Отан қорғау- басты міндет

Мемлекетіміздің кең - байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сонау ғұн, сақ заманынан бері ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп, ұлтарақтай бөлігі үшін жан алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бойынша 9-орындамыз.......
Шығармалар
Толық

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70жыл бойы Кеңес үкіметінің қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп , болашағы мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік. Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дана да дана жан алға суырылып шықты.......
Шығармалар
Толық

Отан - баға жетпес сый

Патриотизм - Отанға, туған өлкеге деген махаббат, туған жердің өсиеттеріне адал болу. Осы қасиет әр бір қазақтың бойында болса, басымызды тік ұстап, “тек алға” деген ұранмен болашаққа қарауымыз керек. Кез келген адам өзінің ата-бабасы мен қасиетті қазақ қаны, туған өлкемен байланыстырады. Отаншылдық – өзінің халқына, еліне деген адалдық сезім. Біз, кейінгі ұрпақ, қазақ жері қолымызға бабаларымыздың өмірімен, аналарымыздың зарымен, сол кездегі жасөспірімдердің балалық шағын айыр бастауымен келген екенін білеміз.......
Шығармалар
Толық

Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып , мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері даусыз.......
Шығармалар
Толық

Менің елім-Қазақстан!

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Шығармалар
Толық

Елім деп соғар жүрегім

Мен-патриотпын ! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды , отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата-ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап.......
Шығармалар
Толық

Туған жер – тұғырың

Елді сүю, туған жерді сүю – батырға да, ақынға да, қарапайым халыққа да тән қасиет. Кез-келген адам өз ата-анасын, туған жерін, туған тілін, дінін, салт-дәстүрін сүйіп өседі . Бұл қасиет- бізге ананың сүтінен, атаның қанынан өткен қазаққа тән қасиет.
Мен Маңғыстау өңірінде, Жаңаөзен қаласында өмірге келіппін. Кез-келген балаға тән қасиет, әр балаға өз туған жері “керемет”, “ғажап” болып көрінеді. Мағжан ата өз туған жері Сарыарқаны жырға қосып, сүйіспеншілігін білдірсе, мен де өз туған жерім Маңғыстауды шексіз сүйемін.......
Шығармалар
Толық

Менің Қазақстаным

Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел - Қазақстан. Қазақстан - бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол – менің елім! Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты – үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар. Неге болмасын?!
«Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бабаларымның асау арманы,жанын жаншыған намысы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп жатты. Ол арман–шексіз-шетсіз жатқан осынау табиғаттың берген сыйына көз алартқандардың отаршылдық саясатынан құтылу еді. Ол жол – Сырым, Жоламан, Қасым, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Барақ бастаған және 1916 жылғы көтерілісшілер басшыларының заңды наразылықтарын тудырды.......
Шығармалар
Толық

Менің кішкентай Отаным

Туған жер – адам өмірінде ең үлкен орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: мен үшін туған ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін қымбат жер Қызылөзен селосынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Сол кезде ол маған өте үлкен болып көрінетін . Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ теңіз жағасында серуендеп жүретін адамдар көп болатын.. Қазір үлкейдім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше
– менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.......
Шығармалар
Толық

Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт – дәстүр, әдет-ғұрып ұғымы тек қазаққа ғана емес барлық ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтың қанына сіңген қасиеттері: бауырмалдығы мен ақжарқындығы, қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс табады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Біздің елімізде салтты қатаң сақтау ерте кездерден бастау алған......
Шығармалар
Толық