Қазіргі қазақ жастарының арасында қолданыста пайда болған жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер Копировать ету – көшірмесін жасау Печатьтау – басып шығару Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану Документ ашу – құжатты ашу Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу Ярлыкты жою – таңбашаны жою Сохранить ету – сақтау Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу Назадты басу – кері қайту Вставитьті басу – кірістіру Компьютерлік терминдер .....
Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Кіріспе Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері» Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттағы салаларының бірі болып есептелетін «Линвистикалық статистика» (Лингвостатистика) пәніне байланысты терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тірестерін жинастыру, топтау, саралау, олардың сипатын баяндау, бұл жайында қорытынды пікір айту. Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмысты жазуда тіл білміндегі тілді зерттеу әдіс-тәсілдерінен – лингвостатистикалық талдау және лексика-лингвистикалық сипаттама әдістері пайдаланылды. Тілдік материал. Дипломдық жұмысты орындап шығу мақсатында тілдік материал (шикізат) үшін қазақ тіл білімінде және басқа да тілдерде лингвистикалық статистика бағытында жарық көрген әдебиеттер (зерттеулер, мақалалар, жиілік сөздіктер) алынды. Солардың терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері терілді, зерттелді.....
Сөз таптары жөніндегі мәселені бағдарлау әр тілдің құрылымының, әрі сөздің құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең зерттеу, жете білу үшін керек. Сөздің морфологиялық құрылымы жайындағы ілім тек сөздің құрамын талдаумен ғана тынбайды, оның бүкіл грамматикалық жүйесін, әр тобына тән сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жүйелерін де зерттейді[1,126]. Тіліміздегі сөздер лексика-грамматикалық сипаттарына қарай үнемі біркелкі болып келе бермейді. Олар өз ішінде белгілі заңдылықтарға негізделген бірнеше жіктерге бөлініп, соған орай ыңғайласып, топтасып жатады. Сөздерді топтастыруда үш өлшем негізге алынғанымен де, олар барлық сөздердің бойынан бірдей дәрежеде байқалынбайды. Мәселен, үш белгі атауыш сөздерде анық көрінсе, еліктеуіш сөздер мен есімдікте, одағай мен шылауда ортақ морфологиялық белгісі жоқ, сондықтан оларды тек мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай топтауға болады. Қазақ тіліндегі сөздер семаниткалық және морфологиялық белгілеріне қарай атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді. Атауыш сөз деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән толық лексикалық мағыналары бар, соған лайық, өзді-өздерінің дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді айтамыз. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болғандықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау я таяныш есебінде қызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке дара тұрыпта керегінше қолдана береді. Олар тілдің грамматикалық заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады және олардан тілдегі қалыптасқан тәсілдер бойынша басқа да туынды атаушы сөздер жасала береді[2,39]. көмекші сөз деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я мүлдем жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды немесе күрделі мүшенің құрамына енеді немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды[2,40]. Одағай сөздер деп адамның әр қилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді айтамыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, мысалы, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс қатынасы болмайды және сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды. Бірақ олар бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде жүре береді. ....
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады. Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: ─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу; ─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау; ─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. ─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді. ─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді. Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.....
Кіріспе Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам әлеуметтік өмірдің әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен, эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің төл қасиеті. Ғылым тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны, негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес. Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин” деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. [2, 40] Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін, сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен яғни олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.....
Кіріспе Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды. Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.....
Абай тілін сөз өрнегін зерттеу бүгінде қазақ филологиясы ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған Абайтанудың өз алдына маңызы зор бір тармағы. Абай сөз өрнегін танып – білу саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін сондай – ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Солардың бірі – ұлы суреткердің сөз өрнегін тіл білімі тұрғысынан тану, яғни ғылымның «лингвистикалық стилистика» деп аталатын саласы бойынша талдау. Көркем әдебиетте оның ішінде поэзияда сөз әрдайым өзінің тура мағнасында жұмсалмай, әр алуан мақсатта құбылып, өзгеріп қосымша рең үстеп, негізгі тілдің мағынасын ауыстырып немесе жойылып, не кеңейтіп қолданылып жатады.....
