Сая Молдайып | Сұлтанмахмұт сүйген сұлу

«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» дейді. Бұл сөз бабалардан қалыпты. Сол рас! Жақында редакцияға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы ауылдан ардагер ұстаз Шолпан Әбілғазықызы Жақыпова келді. Осы аймақтан өткен тарихи тұлғалардың жұрт біле бермейтін мәліметтер, фотосуреттер жайлы көрген-білгенімен бөлісті. Соның бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров сүйген қыз Мәлике Мұқтарқызы!

Өнер-білімімен асқан, ақын, алуан-алуан тақырыпқа қалам сілтеп, әдебиет пен мәдениетке толағай мұра қалдырып үлгерген Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 жасқа қараған шағында өмірден «құйрықты жұлдыздай ағып» өтті, ол 1920 жылы 21 мамырда қайтыс болды.

Ақынның туып-өскен жері – Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы. Сол ауылда жерленген. Басына белгітас қойылып, тоқсаныншы жылдардың басында кесенесі көтерілді. Бұған ұйытқы болған әйгілі қаламгер Әбіш Кекілбаев болатын. Сол ауылда мұражайы бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын барғанымызда мұражай тым жүдеу еді. .....
Әңгімелер
Толық

Нүсіпжанов Ерсұлтан | Дін мен дәстүр сабақтастығы

Қазақ халқы ежелгі заманнан-ақ ислам дінін ұстанғаны белгілі. Олай дейтінім, тарихтан белгілі Керей мен Жәнібек хандық құрғаннан бастап, одан алдыңғы Ақ Орда мен Алтын Орда дәуірінде, Қарахан мемлекеті тұсында еліміздің аумағына ислам діні кең түрде таралған болатын. Ұлт ретінде ұйысып, өркениетке ие болуымызға, салт-дәстүріміз бен дініміздің біте қайнасып сабақтасуы осы – ислам дінінің ықпалы деп білемін.

Ислам діні этикалық тұрғыдан қарастырғандағы өзгешелігі, оның адамгершілі құлықты басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші, қоғамдық сананың түрлерінен бөліп жармау, мұндағы айтпағым, қоғамдық сана ол – діни рәсімдер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі арқылы, мәдениеті арқылы, діні арқылы қалыптасқан ұлттық өмір салты бар. Кезінде салт-дәстүр санасында, әдебиет, тарих оқулықтарында, баспасөз, көркем өнерде бейнеленгенімен, оларды кеңінен қолдану кеңестік идеологияның өктемдігінен жойыла бастады. Өкінішке орай, ұлт ретінде өзіміз де ұлттық әдет-ғұрыпты, салтымыз бен дәстүрімізді қорғауға, берік ұстануға табандылық пен ұстамдылық көрсете алмадық. Қазақ тұрмысы жартылай батысша-орысша, жартылай қазақы болды. Батысша дейміз-ау! Сол батыстың бізге дәл қазіргі кезде технологиясы керек шығар, бірақ, мәдениеті бір тиынға да керек емес. Қазіргі кезде жастардың батысқа қызығуы мен еліктеушілігі мінездің өзгеруіне алып келеді. Мінез өзгерсе – дәстүр қайда, салт қайда, тәрбие қайда екенін таппай қалармыз? Құдай сақтасын, әрине. Ал қызығушылық пен еліктеушілік – жастардың жат ағымға кіріуіне бірден бір себепші екені айдан анық.Айтпасақ та түсінікті... .....
Әңгімелер
Толық

Талап Сұлтанбеков | Жүрек тулайды

.Профессор Садықов лабораторияға қабағы түксие кірді. Бұрын жұртпен жайдары сәлемдесетін ол бүгін тек басын изеп, үстіндегі болонья плащын шешпестен өз кабинетіне өте шықты. Бионикалық микротолқындарды зерттейтін «МТ-6» аппаратының жұмысын тәртіптеп, оны кезекті сеансқа дайындап тұрған аспирант Қайрат Саурықов профессордың кескінін көріп, аздап абыржып қалды. «Бүгінгі сеансқа тиым салмаса не қылсын»,— деп ойлады ол ішінен. Әйтсе де сыр бермей өз ісімен айналыса берді.

Ұзынша келген бөлменің ішінде үш адам бар. Әрқайсысы арнайы биотәжірибелерге лайықтап құрастырылған аспаптардың қасында тиісті жұмыстарын шұқылап үн-түнсіз қалды. Аға лаборант Жәмила Дәулетова жұлдыз құрттардың бір нешеуін колбаға салып токпен тітіркендірді. Құрттар бірінен соң бірі ыршып қарғып шығып жатыр. Қайрат «МТ-6» аппаратын жинастырды да токқа қосты. Қолына кәдімгі микрофонды ұстап Жәмила деп өте ақырын сыбыр етті. Оның дауысы аппараттың тырсылдаған дыбысына сүңгіп естілмей қалды. Дегенмен Жәмила жалт бұрылды.

— Қайрат, сен маған бірдеңе дедің бе?

— Жоқ,—деп жауап берді Қайрат.

Қайрат «МТ-6» аппаратын жоғары жиіліктегі токқа қосты да, басына радиоқұлақшынды киіп алды. Оцилографтан қызыл күрең жолақтар көрінді. Бұл оның миындағы биотолқындардыц экрандағы көрінісі. Қайрат Жәмиламен ойша сөйлесе бастады.

— Жәмила, сен маған дос едің ғой. Мен профессордың қабағынан қорқып қалдым. Сен мені естисің бе? Маған бұрылшы қазір.

Жәмила кері бұрылды да, жымиып күлді.

— Қорықпай-ақ қой. Садықов түнімен ғылыми советке баяндама әзірлеген. Бәлкім ұйқысы қанбаған шығар.

Жәмила бұл сөздерді күлімдеп тұрып ойша айтты. Бірақ Қайрат радиоқұлақшыннан анық естіді. Ол қуанып кетті. Бұлардың сөздерін бөлмедегі үшінші адам естімеген еді.

Қайрат университеттің биология факультетін бітіріп, биофизик мамандығын алған-ды. Аспирантураға тускеніне екінші жыл. Алған тақырыбы «Биотолқындардың түрлі адамдар организміндегі үндестігі». Биотолқындар жөніндегі көп жәй ғылымға бұрыннан да белгілі. Ол адам организмінде шағын мөлшерде пайда болып, білінер-білінбес магнит өрісін тудырады. Бар болғаны осы ғана. Алайда кейбір шет елдерде парапсихология деген ғылым бар. Бұл ғылыммен көптеген ғалымдар шұғылданады. Арнайы журналдар шығып тұрады. Бұл жөнінде «тоқсан тоғыз» ғылыми еңбектер де жазылған. Бірақ біздің ғалымдар мұның барлығын құр шимай деп ұғады. Расында да сенер-сенбесіңді білмейсің. Шет ел ғалымдарының ойынша адам организмі, дәлдеп айтқанда орталық ми қабығы шоғырланған биотолқындар шығарады. Ол бөгде бір адамға әсер етеді. Тіпті әлем кеңістігіне тарайды. Қашықтық талғамайды дейді. Бұл бұл ма, олардың айтуынша кейбір қабілетті адамдар көзден ұшқындайтын пікір толқындар арқылы біршама жерде тұрған жеке заттарды орнынан қозғауы да мүмкін екен. Тұтқасынан тартпай-ақ есікті де ашып жіберуі ғажап емес. Әрине, бұл бос сөз делік... Адам миында пайда болатын магнит өрісінің күші ұлпа жүнді де ұшыра алмайды. Дегенмен... .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Жансүгіров | Әубәкір Сұлтанбекұлының естелігі


