Жасуша өлуінің екі түрін ажыратамыз: нероз және апонтоз. Некроз жасушаның энергиясына және мембрананың өткізгіштігіне тікелей немесе жанама әсер ететін түрі химиялық немесе физикалық сыртқы факторлардың әсерлерден туындайды. Бұл жағдайларда жасушаның құрылысы мен қызметіне біртекті бұзылулар байқалады. Жасушаның құрамында келесі өзгерістер байқалады: мембраналық компоненттер ісінеді, АТФ синтезі, ақуыз, нуклеин қышқылдары синтезі, ДНК деградациясы, лизосомдық ферменттердің белсенділігі тоқтатылып, лизиске алып келеді....
Антогенез миханизімдеріне келесі процестер жатады:пролиферация немесе жасушалық көбейю (бөліну) ,миграция немесе жасушаның орын ауыструы,жасушалардың сұрыпталуы,олардың бағдарламасының жоюылуы (апаптоз). Жасушалрдың пролиферациясы-онтгенездегі манызды процесс.Бір жасушалы зиготанның, бөлінуі арқылы көп жасушалы ұрық дамиды.Бөліну ағзаның өсіуің қамтамасыз етеді.Жасушалардың пролиферациясы морфогенетикалық процестерді қам тамасыз етеді.Постнальды онтогенезде жасушалардың бөлінуінен зақымдалған мүшелердің зақымдалуы қайта құрылуы ,жанаруы, зақымдалған жердің жазылуы процесі жүреді.Жасушалар бөлінуі әртүрлі уақытта,әр жерде,әр түрлі қарқындылықпен процеспен жүреді,сол сияқты клональді сипаты болады және ол үнемі генетикалық бақылауда болады. ....
Жасуша эволюциясы. Жасуша – өмірдің элементарлық бірлігі. Жасушалық теория және оның тіршіліктану ғылымдарын дамытудағы рөлі. Клеткалық теорияның қазіргі жағдайы. Қарапайым биологиялық молекулалар. Полинуклеотидтер. Өзін - өзі реттеуші молекулалар. Полинуклеотидтерден пептидтерге ақпарат беру. Вирустар. Алғашқы жасуша. Микоплазмалар – тірі жасушалардағы қарапайымдысы. Метаболикалық процесстердің дамуы. Фотосинтез. Аэробты тотығу. Эукариоттық жасушалардың органеллалары. Митохондриялар. Хлоропласттар. Эндоплазматикалық ретикулум. Гольджи аппараты. Лизосомдар. Пероксисомдар. Цитоқаңқа. Қараппайым микроорганизмдер. Генетикалық материал жасушадан көп жасушалы ағзаға өтуі. Жоғары организмдердің жасушалары. Ішкі ортаны қорғау. Жасушааралық коммуникациялар. Қайта жасау аппараты. Омыртқалылар жасушалары....
Ядро. Ядро-өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды. Грекше “карион” ядро деген мағынаны білдіреді. Ядроның құрылысы күрделі. Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды (45-сурет). Ядро мембранасы құрылсы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады (46-сурет). Жасушаның бөлінуі кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді. ....
Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы 126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемелекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент – екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен [1]. ....
Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі. Мысалы, бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі — кедір-бұдырлығын анықтайды. Сонымен қатар, гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара қатынасының күрделі және әр түрлі сипатта болатындығын аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі бірнеше белгіге қатарынан әсер ете алатындығы, екіншіден, бір белгіні кейде бірнеше ген бірігіп анықтайтындығы, яғни бұл жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сонымен, организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі онтогенез (жеке даму) кезінде гендердің өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Гендердің өзара әрекеттесу құбылысының ашылуы генетиканың әрі қарай дамуында маңызды орын алды. Осы заңдылықтың негізінде ХІХ ғасырдың аяғында неміс биологы А.Вейсман ұсынған организмнің тұқым қуалайтын факторларының мозаикасы (алалығы) туралы ұғым теріске шығарылды. Оның орнына организмнің кез келген белгісінің дамуы барысында генотип жүйесіндегі күрделі байланыстар мен өзара әрекеттесу туралы мәселе көтеріледі. Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына әсер етеді. Мұндай құбылысты геннің жан-жақты әсері деп атайды. Гендердің жан-жақты әсерінің биохимиялық негізі біршама жақсы зерттелген. Бір геннің бақылауымен түзілетін бір белок — фермент тек жалғыз ғана белгінің дамуын анықтап қоймайды. Сонымен қатар басқа да белгілер мен қасиеттердің дамуына қатысты биосинтез реакцияларына әсер етеді. Гендердің жан-жақты әсері көптеген организмдерде кездеседі. Гендердің әрекеттесуінің екі түрі бар: аллельді және аллельді емес. Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға болады. Мысалы, қызыл және ақ түсті намазшамгүлдерді өзара будандастырғанда F1-де қызғылт түсті будан алынған. Сол сияқты қызыл раушангүл мен ақ раушангүлді будандастырғанда F2-де қызғылт түсті раушангүл алынды. Бұл екі аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мұндай жағдайда доминантты ген рецессивті генге басымдылық көрсетеді.Ал, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің төрт типі бар: комплементарлы, эпистаз, полимерия және көп аллельдік. Комплементарлы. Комплементарлы деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы, көгілдір қауырсынды тотықұсты сары қауырсынды тотықұспен будандастырса, бірінші ұрпақтың (F1-дің) будандары біркелкі жасыл қауырсынды болып шығады. Оларды өзара будандастырғанда екінші ұрпақта — F2-де төрт түрлі фенотип көрініс береді. Атап айтқанда, 9 жасыл түсті, 3 көгілдір, 3 сары және 1 ақ қауырсынды ұрпақтар алынады. 117-суреттегі екінші ұрпақ дарақтарының генотипіне назар аударсақ, бұл будандастыруға екі жұп аллельді емес гендердің қатысатындығын байқауға болады. А гені — қауырсынның көгілдір түсін, ал В гені сары түсті болуын анықтаса, олардың рецессивті а және b аллельдері қауырсынның ақ түсті болуын анықтайды.....
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды.....
Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”. Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар. Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі. “Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”. Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді. Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін... “Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, « табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше. Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде. 1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар, әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған. Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер түсірілген. ....