Ерлік елге мұра

 Ерлік елге мұра

Есенгабулов Жандос
10 сынып, НЗМ ХББ Қарағанды қ. Қарағанды облысы
Жетекшісі: Абылбаева Б. А.

Соғыстың зардабы осы күнге дейін сыр беріп, жадымыздан өшер емес. Оның қамтыған аумағы, қаза болған адамның шектен тыс мөлшері бұрынсонды болып көрмеген. Шайқасқа қару алып қатысқандармен бірге елде қалған бейбіт адамдар да сол зұламаттың зардабын тартты. Ол кездің балалары балалықты ерте ұмытты, шыбық мініп, ат ойнаудың орнына, өгіздің тізгінін ұстады, елде қалған қарттармен, әйелдермен бірге таңның атысынан күннің батысына дейін табандары мен алақандары тілінгенше еңбек етті. Жеңісті жақындатты. Бүгінгі күні «соғыс» сөзінен гөрі «Жеңіс» сөзін ауызға жиі аламыз. Ол заңды да. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бұл күн-әділеттің әді-летсіздікті жеңген күн. Бұл күн бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын әрі қарай жалғастырып жатқан күн» деген еді. Ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қазақстандықтар Отанын қорғауға ұмтылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарында біздің жерлестеріміз жезқазған-дықтар белсене қатысты. Олардың қаны Москвадан-Берлинге, Прагадан-Қиыр Шығысқа дейінгі шайқастарда төгілген.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында майдан ұрысм даласында ғана емес, ең алыс ауылдарда да жүріп жатты. Совет халқы майданда шабуылға шықты, егіс даласында, шахталарда, завод пен фабрикада өздерінің бар қажыр-қайраттарын сарқып еңбек етті. «Тылдағы еңбек, майдандағы еңбеңтен кем бол-мады» деп тегін айтылмаған. Тылдағы ұрыс-ол таңның аты-сы, күннің батысы, уақытпен санаспай еткен еңбек. Отан мен халық алдындағы жауапкершіліктің жү-гі майдандағы солдаттардікінен кем болған жоқ. Барлық қазақстандықтар, жез-қазғандықтар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен өмір сү-ріп, еңбек етті. Соғыс жылдары газет бетінде жарық көрген майдангерлердің өз еңбектері туралы хаттарыны, тыл еңбеккерілерінің майданға еңбегі жетістіктері жайлы хаттарының тәрбиелік мәні зор болды. «Правда» газетінің 1943 жылғы 6 ақпандағы санында «Қазақ халқының майдангер қазақтарға арналған хаты» жарық көрді. Өзінің бас мақаласында бұл орталық баспасөз құралы, жеңімпаз Қызыл Армия қатарында ашықжарқын, ержүрек те сенімді қазақтар шайқасып жүр деп келе, газет майдангер қазақтардың ерліктерін баса атап өтеді.
Жау «олардың соққысының күшін біледі, олардың ызасы мен кегінің алдында жауды үрей билейді» деп жазды. «Қазақтар ұрыс даласында жақсы соғысуда, олардың ата-аналары, жұбайлары мен балалары тылда жақсы еңбек етуде. Қазақстан өз жерінің бар байлығымен, тауларының бар қазынасымен майданды алыптай ұстап тұр. Фашистердің қатарын сиреткен әрбір снарядта қазақ табиғатының бір бөлігі бар» деп, «Правда» газеті бар әлемге паш етті. Бұлтарихи шындық. Бұл бағаның жезқазғандықтолықтай қатысы бар. Жезқазғандықтардың майданға қосқан үлесі жайлы айтқанда, Отанға салынған жараны біздің әрқайсысымыз өз жүрегіміздің түпкірінде сезіндік. Міне, сон-дықтан жерлестеріміз ұрыс даласының барлық шебінде қасық қандары қалғанша өз Отанын қорғады. Отан қорғаушыларымыздың біраздары шейіт болып бауырластар зиратында жатыр. Лапылдаған оттың ішінде жүріп те алға қарай ұлтымызды мақсат еткен жауынгер батылдығының қайнар көзі-еліне деген сүйіспеншілігі, намысы. Бұл ерекшелік бүгінгі ұрпақ үшін қажет. Жезқазған Қарсақпайдан жасалған мина, гра-наттардың соғысқа пайдасы мол, оның қаншалықты қажетті болғанын бәріміз білеміз.
Ұлы Отан соғысындағы халқымыздың жеңісі тек біз үшін ғана емес барша адамзат баласы үшін маңызды. Жылжып жылдар, ғасырлар өтсе де жұмыр жерді адам баласы мекендеген кезеңде ғаламдағы қадау-қадау оқиғалардың ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс саналарда жаңғырып қала бермек. Ол өткеннің қажеттілігін келер кезеңде қайта-ламау үшін, әрі бабалардың ерлік салтын ұрпақтың мұра етуі үшін қажет. Кешегі қанды соғыста басына қасірет түспегең, соғыс салған ауыр тауқыметті иығымен көтермеген отбасы болған жоқ. Қаншама ана баласынан, қаншама бала әкесінен айырылды. Жары майдан даласынан оралмай қара жамыл-ған жесірлеріміз, жетімдеріміз қаншама. Совет Одағының халықтары бұл соғысты «священная война» дейді. Өте дәл айтылған, Соғыстағы жерлестеріміздің ерлік дәстүрін, тылдағы қажырлы еңбекті, майдангерлер мен тыл ерлерінің есімдерін мәңгі есте сақтаймыз. Жеңіс жауынгерлердің ерлік, батырлық, батылдық, ержү-ректілік, тапқырлық бірлігімен келді. Жерлестеріміздің жауынгерлік жолы Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Мартбек Мамыраев, Нүркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлованың ұлттық мақтаныш екенін естен шығармаймыз.
Ұлы Отан соғысы халқымыздың басына алапат ауыртпалыұ түсірді, себебі соғыстың аты соғыс, ол сонымен бірге халқымыздың даңқында аспандатты. Май-дан мұқтажы үшін атқарылған тылдағы ерлік істер ұшантеңсіз. Ананы баласы-нан, баланы әкесінен айырып жер әлемді де, жан жүректерді де жаралаған соғыс отының лаулап барып басылғанына да жетпіс бір жыл уақыт өтіпті. Бірақ, уақыт өтті деп, жаудың әр оғына кеудесін тосып, оқтан қорғаған жауынгерлер рухы ұмытылмақ емес, майдандағы ұлынан хат күтті, тәңірден медет тілеген ананың көз жасы мен сүйгенің күтіп, жол жаққа қарайлаған жардың күрсінгеніұмытылмақ емес. Мұның барлығы даұлт тарихының қанмен, жаспен жазылған беттерінде сақтаулы. Біздер жыл сайын Жеңіс күнінде жетпіс бір жыл бұрын көз алдымызда жау оғынан мерт болған қанды көйлек достарымызды еске аламыз. Самайына ақ қырау шалған бүгінгі кейуана, баяғы келіншек есіктің артынан жетпіс бір жыл бұрын қара қағаз келген ері кіріп келердей елеңдейді. Барлықтарында бір тілек-елдің амандығы, жұрттың тыныштығы.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру