✅ 3 ай қабылдау қажет. Денсаулық көп ұзамай қалпына келеді. Бұл ғажап.
- Бізге керегі: 1 қызылша, 2 сәбіз, 1 алма. - Бәрін жуып, қабығын аршып, соковыжымалкадан өткіземіз де, шырынды бірден ішіп аламыз. - Шырынның дәмің ерекшелендіру үшін лайм немесе лимон қоссаңыз болады.
✅ Бұл ғажайып сусын, келесі аурулардың алдын алуға жақсы әсер береді: - қатерлі ісікті алдын ала емдейді. - бауыр, бүйрек және ұйқы безін түрлі аурулардан сақтайды, оған қоса ойық жараны (язва) емдеуге көмектеседі. 3. Өкпеге пайдалы, жүректің түрлі ауруларға шалдығуына және жоғары қан қысымынан сақтайды. 4. Иммунитетті күшейтеді.......
Инсульт – мидағы қан тамырларының қызметінің кенеттен бұзылып, миға қанның құйылуы. Оның әсерінен мидың қан тамыршалары бітеледі, ал бұл қанның ұюына әкеп соқтырады. Жыл сайын миға қан құйылуы салдарынан миллиондаған адам қаза табады. Инсульт алған адамды дереу құтқармаса, салданып (паралич) қалуы мүмкін. Және құтқаруға сіздің үш-ақ сағат уақытыңыз бар.
Бүгінгі жазбамыздан инсульттің алғашқы белгілерімен таныс боласыздар. Инсультпен ауырып тұрған адамның күйін мынадай 4 қарапайым белгіcі арқылы тануға болады. ......
Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі.Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты.Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады. Платформалар облыстарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстарда көбнесе рудасыз қазбалар қалыптасады. 1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір бассенінің өнеркәсіптік мүмкіндігі анықталады. Содан бері Қазақстанның геологтары пайдалы кендерді ашып жоспарлы зерттеу жөнінде зор жұмыстар жүргізді. Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз. Мұнай мен газдың қоры Атырау, Ақтөбе және Орал облыстарында шоғызланған. Мұнай фантаны бірінші рет 1911 жылы Жайық-Жем бассенніндегі Доссор жерінде атқылады. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегінде Өзен және Жетібай қосылады. Кейін олардан аса зор Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңқияқ пен Жаңа жол (Ақтөбе облысы), және Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) кен орындары ашылды. ....
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады. Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем. Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы. Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық. Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз. Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат. Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады. Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері. Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз: Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым. Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты. Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар. Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары. Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады: ....
Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде жергілікті бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, дансаулық сақтау, әлеуметтік сала) қамтамасыз етіледі. Құндылық бөлудің айырықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады: 1. Бөлулік қарым – қатынастың айырықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған; 2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс - әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған; 3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады; 4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады; 5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік, оның ішінде жергілікті бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалдық – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым – қатынас материалдық түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді. ....
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі. Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік. Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі: I. Резидент-заңды тұлғалар үшін: • Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған); • Статистикалық карточка; • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; • СТТН көшірмесі • Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз; • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана); • Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН; • Банктік шот ашу туралы өтініш; • Банктік шот туралы келісім-шарт. ІІ. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін: • Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған); • Статистикалық карточка; • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі; • СТТН көшірмесі; • Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі; • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана; • Жеке куәлігі (көшірмесі); • Банктік шот ашу туралы өтініш; ....
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы ең маңызды және қажетті құбылыс.Сондықтанда менің таңдаған тақырыбым «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды болып келеді. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр. Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған. Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті. 2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде. 2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған. Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады. Республикадағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен халықтың өмір сүру деңгейінде білінеді. Нарықтық реформаның бірнеше жылдық тәжірибесі меншікті өзгерту, шаруашылық құрылымдар жүйесін құрудың тиімділігін көрсетті. Сол уақытта әлеуметтік-экономикалық жагдайдың басымдығы жарлылық ахуалының күрделіленуіне әкеліп соқты. Қазақстанның өтпелі экономикасында реформалық өзгерістер, жұмыссыздық, әлеуметтік ауқымдағы терең қозғалыстар және т.б. жатады.Жоғарыда айтылған мәселелер менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «ҚР-дағы экономикалық өсу» өте актуальды екенін білдіреді ....