Жаңылмасам, шілденің 10-ы күні Албанның мен деген адамын ақжелке пристав Подборков Қарқарада алдына шақырды. Барлығымыз 20-дай кісіміз. Шақырғанда айтқаны: «Мына Қарқара жәрмеңкесінен сарт-ноғайдан, саудагерден 50-дей қара жоғалды. Осының бәрін ұрлап жатқан - қазақ. Болыс-болысқа бөліп алып төлейсіңдер», — деді. «Қарқара қазақ жері болғанмен қазынаға қарайды, бәрімізге ортақ. Төлемейміз», — дедік. Аяғында сөз ерегіске кетіп, пристав тақтай тепкілесе де біз қасарысып отырып алыстық. Пристав бастығын Жәмеңке, Ұзақ қылып 21 кісіні абақтыға қамады. «Түбі осы малды төлемесеңдер сендерді өлтіретін ыңғайы бар», — деп приставты маңайлаған адамдар айтып жүрді. Біз қорыққанымыздан «төлейік» деп уәде қып босанып, 30000 теңгені Албаннан алып бердік.

Ақшаны алып болған соң, ақжелке жігіт сұрады. Біз оны «көп біледіге» сүйеп жүріп кетістік.

Онда Албан екі учаскеге қарайтын. Тараншылармен қосып тоғыз болыс елді Қалжат приставы сұрайды. 5 болыс елді Нарынқол приставы сұрайды. Нарынқол приставы бізді Қырғызсай қаласына жігіт алуға жауапқа шақырды.Пристав: «Кісі бересіңдер ме, жоқ па?» — деп сұрақ қылды. Біз «жеке мұндай ауыр жұмысты ашып айта алмаймыз. Біраз күн мәулет бер, біз көппен ақылдасып, жауап берелік», — дестік. Пристав бізге біраз күн мәулет беріп, Алматыдағы жандаралға білдірмек болды және сол жерде пристав соғыс пайдасына жәрдем сұраған соң жанымыздан 1000 сом ақша жинап бердік. .....
Әңгімелер
Толық

Шамхан мен Сұлтанхан

Өткен заманда Ыбырайым деген бір пайғамбардың түні бойы тісі ауырыпты. Тісінің ауруына шыдамай ол түрегеп жүріп, әйеліне:

— Менің тісім қатты ауырды, сен бір әңгіме айтшы, тісімнің ауырғаны қояр ма екен, – депті. Әйелі: «Менің әңгімем сіздің ауруыңызды қойғызарлық қандай қызықты болар дейсің, одан да осында көп жасаған қарт Сұлтанхан деген кісі бар, сол кісіні шақырып берейін. Сізге әңгіме айтып берсін», – депті де Сұлтанханды шақырыпты. Сұлтанхан келген соң, Ыбырайым: «Бір әңгіме айтшы, менің тісімнің ауырғаны басылар ма екен», – дейді. «Тақсыр, есіткенімді айтайын ба, жоқ көргенімді айтайын ба?» – дейді Сұлтанхан. «Естігеннің бірі рас болса, бірі бекер болады, одан да көзбен көргенді айт!» – дейді Ыбырайым.......
Ертегілер
Толық

Астана туралы эссе - 11 сынып

  Астана қаласында 2017 жылдың жазы, мен үшін естен кетпестей ерекше өтті. Экспо - әлемдік деңгейде болып жатқан көрме қанша жылдардан кейін біздің еліміздің бас қаласынан орын алған. Экспо 2017- бізге берер атақ даңқы мол. Еліміз осы ЭКПО-ның арқасында жарқыраған күйіне...... 

Шығармалар
Толық

Астана туралы 7 сыныпқа шығарма

  Әр елдің өзінің Астанасы болады. Қазақстанның жүрегі де Астана. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - Астана. Астана қазіргі еліміздің арқа сүйер Ел ордасына айналды. Бізді оған жеткізген тұңғыш президентіміз ...... 

Шығармалар
Толық