Мен Қазақстанның патриотымын

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ж. Молдағалиев
Бізге, иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол - өлең, ол - ән, ол – сұлулық , ол – асқақ арман, ол - шалқыған дәулет, көркейген сәулет!
Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында, жастарымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да жаршысы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.......
Шығармалар
Толық

Жарты жаңқам қалғанша, мен сенікі!

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
«Құдай деген кім десе, Отан дер ем!»
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
М.Мақатаев
Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Қазақстан, Азияның кіндік тұсындағы ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
Шығармалар
Толық

Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.

«Ұлы болу оңай, ұлылардың
ұрпағы болу одан да қиын»
Халық даналығы
Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы көруің керек.......
Шығармалар
Толық

Ауылымның тарихы

Отан! Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі – көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Осы күнге жеткізген біздің ата-бабамызға мың алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-бабаларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді мұра етіп қалдырды. Бұл жасаған ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек, біз, болашақтар өз еліміздің тарихын да біліп, құрметтеуіміз керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы айтқым келеді.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық батырлар ерлігі

Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, Азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысының рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіретімен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.......
Шығармалар
Толық

Патриотттық тақырыптағы шығарма

Сынға түскен екіұдай тұста мына,
Қарамайды ол бақытқа, бас қамына.
Лайық ол, байқасаң, қазақ түгіл,
Әлемді де әдемі басқаруға!
Ғ. Қайырбеков
Менің туған жерім – Керей мен Жәнібек бабаларымыз қалаған қазақ жері. Қарға тамырлы қазақ халқының көздің қарашығындай сақтаған осынау қасиетті мекені ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Сол себепті де, осындай алып Отанды сүйіп өту - кімге де болсын қасиетті парыз, абыройлы міндет.Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Бұл шексіз махаббатты туған анаңа, асқар таудай әкеңе деген махаббатпен теңестіруге болады. ......
Шығармалар
Толық

Мен өз елімнің патриотымын!

Өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Айбек. Мен 8 жастамын. Осы күнге дейін кен байтақ Отанымның барлық жерімен таныспасамда , теледидар арқылы және анамның әңгімелері арқылы білемін. Отан үйден басталады демекші , мен өз үйімді, мектебімді, туған өлкемді қатты жақсы көремін. Нағашы жұртыма қонаққа барғанда да, үйімдегі күшігім, мысығым не болды екен деп, достарым не істеп жүр екен деп ойлап жүремін. Әкем секілді болашақта балуан ер жігіт болып, әскер қатарында қызмет атқарғым келеді. ......
Шығармалар
Толық

Біз елдің бөлшегіміз

Кіші жастан бастап-ақ біз Қазақстан Отанымыздың қадірін арттыруға үлкен үлес қосуымыз керек. Елімізді биік шындарға жетелуін әрбір азаматтың абыройы деп саналады. Бойында намысы бар патриот адам - ең бірінші кезекке өзінің елінің гүлденуіне үлкен үміт етіп қалауда.
Әр күн сайын бір ғажап тосудамыз. Әр күн тылсым жұмыстамыз. Тек отбасы арасында ғана тыныштық таба алатындай сияқтымыз. Бұл рахат қой, үйде тосқан адам болғанда! Өзін ғана емес, қоршаған адамдардың жарығын отындай жандырасын. Оты жанбаған жансыздар да бар. Олар дүниедегі тылсым ағыстағы ағаш жапырағы. Әлі қурап кететінін білмейтін бір ағза. Олай болса да, үлкен дүниенің бөлшегі ғой! Соңына дейін ағаш бұтағындағы салбырап жүрген жапырақ,......
Шығармалар
Толық

Мен-Қазақстанның патриотымын

Менің туған жерім – ұлаңғайыр, байтақ, кең жазира Қазақстан. Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр бар.Туған жер дегенде жүрегім дүр-дүр соғып, елге, жерге деген нәзік сезім пайда болады.Осы патриоттық сезім әр адам үшін алтындай бағасыз, маңызды.
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарына кіру.......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік Ел

Бүгінде кез келген Қазақстан азаматы ауыз толтырып мақтанышпен айтатын мәселелер жетерлік. Ең бірінші мақтанышымыз – тәуелсіздігіміз. Оған ата-баба, аға ұрпақтарымыз қасық қандары қалғанша арпалысқан еді. Бүгінде бұл ерліктері бүкіл ел шеңберінде еске алынып, аталып өтуде. Шаңырағымыз шайқалмай, бүгінде бейбіт дамып келе жатқан ұлы еліміз - тәуелсіздігіміздің нышаны.
Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, ......
Шығармалар
Толық