Зерттеудің өзектілігі: Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым - қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке- жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке- жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте , бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді. Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы– сөзжасам мен морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз– сөздің мағынасы мен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі. Осы қасиетке негізделіп , сөздер жалаң сөздер және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді. Ал, күрделі сөздер беске бөлінеді: қос сөздер, қысқарған сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, тіркескен сөздер. Диплом жұмысында қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілері талданады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сөз – күрделі құбылыс. Ол тіл білімінің барлық саласының зерттеу нысаны болып табылады. Соның ішінде сөздердің тұлғалық құрылымымен жасалып қалыптасуын сөзжасам мен морфология ғылымы қарастырады. Қазақ тіл білімінде қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық қасиет белгілері толық зерттелінді дей алмаймыз. Сондықтан М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздер диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп алынды. Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге алғаш талдау жасағандардың бірі– профессор Қ. Жұбанов болған. Ол қос сөздерді «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінің» «сөз тұлғалары » деген тарауында «қосар сөздер» деген терминмен берген. [1966,151]. Сонымен қатар К.Аханов, Ә.Керімов, А.Есенғұлов, Н.Сауранбаев, Н.Ысқақов сынды ғалымдар азды-көпті еңбек еткен. Аталған ғалымдардың еңбектерінде күрделі сөздердің біріккен, кіріккен, қосарланған, тіркескен түрлері біршама зерттеу нысандарына арқау болған. Аталған ғалымдардың еңбектерін оқып, зерттей отырып қос сөздердің сөз- жасамдық сипатына байланысты пікірлерінің әр түрлілігін, тіпті қайшылыққа толы екендігін байқадық. Яғни қос сөздерге тән ерекшеліктер толық ашылды деуге болмайды. Қос сөздердің әлі де анықтайтын тұстары баршылық. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика- семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық: – күрделі сөздерге, соның бірі қос сөздерге байланысты айтылған ғалымдардың пікірлеріне ғылыми талдау жасау; – қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігін айқындау; – эпопеяда кездесетін қосарлау немесе қайталау арқылы жасалған сөздер жаңа мағынаға ие бола ма? деген сұраққа жауап іздеу. Жұмыстың зерттелу әдістері. Жұмысты зерттеу үшін төмендегідей әдістерді қолдандық: талдау әдісі, жинақтау, ой қорыту, жүйелеу, статистика әдістері. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. – Күрделі сөздердің ХI ғасырлардан бастап жиі қолданылғандығы анықталды. – Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуы, десемантизация, деформацияға түсуі анықталды. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің мол қабаты анықталды. Олардың семантикалық ерекшеліктері айқындалды. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы қос сөздердің қолданылу аясы бұрын соңды зерттелмеген тақырып, зерттеу жұмыстарында көрсетілмеген. Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Оған қоса пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар (мысалдар жазылған кеспе қағаздар) берілген. Әр тараудың өзі іштегі құрылымына қарай бірнеше бөлімшелерге бөлінген.
1.1. Күрделі сөздер туралы зерттеулер мен пікірлер.
Әр түрлі жүйеге жататын түрлі тілдерде күрделі сөздердің жасалуында айырмашылықтар бар. Бұл жағдай күрделі сөз туралы түрлі пікірлер туғызуы заңды деп санаймыз. Түркі тілдерін зерттеуші тіл мамандары өздерінің еңбектерінде күрделі сөз мәселесіне де назар аударып, ол турасында байқағандарын көзден таса қалдырмаған. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз мәселесінің зерттелуі туралы А.А.Юлдашев былай дейді : «Сложные слова которыми изобилуют тюркские язык, особенно их терминология до сих пор не получили удовлетворительной разработки ни в словарях, ни в грамматических описаниях».....