Талап Сұлтанбеков | Жүрек тулайды
...Профессор Садықов лабораторияға қабағы түксие кірді. Бұрын жұртпен жайдары сәлемдесетін ол бүгін тек басын изеп, үстіндегі болонья плащын шешпестен өз кабинетіне өте шықты. Бионикалық микротолқындарды зерттейтін «МТ-6» аппаратының жұмысын тәртіптеп, оны кезекті сеансқа дайындап тұрған аспирант Қайрат Саурықов профессордың кескінін көріп, аздап абыржып қалды. «Бүгінгі сеансқа тиым салмаса не қылсын»,— деп ойлады ол ішінен. Әйтсе де сыр бермей өз ісімен айналыса берді.
Ұзынша келген бөлменің ішінде үш адам бар. Әрқайсысы арнайы биотәжірибелерге лайықтап құрастырылған аспаптардың қасында тиісті жұмыстарын шұқылап үн-түнсіз қалды. Аға лаборант Жәмила Дәулетова жұлдыз құрттардың бір нешеуін колбаға салып токпен тітіркендірді. Құрттар бірінен соң бірі ыршып қарғып шығып жатыр. Қайрат «МТ-6» аппаратын жинастырды да токқа қосты. Қолына кәдімгі микрофонды ұстап Жәмила деп өте ақырын сыбыр етті. Оның дауысы аппараттың тырсылдаған дыбысына сүңгіп естілмей қалды. Дегенмен Жәмила жалт бұрылды.
— Қайрат, сен маған бірдеңе дедің бе?
— Жоқ,—деп жауап берді Қайрат.
Қайрат «МТ-6» аппаратын жоғары жиіліктегі токқа қосты да, басына радиоқұлақшынды киіп алды. Оцилографтан қызыл күрең жолақтар көрінді. Бұл оның миындағы биотолқындардыц экрандағы көрінісі. Қайрат Жәмиламен ойша сөйлесе бастады.
— Жәмила, сен маған дос едің ғой. Мен профессордың қабағынан қорқып қалдым. Сен мені естисің бе? Маған бұрылшы қазір.
Жәмила кері бұрылды да, жымиып күлді.
— Қорықпай-ақ қой. Садықов түнімен ғылыми советке баяндама әзірлеген. Бәлкім ұйқысы қанбаған шығар.
Жәмила бұл сөздерді күлімдеп тұрып ойша айтты. Бірақ Қайрат радиоқұлақшыннан анық естіді. Ол қуанып кетті. Бұлардың сөздерін бөлмедегі үшінші адам естімеген еді.
Қайрат университеттің биология факультетін бітіріп, биофизик мамандығын алған-ды. Аспирантураға тускеніне екінші жыл. Алған тақырыбы «Биотолқындардың түрлі адамдар организміндегі үндестігі». Биотолқындар жөніндегі көп жәй ғылымға бұрыннан да белгілі. Ол адам организмінде шағын мөлшерде пайда болып, білінер-білінбес магнит өрісін тудырады. Бар болғаны осы ғана. Алайда кейбір шет елдерде парапсихология деген ғылым бар. Бұл ғылыммен көптеген ғалымдар шұғылданады. Арнайы журналдар шығып тұрады. Бұл жөнінде «тоқсан тоғыз» ғылыми еңбектер де жазылған. Бірақ біздің ғалымдар мұның барлығын құр шимай деп ұғады. Расында да сенер-сенбесіңді білмейсің. Шет ел ғалымдарының ойынша адам организмі, дәлдеп айтқанда орталық ми қабығы шоғырланған биотолқындар шығарады. Ол бөгде бір адамға әсер етеді. Тіпті әлем кеңістігіне тарайды. Қашықтық талғамайды дейді. Бұл бұл ма, олардың айтуынша кейбір қабілетті адамдар көзден ұшқындайтын пікір толқындар арқылы біршама жерде тұрған жеке заттарды орнынан қозғауы да мүмкін екен. Тұтқасынан тартпай-ақ есікті де ашып жіберуі ғажап емес. Әрине, бұл бос сөз делік... Адам миында пайда болатын магнит өрісінің күші ұлпа жүнді де ұшыра алмайды. Дегенмен...
Қайраттың есіне балалық шағында болған бір оқиғалар түсті. Ол тым жас еді сол кезде. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдары. Қайраттың әкесі Саурық майданда жүр. Апта сайын сағынышты сәлем хаттар келіп тұрады. «Қайратымның маңдайынан сүйдім» деп жазатын.
