Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен.....

Шығармалар
Толық

Мұхтар асуы

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры.....
Шығармалар
Толық

Жамбыл десем ойыма...

Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда.....
Шығармалар
Толық