық әрекеттерге қабілетті – «аналитикалық машинаны» ойлап тапты. 19 ғасыр соңында Америкада Холлерит Герман перфокарталар арқылы деректер енгізуге болатын есептеу – перфорация машинасын жасады. Ол фирма атақты есептеуіш техника шығаратын IBM фирмасының негізі болып табылады. 20 ғасырдың 30-шы жылдары электромагниттік реле негізінде перфокарталар мен операция жасаушы есептеуіш машиналарға арналған логикалық схемалар жасай бастады. Бұл машиналар күрделі арифметикалық әрекеттерді орындай алды. Екінші дүние жүзілік соғыс электрондық техниканың дамуын жылдамдатты. 1941 жылы неміс инженері Цузе бірінші таза релелік машина жасаған болатын. Оның Ц-3 машинасы 2600 электромагниттік реледен тұрды.....
Діннің тоқтық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашу – марксизмнің дін саласындағы өзекті мәселесі Совет үкіметі адамзат тарихында бірінші болып ұлттық тамаға - тұйықтылықты , діни алауыздықты жойып шын мәнінде ұждан бостандығын іс жүзінде асырады. Совет өкіметінің деген көзқарасы жалкамсовтың 1918 ж 28 февральда қабылдаған. Шіркеуді мемлекеттен және мектепте шіркеуден бөлу туралы декретінде берілген. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан бұл декрет жұмысшы табы мен оның партиясының дін жөніндегі программасы. Бұл деректің мазмұны СССР конституциясының 52 – ет – нда бекітілген. Біздің конституциямыз шын мәніндегі ұждан бостандығын қамтамасыз етумен бірге барлық азаматтардың атенстік насихат жүргізу провасын да мойындады. Алайда бұл діни қауымдардың ішкі өміріне араласу деген сөз емес. Шіркеу мен мешіт өздерінің ішкі өмірін ұйымдастыруда мемлкетке тәуелсіз болып қала береді. Қазақстандағы илслам діні VIII – дың бас кезінде Батыс Түрік қағанатындағы құлдырау арабтардың орта Азия мен Қазақстанда өз үстемдігін күшейтуіне жол ашты. Осы кезде Оңтүстік Қазақстанда мекендеген тайпалардың арасында ислам діні тарай бастады. ХІІІ – ІХ ғасырларда құрлық ақсүйектері ислам діні Қарахан әулеті (ХІ – ХІІ ғ.) тұсында едәуір тарады. Бұл дәуірде діни фонатизм үстемдікті ете бастайды. Беркехан (1255 – 66) тұсында Алтын орда хандарының арасында ислам дінің ықпалы күшті болды. 1285 жылы Туда - Мөке хан, ал одан Өзбек хан ислам дінін қабылдайды. Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің ықпалы күшейді. Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің , яғни ислам дінін басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі артты. Қазақ сахарасында араб елдерінен келген иман, молдалар көбейді. Олар қазақ ауылдарын аралап, Құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады , діни кітаптарын таратты. Қазақстанда ислам дінінің тауына Әлім хан (1800 – 09 ж.) биік өткен тұсында күшейген Қоқан қандығы едәуір ықпалын тигізеді. Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін қабылдаған өзбектер болатын. Солармен тығыз экономик байланыс жоспар, егін шаруашылығымен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақ тайпаларына ислам дінінің ықпалы, күшті бтиді. Қазақстанның Түркістан, Жаркент, Сайрам қалалары Мұсылман дін иелерін даярлайтын ислам дінін рухани орталығына айналады. Түркістан екінші мекке аталады. Мұнда ХІ – ХІІІ ғасырларда мешіттер салына бастайды. Қазақ арасынан мекке мен Медине қалаларына қажыға барушылар көбейді. Орта ғасырлық дін ілімімен , философия және логика ғылымдарымен араб тілін зерттеуінен шұғылданған Әбу – насыр Әл – Фараби, Исхақ – Отырари, Жамал Түркістани, Қыдырғали Жалайри сияқты ғалымдар шықты. Ислам дінінің қазақ халқының эконмик, қоғамдық – саяси және рухани өмірінде болған тарихи өзгерстермен байланысты. ....
Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі. Қасым әуелгі кезінде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған қалтқысыз бағынады. Сол кездің куәгері, тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол (Қасым) әкесінің үлгісі бойынша барлық жағдайда Бұрындыққа бағынды, соған тәуелді болды» деп жазады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел басқарудағы қабілетсіздігіне араша түсе алмайды. Ақыры ол хандығын тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым билікті өз қолына алады. ....
Қазақ мемлекетінің іргесі Жәнібек хан тұсында қаланды деуге толық негіз бар. Ұлттық тарихымызда ол Жәнібек хан деп жай аталмайды, Әз Жәнібек хан дегендей ерекше марапатқа ие болған. Біз 2002 жылдың алғашқы сандарынан бері қарай «Қазақ хандығының құрылуы» деген тақырыппен Қазақ мемлекетіне аса зор еңбек сіңірген Керей, Әз Жәнібек, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке және т.б. хандар туралы өмірбаяндық әрі тарихи деректерді үзбей жариялап келеміз. Қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкейұлы 1801 жылы бұрынғы Бөкей ордасында дүниеге келді. Сол Бөкей ордасы қалай құрылып еді? Осы орайда, Еділ-Жайық бойының арғы бергі тарихын айтпай кету және орынсыз. Жеті жұрт мекен еткен бұл атырапты біздің жыл санауымыздан бұрынғы VIII – III ғасырлар аралығында иран тілдес скиф-сарматтар мен аландар қоныстаныпты. Кейіннен Угоро-фин тайпасы мен венгрлер, біздің дәуіріміздің IV – XIII ғасырында түркі тілдес ғұндар мен аварлар, хазар, оғыз, печенек, қыпшақтар, XIII – XV ғасырда монғол хандары орда тікті. Олардың өкшесін баса кеп ноғай мырзалары мен қазақ хандары қанат жайды. ....
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер. 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген. 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан. 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған. 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. ....
Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселе¬лер¬ді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шай¬қа¬тар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бе¬кітулі шекаралардың ашылуы, елі¬мізге лап берген шетел¬дік азаматтар, бизнесмендер, ин¬вес¬торлар, тіпті алыпсатар сауда¬гер¬лерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалық¬тары¬мен бірге ортаны ой¬сы¬ратар кем¬ші¬ліктерін де ерте келгені бел¬гілі. ....
2.1. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы. Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді. Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді. Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты. ....
Психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент - XXV ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. ОЛ адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше баланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы қозғалыштылығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.....