Әлде қандай бір күні Қайраттың жүрегі дүрсілдеп шошынып кетті. Ішкі дүниесін азнаған бір суық кеулеп, жаны егіле берді оның. Ол үйінде отыра алмай, далаға безіп кетті. Түсініксіз бір қайғылы әуен оның жан дүниесінде ойнап, азап шектірді. Көзінен ащы жас шығарды. Ол бір қайғылы оқиғаның болатынын сезгендей. «Қайрат қош бол, мені ешқашан ұмытпа» деп әкесі өте бір алыстан сөйлеп тұрғандай. Көз алдына әкесінің өліп жатқан бейнесі келді. Ол солқылдап жылай берді. Әрбір жапырақтың сыбдырында, желдің уілінде, әрлі-берлі зулап жүрген қарлығаштың қанат сусылында Қайратты жұбататындай әуен бар тәрізді. Ол жүгіріп үйге келді. Алдынан жүгіріп анасы шықты.
— Сен неғып жоғалып кеттің, жарығым.
Қайрат анасының төсіне басын қойып жылап жіберді.
— Апашым, апатайым, менің әкем өлді ғой деймін. Жаңа мен оның қоштасқан даусын естідім,— деді.
Анасы Қайратты құшақтап қоса егілді. Оның да курегі әлде бір сұмдықты сезгендей болатын. Сол күннен бастап Қайраттың әкесінен хабар болмай кетті. Үш айдан кейін қара қағаз келді...
Саурықов, сізді профессор шақырады,—деді біреу.
Шым-шытырық ой-қиялдың құндағында тұрған Қайрат селт етіп қалды да, шақырушы қайталап айтқанда ғана барып ұқты. Ол кабинетке жеделдей басып енді.
Профессор басын көтерген жоқ. Алдындағы қағаздарын әрі-бері аударыстырып тіктеп қарай алмайды. Бір кезде:
— Қайрат, шырағым, сенің биотелефон деп жүргенің не нәрсе,— деді профессор.
Қайрат енді түсінді. Профессор екеуінің дәл қазір бір ойдың тізгінінде отырғанын сезіп дүрсілдеген жүрегі орнына түсті. Ол өзінің өткендегі бір тәжірибесінен шикі шығып қалды ма деп қорыққан еді. Қазір қуанып қалды. Ондай оқиға бұдан үш күн бұрын болған-ды. Ол лабораторияға цирктің бір артисін алып келіп тәжірибе жүргізген. Цирк артисі сахнаға шығып, жұрттың ойлаған ойын табады екен. Кәдімгі өзіміздің Вольф Мессинг, Карл Николаевтар сияқты сахнадан кез келген адамды шақырып алады да одан бір жұмысты атқаруға бұйрық бер деп өтінеді. (мәселен, стаканға су құйып ішу, залда отырған біреудін сағатын шешіп, екінші біреудің қалтасына салу, орындықты көтеріп екінші жерге қою т. с. с.). Бұйрық беретін кісі артистің оң білегінен ұстайды да, ойша бұйрық береді. Артист бұйрық берген жаққа қозғалады. Сол кезде бұйрық етуші өзінің мақсатын дұрыс орындату үшін қайталап бұйыра береді. Артист ойша берілген бұйрықты сөзбен айтқандай түсініп орындап шығады екен. Бұрын талай көргенмен көңілі онша толмайтын Қайрат бұл жолы артистің ғажап ойынын ерекше құштарлана бақылады. Содан кейін ол артисті лабораторияға алып келіп, бірнеше тәжірибе жүргізген. Оған профессор Садықов та қатысып отырды. Сеанстар түгел дерлік тамаша нәтиже берді. Цирк артисі Карбуж адам ойын шынында да оқи алатын болып шықты. Лабораторияның барлық қызметкерлері таң қалысты. Міне қазір профессор сол жайға қайта оралып отыр. Алғашқыда сен бір алаяқты алып келіп, бәрімізді жас баладай алдап соқтың деп ұрысқалы отыр ма деп қалған Қайрат профессордын байсалды жүзіне көз салып көңілі орнына түсті. Енді байқаса кабинетте тағы бір екі физик отыр екен. Есіктен Жәмила кірді. Бірден суырыла сөйлеп кетуге ыңғайсызданып отырған Қайрат жұмған аузын ашпады. Тек жыпылықтап профессорға қарай береді. Профессор өзінің сұрағын қайталап:
— Біздің лабораторияда Саурықовтың биотелефоны жөнінде неше қилы сөз гулейді. Соның өзі не нәрсе? Аспирант Саурықов сол жөнінде баяндап берсін, — деді.
Қарт физик Коломиец профессордың сөзіне бас шұлғып «ия сөйтсін» дегендей мақұлдап ишарат білдірді. Аға лаборант Жәмила Дәулетова күлім-күлім етіп Қайратқа көзін қысты.
— Биотелефон жөнінде баяндаудан бұрын,— деді Қайрат,— цирк артисімен жасаған тәжірибеміз жөнінде пікір алыссақ. Өйткені, біздің қызметкерлер арасында алыпқашты сөздер туып жүр. Осы жөнінде жолдас профессор сіздің пікіріңіз қандай?
— Тәжірибеде ешбір мін жоқ,— деді Садықов. Бірақ соның биотолқындар күші екеніне шүбәм бар. Меніңше Карбуждың биотолқын қабылдайтындай қабиілеті жоқ. Онда логикалық жұмбақтарды шешетін қабілет бар сияқты. Сіздер жұмбақты шешер кездегі оның бет әлпетіне назар аударып көрдіңіздер ме? Ол үнемі шытырман ой арпалысында жүреді ғой.
— Иә, иә,— деді Коломиец,— ол бұйрық беруші адамды білегінен ұстатып жүруінде де бір сыр бар. Өйткені, адамзат баласының нерв жүйесі өте нәзік қой. Бәлкім Карбуж жүріп келе жатқанда бұйрық беруші адам өз ойын тамыр соғысы арқылы білдіріп қоюы ғажап емес.
— Рұхсат болса,—деп олардың сөзін Жәмила бөлді. Меніңше, мәселе тек Карбуждың басында емес. Таяуда мен Москвада болғанда Карл Николаев деген артистің ойынын көріп едім. Ол кейбір сеанстарда кісінің ойын білегінен ұстатпай-ақ табады екен. Тамыр соғысын қалай естіді ол сонда?
— Кейбір адамдарда екінші біреудің ішкі сезім толғанысын да түсінетін қабілет болады,— деп Коломиец беріле қоймады. Қарл Николаевты және Мессингті мен де білемін. Олар тапсырма беруші адамның аяқ алып жүруіне, іркілу-іркілмеуіне, дем шығаруына күшті назар аударатын сияқты. Тіпті ол адамдардың жүрек соғысын да ести ме қайдам. Бұған таңданудың ешбір реті жоқ. Өйткені, адам тұрмақ қарапайым жәндіктердің басында да мың-миллион сезімталдық қасиет бар емес пе?
— Әрине, жарқанат шығаратын ультрадыбыстарды, балықтың үндерін біздің құлағымыздың естімейтіні рас,— деді бағанадан бері сөзге араласпай отырған Қайрат. Сонда сіздің ойыңызша, адамдар жиілігі түрліше толқындар шығарып қатынас жасайтын болғаны ма?
— Бұл жағын зерттеу керек,— деді Садықов. Қандай толқын болмасын ол биологиялық толқын. Ультра мейлі инфра, мейлі басқа бір адам баласына белгісіз жиіліктегі толқын болсын, оның шығатын көзі болуға тиіс. Ал қазіргі зерттеулерге қарағанда адам миының ондай күш-қуатты толқын көзі болуына ешбір дәлел жоқ.
Қайрат орнынан тұра келді.
— Жүріңіздер, мен сіздерге бір қызық көрсетейін. Биотелефон жөнінде де сол жерде жауап берейін.
Профессор күлімсіреп орнынан тұрды.
— Қайраттың жұлқына тұруына қарағанда біздің лабораторияда бір үлкен ғылыми төңкеріс болып жүрмесін.
— Ия, сөйтпесе игі еді,— деп шаншып алды Жәмила.
Барлығы түрегелді де дабырласа күліп, Қайратты түрткілеп алдарына түсірді. Қайрат бұларды өзінің бөлмесіне алып келді.
Лабораторияның сырт көрінісінде таңданатындай ешнәрсе жоқ екен. Кәдімгі физикалық лаборатория. Төр алдында осдилограф оның жанында потенциометр, шағын реостаттар. Бір жерде параллель жалғанған тізбек. Бірақ сол жақта үлкен қара жамылғының астында тумба стол тұр. Ол қара жамылғыш арқылы екінші фотолаборатория тәріздес шағын бөлмеге жалғасыпты. Столдың үстіңгі жағынан жиілігі жоғары ток генераторы төніп тұр. Қайрат столына отырды да астыңғы жағынан екі шыны қобдиша көтеріп алды. Қобдишалардьщ ішінде екі бақа жатыр.
— Менің, биотелефон деп жүргенім міне. Дұрыстап айтсам бұл биотелефон емес, биотелеграф. Қазір мен сіздерге оны дәлелдеп көрсетем,— деді ол. Ол қобдишаның біреуін столға қойды. Оны электр тізбекке жалғады. Вольтметрді тексеріп жөндеп шықты. Реостаттың құлағын сол жаққа қарай шегіндірді. Бақалар тұяқ серппей тып-тыныш жатыр. Ал екінші қобдишаны Қайрат Жәмиланың қолына ұстатты.
— Ал енді қараңыздар, қолдағы қобдиша электр тізбегінен оқшау тұр. Керек десеңіз сыртқы қабығы да изолятор. Мен столдағы қобдишаға ток жіберемін. Ол мына бақаны соғады. Сол кезде сіздер Жәмиланың қолыңдағы бақаға қарап тұрыңыздар.
