Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сарбазым кетіп арадан,
Қайғыға батты бар адам.
Ауру, әлсіз, жетімге,
Жан еді көп қараған.
Содыр жолын қоймайтын,
Жақсыларды қолдайтын.
Жанындай жақсы көретін,
Социалистік жолды айқын.
Алты қанат ақ ордам,
Шаңырағы шағылды-ай.
«Жетім-жесір» деген ат,
Бізге де келіп тағылды-ай.
О, дүние, арман-ай,
Рақымсыз ажал алғаны-ай!
Ешкімге опа бермеген,
Опасы жоқ жалған-ай!
Өмір бойы жалғасар,
Таусылмас мәңгі арман-ай!
Айналайын арысым,....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.....
Өлеңдер
Толық

Ораза туралы 5 аңыз

Ораза кезінде адамға психоэмоционалды, рухани және сарапшы қолдауы қажет. Алғаш ниеттенген адамдарда оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі, ораза кезінде және одан кейін қандай сезімде болатындығы туралы сұрақтар туындауы мүмкін. Қалыптасқан әртүрлі аңыздарды ысырып тастап, кәсіби мамандардан жауап алған дұрыс. Осы орайда Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекеновамен әңгімелескен едік.

Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Биология | Сүйек сынға шыққан соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Рефераттар
Толық

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)

Ерекше даусымен миллиондаған жанның жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген соңғы кездері сахнаға боянып шығып жүр. Димаштың бұл образын қазақстандық көрермендер сынға алып, ер жігіт үшін әсіре боянудың артық екенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

ОҚО-да қызметтік көлікпен табиғат аясында демалған полицейлер жұртты шошытты (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Жаңалықтар
Толық