Гемолиздік сарғыштықтың себебі болып эритроциттердің тым артық ыдырауы есептеледі. Эритроциттердің ыдырауының артуы химиялық заттармен (фенилгидразинмен, мышьяк. сутегімен), биологиялық улармен (жылан, ара улары) уланғанда, тобы бойынша немесе резус сәйкессіздігі бар қан құйғанда, күйіктік, үсіктік аурулары, тұқым қуалайтын гемолиздік анемиялар ж. б. жағдайлар кездерінде болуы мүмкін.
Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.
Естен танудың бастапқы сатысында зардап шегушіде қысқа уақытты қозу сипатталады. Ол есіне келгенде тынышсызданады, өзінің ауыр халде екенін сезіне алмайды, секіреді, қашуға ұмтылады, айғайлайды, жұлқынып сөйлейді, көздің қарашықтары ұлғаяды, өңі бозарады, жиі тыныс алады және тамыры жиі соғады.
Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.
Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:
- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;
- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;
- қан кетуді тоқтату;
Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;
- тыныс алу жолдарын босату;
- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;
- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);
- жылумен қамтамасыз ету;
- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;
- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;
Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.
Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады......
97. Жарақаттың қандай да бір түріне жарақат алған заттағы, зардап шегушінің терісіндегі, сондай-ақ шаңдағы, жердегі, көмек көрсетушінің қолындағы және байлайтын таза емес материалдағы микробтарды жұқтыруға болады.
98. Көмек көрсету кезінде мынадай талаптар сақталады:
жараны сумен немесе қандайда бір дәрілік заттармен, жууға, ұнтақ себуге және маз жағуға болмайды, себебі бұл жазылуына кедергі жасап, оған тері бетінен кірдің түсуіне септігін тигізеді және іріңденуіне әкеп соғады;
жараның бетінен құмды, жерді, тасты алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі жараны ластайтын заттардың барлығын алып тастау мүмкін емес. Жараның бетін бүлдірмеу үшін абайлап теріні сыртына қарай тазалай отырып, жараның қасындағы кірді тазалау керек; жараның қасындағы тазаланған учаскені таңғыш байлау алдында йод тұнбасын жағады;
жараның бетінен ұйыған қанды, жат заттарды алып тастауға рұқсат етілмейді, себебі бұл қанның қатты кетуіне әкеп соғады;
жараның сіреспемен іріңдеуін болдырмау үшін жараны оқшаулағыш лентамен орауға немесе жараға тор таңғыштарды салуға рұқсат етілмейді.
99. Жарақат алған кезде алғашқы көмек көрсету үшін орауышында басылған нұсқауға сәйкес дәрі-дәрмек қорабындағы (сөмкесіндегі) жеке қолдану пакетін ашады. Таңғышты байлау кезінде оның тікелей жара бетіне байланатын бөлігін қолмен ұстауға рұқсат етілмейді.
100. Егер жеке қолдану пакеті болмаса оны таңып байлау үшін таза бет орамалды, матаны пайдалануға болады. Мақтаны тікелей жараның бетіне салуға рұқсат етілмейді. Егер жараның бетіне қандайда бір ұлпа немесе орган (ми, ішектер) түссе, таңғышты еш жағдайда сол ұлпаны немесе органды жараны ішіне салуға тырыспай үстінен байлайды.
101. Жарақат алған кезде көмек көрсетуші қолын жууы немесе саусақтарына йод тұнбасын жағады. Жараның бетін жуылған қолмен ұстаудың өзіне рұқсат етілмейді.
102. Егер жара жермен ластанған болса, дереу қан сарысуының сіреспесіне қарсы дәрі алу үшін дәрігерге барады.
Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, қанга тікелей немесе лимфамен түседі. адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.
Өт қышқылдары орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді. Осыдан организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, артынан көңіл-күйдің тұнжырауы, түнде үйқы қашып, күндіз ұйқы .....
Тағам өнімдерінің мироағзалармен және оның метаболиттерімен ластануы Жоспар: 1.Азықтық улану. 2.Азықтық улану инфекциясы. 1. Ластану аурудың екі формасын туғызады: азықпен улану (азықтық интоксикация) және азықтық улану инфекциясы. АЗЫҚПЕН УЛАНУ: оны микроорганизммен продуцирленетін токсин тудырады, ол тағамдарға түсіп және онда дамиды. Азықпен уланудың мысалы ретінде стафилококковті улану және ботулизм болып табылады. Азықтық улануды бактериялық улану және микотоксикоздар етіп бөлуге болады. Бактериальді уланулар. .....
Мазмұны 1-тоқсан «Өзім туралы», «Менің мектебім» ортақ тақырыптары аясында Бөлім: «Мен – зерттеушімін» Бөлім: «Тірі табиғат»
2-тоқсан «Мен және менің отбасым»,«Бізді қоршаған әлем" ортақ тақырыптары аясында Бөлім «Тірі табиғат» Бөлім «Табиғат физикасы» Бөлім«Мен – зерттеушімін»
3-тоқсан «Саяхат», «Салт -дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыптары аясында Бөлім: «Жер және ғарыш» Бөлім: «Табиғат физикасы»
4-тоқсан «Тағам және сусындар», «Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыптары аясында Бөлім:«Табиғат физикасы» Бөлім:«Мен – зерттеушімін»