Қайрат ток көзін қосты. Вольтметрдің жебесі ойнақшып, осцилографтың жасыл экранында құбылма толқынды сызықтар пайда болды. Бір кезде ток жалғасқан қобдишаның ішіндегі бақа тыпыр-тыпыр етті. Барлығы Жәмиланың қолына қарады. Бақа алғашында тыныш жатты.
Содан кейін басын көтерді де атып тұрып, шоршып кетті. Қобдишаның қабырғасына соғылып жалпасынан түсті. Қайта шоршыды. Осы кезде Қайрат ток көзін ажыратып жіберді. Бақа жанталасқан мінезін қоя қойды. Көзі жылтырап сұлық жатып қалды. Тәжірибе осылайша бірнеше қайталанды.
Профессор Садықов электр тізбегін, қобдишаларды жан-жақты зерттеп шықты. Бәрі де дұрыс. Коломиец қайран боп тұр. Жәмила өзінің таңданған кейіпін жасыра алмағандай.
— Тәжірибеңнің түрі осы ма — деді профессор біраз үнсіздіктен кейін.
— Сіздің қандай қарсы дау айтайын деп тұрғаңызды сезіп тұрмын,— деді Қайрат. Ток соққан бақаның нерв жүйесі ауада тербеліс тудырды. Ол екінші бақаға берілді демекшісіз ғой. Ендеше мына тәжірибені қараңыз.
Қайрат қараңғы бөлменің ішінен ағаш жәшік алып шықты. Ішінде білектей жылан жатыр екен.
Сырт жақтан біз жыланды көреміз, ал жылан бізді көрмейді деп түсіндірді Қайрат. Содан кейін ол кішкене шыны сауыт алды да оған бір бақа отырғызды. Сауытты жәшіктің есік жағынан апарып ақырын кіргізді. Алғашқы сәтте жылан сұлық тыныш жатты. Содан кейін жәшіктің ішінде сумаңдап, тілін жалақтатып жүре бастады. Бақа тым-тырыс. Жылан шыны сауытты тілімен екі-үш рет жалап етіп, иығымен соқты. Содан кейін сауытқа орала бастады. Бақа шыдай алмаған болу керек, сауыттың ішінен шоршып атып шықты. Тұрғандардың бір көзі жылан арбаған бақада болса, екінші көзі Жәмиланың қолында. Кенет ешқандай қауіп төнбеген, қаннен-қаперсіз жатқан әлгі бақа дөңбекшіп аунап түсті. Тырбаңдап қобдишаның екінші жағына қашты. Жылан осы кезде екінші бақаны жұтып жатқан еді...
«Ақбөкен» ракетасы космос әлемін бетке алып жерден ұшып шыққанына екінші күн. Космонавтар спутник станцияда бірер сағат дем алып Юпитер планетасына беттеп барады. «Ақбөкеннің» бортында космос биологиясынан жазған еңбектері дүние жүзі ғалымдарынан үлкен баға алған жас ғылым докторы, әйгілі академик Қайрат Саурықов отыр. Қолында өзінің перзенті биотелефон. Ол биотелефонды алды да басына киді. Көз алдына жерде қалған туыстары, сүйікті жары, балалары елестеді. Жүрегі тулап қоя берді. Осы кезде биотелефон да жұмыс істеп, жасыл оттары жыпылықтап жанды. Қолындағы экраннаня Қайрат жауап оттарды көрді. «Мен туралы олар да ойлап отыр екен ғой. «Гүлжан деп іштей сыбырлады ол. Естимісің сен мені, менің жағдайым жақсы, көңілім қуанышты, сендер қалайсыңдар?»
«Жаным, сүйіктім, естідім жүрегіңнің дүрсілін. Біз де аманбыз. Алаңдамай дұрыс барып қайт».
Осы кезде кабинаның есігі ашылып, борт радист кіріп келді. Жолдас Саурықов мен абайсызда сіздің бір жақын адамыңыздан биотелефонограмма қабылдадым. Мінеки ол деп Қайраттың алдына тастай салды. Қайрат қағаздан жаңа ғана өзі Гүлжанмен сөйлескен сөздерді оқыды. Іштей мәз болып күлді.
Баяғыда ата тегіміз «адам бірін-бірі жүрекпен ұғынысады» деуші еді. Дұрыс екен-ау, сол, ә...»
Қайрат дәл қазір өзінің лабораториясында отыр. Оның жүрегі әлде неге елегізіп тулайды. Оны мен естіп отырмын. Оған жауап ретінде менің де жүрегім дүрс-дүрс етті.
— Қайрат, мен сенің қиялыңды естідім. Сен мені естисің бе?

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Талап Сұлтанбеков Жүрек тулайды туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Талап Сұлтанбеков Жүрек тулайды на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке