Экономика | Қазақстан Республикасында банк банкингінің даму тенденцияларын талдау

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса бастады. Сол кезде елімізде экономикалық жүйемізде « кәсіпкерлік » түсінігі пайда болды. Әлемдік тәжірбие мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылуы әлемдік экономиканың кең өріс алуына және де дүние жүзі бойынша сауданың дамуына бет бұрыс жасады.Соның нәтижесінде индустриялы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны айқын. Осыған орай елімізге инвесторларды тарту , сол арқылы кәсіпорындарды дамыту жүйесі көзделді. Алайда, ол өз жетістігі бола тұра, көптеген қиыншылықтарға тап болды. Сол қиыншылықтардың шешімін табу үшін елімізде көптеген шаралар қабылданды. Бірақ ол шаралар бізге ешқандай жетістіктер бере алмады. Кәсіпорындарды дамытуда оның құрылу негізін, бәселестерін, нарықта сұранысын зерттеу қажет. Бұл факторлар бізге қажет болғанмен де , әлемдік ақпарат жүйесінің жоғарғы қарқынмен дамуы бізге көптеген мүмкіндіктер беруде . Сол үшін де кәсіпорын қызметін жетік меңгергеніміз жөн ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу

Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компонеттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысы ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі мміндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді.
Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:
1 жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр. Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі

Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік бюджетті реттеу аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Қаржылар қоғам және жекелген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.
Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады. Атқарушы билік мемлекеттік бюджеттің кіріс - шығысын жүзеге асыру қызметін өзі орындап отыр.
Демек, мемлекеттік бюджетті реттеу атқарушы биліктің құзыретінде қалып отыр. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік реттеу жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан экономикасында шағын бизнестің орны

Шағын бизнес базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын бизнес, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, бизнес экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймады, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамыуында оның тұрақтығылының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын бизнестің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.
Шағын кәсіпорындар экономиканы қайта құру қарқының жеделтездетіп, шығының тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.
Бизнеске қатысына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі:шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта бизнес бастан кешіріп отырған ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік фирмалардың даму

Экономикалық процестердің жандануы тауар өндірісін индустриализациялау негізінде объективті түрде кәсіпкерліктің дамуына алып келеді.
Кәсіпкерлік фирмалар қазіргі кезде қоғам процесін экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы.
Кәсіпкерлік фирмалар – ірі көлемдегі бастапқы инвестицияны талап етпейді, және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына
еркіндік бере отырып, экономиканың қайта құрылымдық проблемаларын жылдам және тиімді шешуге қабілетті.
Кәсіпкерлік фирмалар нарық коньюктурасының өзгерістерін шұғыл қабылдай отырып, экономикаға қажетті ормдылықты береді. Ол сұраныс пен ұсыныс өзгерістеріне тез бой бұрып, соның есебінде нарық тепе-теңдігін қамтамасыз ете отырып, экономикада бәсекелестік ортаның қалыптасуына мәнді мүмкінлік береді.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының экономикадағы атқаратын рөлі

Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр.
Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді.
Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының және сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шелетдік валютаны және шетелдік валютадағы сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйсі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізігі мақсаттарының бірі – бұл экономиканың нақты секторының жоғары бәсекелестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы проблеманы шешуде үлкен рөлді экономиканың қаржылық секторы атқарады, әсіресе банктік секторы.
Банктік сектор тауарлар мен қызметтердерді ұсынатын жоғары технологиялық және жоғарыбәсекелестік өндірістерді қажетті ақшалай ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мен банктер әр түрлі бағыттағы, ал кей кезде бір біріне қарама- қарсы мүдделерді ұстайды.
Өздерінің экономикалық мүдделерін сақтай отырып өндірістік қатынастарға түсуші жақтар бір бәрімен қарым- қатынастарға түсіп қарсыласқа түседі, бірақ оның нәтижесінде бір біріне жетістіктерге жету үшін объективті жағдайларын жасайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық