Тәуелсіздік толғауы

Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Ол күндер мәңгі есте сақталады…
Жалған өмір... Сұрапыл соғыс... Сұм ажал... Бұл үш құбылыс талайды тірідей жетім аттандырып, біреудің бал балалық шағын күл-талқан етіп, енді бірінің бейбіт тіршілігін түзелместей етіп жойды. Әрине, өмірдің дегені болады, ал, ажалдың бізді қашан жалмап әкетері бір Жаратқанға ғана мәлім. Соғыс ше?.. Оның алдын алу, болдырмау өз қолымызда емес пе? Жер бетін жалмап, аузын айдаһарша ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жоюға жанталасқан азапты қырғын – екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс жайлы сөз болғанда еріксіз терең ойға батамыз. Сондағы ең алғаш көз алдымызға келетін көрініс: танк пен қарудың құлақ тесер шуылы, бала-шаға мен қатын-қалаштың ауыр зары, ерлердің майданда селдей аққан қаны мен күйреп біткен шаңырақ... Осы ауыр да азап көрініс көз алдымыздан кетіп, мұңға толы естелікке айналған шақта, көп арам шөптің ішін жарып өскен ақ уызды гүл секілді, сол мұңға толы жылдардағы езуімізге күлкі үйіретін жайт – ата-баба жеңісі...
Ұлтымыздың, біздің жеңісіміз! Әр еске алған сайын ерекше күйге бөлейтін, жаннан қымбат тәуелсіздігіміздің қайнар көзі болған «Жеңіс күніне», міне, биыл 71 жыл толмақ......
Шығармалар
Толық

Мен соғысты жек көрем

Ұлы Отан Соғысын еске алсақ, көзімізге жас келіп, қорқынышты және аянышты көрініс елестейді. Бұл оқиға тарихта қызыл әріптермен жазылады, өйткені сол жылдары қаншама адамның қаны төгілді. Жалпы қазақ халқы басынан қаншама қайғылы және ауыр жайттарды басынан кешірген. Бұл біздің, яғни қазақтардың өте шыдамды халық екенімізді дәлелдейді. Сондықтан ата-бабамыз бізге аманат етіп қалдырып кеткен жерді сақтауымыз керек. Жоғарыда айтылып кеткендей, Ұлы Отан соғысында қаншама адамның қаны төгіліп, қаншама бейкүнә адам өмірінен айырылды. Қаншама қазақтың жас жігіттері соғысқа барып, өмірімен қош айтысты. Ал оның ата-аналары балаларысыз қалды. Тек соғысқа барған жауынгерлердің кей біреулері ғана қайтып оралды.
Сол қайтып оралғандардың арасында менің нағашы атамМұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы да бар. Мұғұжанов Мұхамедия Мұғыжанұлы-1918 жылы 23 ақпанда, Қарқаралы уезі Нұркен ауылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының Сарытерек ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Талғар Ауылшаруашылық Техникумына түсіп, оны 1936 жылы мамандығы бойынша Ақтоғай ауданында жұмыс істей бастады. 1942 жылы 12 ақпанда қызыл әскер қатарына шақырылды. Сол шақта Ұлы Отан соғысы болып жатқан кез еді. 1 айлық дайындықтан өтіп, 95 артиллерия дивизия құрамына қатардағы жауынгер болып қабылданды. 1943 жылдың қарашасында Украина әскери округіне 95 артиллерия дивизиясы құрылды. Дивизия командирлері: ......
Шығармалар
Толық

Болмасыншы еш соғыс

«Соғыс» деген сөзді естігенде жүрекке қорқыныш ұялатады.Сұрапыл соғыс кімді жылатпады, бала әкесінен, ана баласынан айырған кез еді. Ұлы Отан соғысынан көптеген адамдар дүниеден өткен дегенді естігенде жүрекке оқ болып қадалады. «Мен соғысты жек көремін!» - деп, Қайрат Жұмағалиев жырлағандай соғыс ешбір жанға жақсылық әкелмегендігі хақ. Қаншама ер- азаматтар, әкелер, ағалар өз Отандарын қорғау мақсатында арттарына қарамай жұбайларының жанарына, жас сәбилердің жалтаңдаған көздеріне ерік берместен соғысқа аттанып кете барды. Олар Отан үшін артқа қарамай, тек алға қарай ұмытылды. Ұлы Отан соғысы күннен – күнге, айдан – айға, жылдан – жылға созылып өрши түсті. Сол уақыттарда қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіргендіктеріне мойымай, қайта жаудың бетін қайтару үшін аянбай еңбек етті. Сұрапыл соғыста жүріп аштыққа да, суыққа да, қиыншылыққа да төзгендерін аталарымыздан естігенде, жаным түршігеді. Осы тұста ержүрек батырларымыздың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын аса мақтанышпен айта кетсем деймін. Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың ерліктерін бағалаймын.
Біздің ауылымыздан соғысқа қатысқан аталарымыз да болған екен. Атап кетер болсам; Жұманбаев Білал, Жексенбин Боранбай, Тілеубаев Баймұқат, Балажанов Сәтенбек тағы басқа да аталарымызды білемін.Сөйтіп 1945 жылы еліміз жеңіс туын желбіреткен екен. Соғысқа кеткен ер – азаматтардың ішінде аман – есен оралған адамдар да болған. Соғысқа қатысқан аталарымызға зор және ерекше құрмет көрсетіп, еске алып отыру біздің міндетіміз......
Шығармалар
Толық

Соғыс – күйретуші күш

Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
1941-1945 жылдар қазақ елі үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылдар арасында елді дүрліктірген Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс – күйретуші күш. Бірақ осы соғыс арқылы біз өз Отанымызды қорғап қалдық Осы соғыста қазақтың ұлы батырлары, яғни біздің ата-бабамыз біз үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды. Көбі қаза тауып, әрбіреуі мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.Түгелі болмаса да көбі осы ерлігі үшін ерекше сый-құрметке ие болды. Ұлы Отан соғысын еске түсірген кезде бірден ойымызға Рақымжан Қошқарбаев келеді. Рақымжан Қошқарбаев- Берлинге Рейхстаг қабырғасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тіккен қаһарман, қазақ жауынгері. Қошқарбаев сияқты қаһармандарымыздың арқасында біз қазіргі күнге жеттік. Батырларымыздың арасында тек қана ерлер емес, елі, жері үшін жанын беруге дайын қазақ қыздары да болған. Барлық батырларды айтып шығу мүмкін емес. Себебі, әрбір қазақ өз елі үшін бәріне де даяр. Бірақ Қазақстандықтан майданда ғана шайқасып қойған жоқ. Тылдағы халық жеңісті жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар күн демей, түн демей аямай еңбек етті.......
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық

Ерлік елге мұра

Соғыстың зардабы осы күнге дейін сыр беріп, жадымыздан өшер емес. Оның қамтыған аумағы, қаза болған адамның шектен тыс мөлшері бұрынсонды болып көрмеген. Шайқасқа қару алып қатысқандармен бірге елде қалған бейбіт адамдар да сол зұламаттың зардабын тартты. Ол кездің балалары балалықты ерте ұмытты, шыбық мініп, ат ойнаудың орнына, өгіздің тізгінін ұстады, елде қалған қарттармен, әйелдермен бірге таңның атысынан күннің батысына дейін табандары мен алақандары тілінгенше еңбек етті. Жеңісті жақындатты. Бүгінгі күні «соғыс» сөзінен гөрі «Жеңіс» сөзін ауызға жиі аламыз. Ол заңды да. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бұл күн-әділеттің әді-летсіздікті жеңген күн. Бұл күн бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын әрі қарай жалғастырып жатқан күн» деген еді. Ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қазақстандықтар Отанын қорғауға ұмтылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарында біздің жерлестеріміз жезқазған-дықтар белсене қатысты. Олардың қаны Москвадан-Берлинге, Прагадан-Қиыр Шығысқа дейінгі шайқастарда төгілген.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында майдан ұрысм даласында ғана емес, ең алыс ауылдарда да жүріп жатты. Совет халқы майданда шабуылға шықты, егіс даласында, шахталарда, завод пен фабрикада өздерінің бар қажыр-қайраттарын сарқып еңбек етті. «Тылдағы еңбек, майдандағы еңбеңтен кем бол-мады» деп тегін айтылмаған. Тылдағы ұрыс-ол таңның аты-сы, күннің батысы, уақытпен санаспай еткен еңбек. Отан мен халық алдындағы жауапкершіліктің жү-гі майдандағы солдаттардікінен кем болған жоқ. Барлық қазақстандықтар, жез-қазғандықтар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен өмір сү-ріп, еңбек етті. .....
Шығармалар
Толық

Сұм соғыс еш болмасын!

ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян. Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан......
Шығармалар
Толық

Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына

Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!
Жеңіс! Бейбітшілік! Бұл қандай керемет сөздер десеңші. Бұл сөздердің астарында ашық аспан, бейбіт өмір жатыр. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Фашистік идеология кеңес үкіметінде тұратын халықты саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірлеп, шабуылға шықты. Бірақ одан түк шықпады.
Қаншама халық бір тудың астынаб ірігіп, күштерін бір арнаға салды Сол кездегі Кеңес үкіметінің халқында Коммунистік партия мен үкіметтің саясатына деген наразылыққа жеткілікті негіздер болды. Бірақ қатерлі қауіп төнген кезде халық реніштерін ысырып тастады. Халықты қасіретті тағдырдың ортақтығы, елдің тәуелсіздігінен айырылу қатері, бір Отанның адамы екені, ата-баба рухы біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. ....
Шығармалар
Толық

Шын жеңіске жеткен елім

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз.Отан қорғауға ерлер мен әйел-дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молда- ғұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова жане Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз.1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі.
Ата – бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті.Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда..........
Шығармалар
Толық

Сұрапыл жылдар

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқдаусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қанша ма үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мәнкетіп,сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әрүйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Менің атам Жалбыров Жағыпар Жалбырұлы 1939жылы аттанған екен. .....
Шығармалар
Толық