Жеңеше (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам табылмас ексем жерге.
Намаздыгер, намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.

А-а-ай, жеңеше-ай.
Мінезің сенің өзгеше-ай......
Өлеңдер
Толық

Жас дәурен (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мен шықтым кешке қарай самалдарға,
Сөз айтпа қадыр білмес жамандарға.
Жас күнде арыстандай айбарлы едім,
Қартайып жас жеткен соң, амал бар ма.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай......
Өлеңдер
Толық

Жарыста (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ерлік, еңбек, оқу, мектеп –
Біздің өмір жалғасқан.
Ол негізім шығар көктеп,
Тәрбие, үлгі алмасқан.

Колхоз, совхоз ен далада,
Жаңа құрылыс алыптар.
Машина, өнер екпінді іспен
Сүйре, ілгері алып бар......
Өлеңдер
Толық

Жариям-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жеміс.
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай......
Өлеңдер
Толық

Жан қалқатай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дәйім менің мінгенім көгілдірік, көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар, құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.

Аққұйрық шай, бозжорға тай,
Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай......
Өлеңдер
Толық

Еркем-ай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.

Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.

Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай......
Өлеңдер
Толық

Еркем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын......
Өлеңдер
Толық

Ей, қалқа (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ей, қалқа, ғашық болдым жамалыңа,
Қызықпас кімдер көрсе ажарыңа.
Құрбым деп нәсілім теңдес сөз айтқанда,
Тигізбе қатты жауап назарыма.

[Қайырмасы]
Алалым, міне, қызық заманым......
Өлеңдер
Толық

Ей, бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Құла кермен аулыңа аяңдайын,
Жүрсек сырын өзіңе баяндайын.
Ұға алмасаң жүректің ләззатын,
Жан сәулем деп айтудан аялдаймын.

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай......
Өлеңдер
Толық

Ей, Ақмарал (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,
Жасымнан еркеледім емін-еркін.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Келмейді тұрсам күлкім-ей, жатсам ұйқым,
Сіңірмес ішкен асты сенің дертің......
Өлеңдер
Толық