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай жүзеге асыру қылмысты ic-әрекеттiң өзiн жоюғa, қайсыбiр жағ-дайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты iстеудi дайындауға немесе жүзеге acыpyғa мүмкiндiк бередi. Қылмыс - бiр адам apқылы немесе бiрнеше адамның бiрле¬cyi арқылы iстелуi мүмкін. Бiрнеше адамның қылмыс iстeyiнiң нәтижесiнде iстелген қылмыстың мәнi, одан туындайтын зиянның мөлшерi де жеке дара адам iстeгeн қылмысқа қарағанда едәуiр өзгередi және мұндайда қылмыс icтeгeнi үшiн жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттiлiгi туын¬дайды. Қылмысқa қатысуда ic-әрекет пен қылмытың зардабының өзара байланысының жеке адамның iстeгeн қылмысына қара¬ғaнда өз ерекшелiгi бар. Қьлмысқа қатысуда қылмыстың зарда¬бы мен орындаушылардың немесе бiрге орындаушылардың ic-әрекеттерi ғaнa байланысты болады. Айдап салушы, көмекте¬сушi, кейде ұйымдастырушы тiкелей зиян келтiрмейдi. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепшi болады. Мұндай себепшi болу қылмысты тiкелей орындаушығa оның қылмыс iстeyre деген шешiмiн қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтiк жағынан алғaнда қылмысқа қатысу барлық қаты¬сушылардың қылмысты қасақана icтeгeнiн бiлдiредi. Қылмысқа қатысушылардың әрқaйсысының ниетінің мазмұ¬нына орындаушының iстейтiн қылмысының қoғaмғa зиянды¬лығының мәнiciн сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жал¬ғыз өзiнiң емес, басқалардың әpeкeтiмeн бiрге жасайтын мән ¬жайларды сезiнyi шарт. ....
Балықты көлінің орналасуы мен тарихы Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық паркі Батыс Тянь - Шаньның солтүстік бөлімінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы, 26 - қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлдің тереңдегі 16 - 17 метр. Балықты көлінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекенінде орналасқан. Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансиясынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан. Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар. Біздің ата - бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен......
Үлкен емес кәсіпорындарда қаржылық директордың рөлін әдетте бас бухгалтер атқарады. Қаржылық менеджменттің жұмысында басты, ол оның фирманы басқарудағы жоғарғы буыны жұмысының бөлігі болып немесе оған қаржылық сипаттағы басқару шешімдерінің қабылдану үшін қажетті сараптамалық ақпаратты берумен байланыстылығы табылады.Фирма басқарудың ұйымдастушылық құрылымына байланыссыз қаржылық мәселелерді талдауына жауап береді. Кез-келген ірілеу компания белгілі-бір дәрежеде қаржылық рынокпен байланысты; бұл байланыс көп түрлі, өйткені компания әр түрлі жағдайда болуы мүмкін; бағалы қағаздардың эмитенті, инвестор, қарыз алушы, лендер, алып сатушы болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржылық рыноктағы операциялар қаржылық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы ұғымның талдауына әр түрлі көз қарастар бар.Соның ішінде: қаржылық рынокта саудасы жүзеге асырылатын қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялауды көздейтін контрактыны білдіреді.Осылайша, қаржылық құралдарға акцияларды, облигация, фьючерстарды жатқызуға болады [ 11 ]. Қаржылық менеджменттің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі. Оларды үш топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды – сараптамалық және арнайы. Бірінші топқа несиелеу, ссудалық – қарыздық операциялар , кассалық және есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік операциялар,амортизациялық аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің жалпы логикасы олардың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады. Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау әдістері, үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша жасалған. Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың арнайы тәсілдері алады Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр, бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар, франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық құралдар жатыр. Қаржылық басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып қаржылық сипатты кез келген мәліметтер,соның ішінде бухгалтерлік есепті, қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің ақпаратын, тауарлық , қорлық және валюталық биржалардың мәліметтерін, өзге де ақпараттарды айтуға болады. ....