Қайрат ағама хат!

Сәлеметсізбе Қайрат аға? Мен де сіз секілді ұтын ұлықтаған ұлдардың бірімін. Сіздер сыйқылған Тәуелсіз елдің ұланымын. Мен осы Тәуелсіздіктің оңай келмегенін білемін. Сонау Керей мен Жәнібек хандар құрған іргесі кең қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі бастан кешкен қиыншылық аз болмады. Жан-жақтан жағасынан алған қалмақ, башқұрт, жоңғар сынды мемлекеттерге тойтарыс беру халықты титықтытып жіберді. Йә, сол кезеңнің қиындығына қарамастан үш жүздің басын қоса білген білгір хандар, дана билер де болды.......
Шығармалар
Толық

Туған жерім – Қызылорда

Мен Қазақстан мемлекетінің Қызылорда қаласында туылдым. Қызылорда қаласы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Қаламыздағы Ұлы Жібек жолы-әлем өркениеті тарихының аңызды жетістіктерінің бірі. Қызылорда -әдемі қала. Қызылордада Сырдария өзені бар. Қызылордада күріш өседі. Мұнай мен газ өндіріледі. Өзімнің Қызылорда қаласында туылғанымды мақтан етемін.
Шуақты боп тұрсың сен.
Қызылорда қалам менің,......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік мұра

«Сыр- Алаштың анасы». Бұл киелі өңір – көне дәуір шежіресі, мәңгі өшпес те өлмес тарихы және мәдени мұралардың асыл көмбесі.
Түркінің ішіндегі тұғырлы тұлғаның бірі – Қорқыт. Ол туралы аңыз көп. Ел арасындағы әңгіменің бірі мынау. Қорқыттың қабірі Сырдың жағасында жатыр. 1925 жылдан бастап баба мазарының табанын толқын тебе бастайды. Талай жылғы жәдігерді құлайды дегендер де болыпты. Дегенмен, қабырғаның қалыңдығы соншалық,......
Шығармалар
Толық

Қазақ жері

Қазақстан жерінің тарихы сонау біздің дәуірімізге дейінгі 2-1 мыңжылдықтардан басталады. Бұл уақыт аралығында, қазақ жерін Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеген. Ал ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат және тағы да басқа тайпалар мекендеген. Қазақтың ұлт болып қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екенін бйқауға болады. XIV-XV ғасырларда қазақ тайпаларының өмір сүрген жері Еділ өзені мен Жайық озенінің арасы болған.......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік Ел - Қазақстан

Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.
Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
Назарбаев Н.А
Тәуелсіздіктің жиырма екі жолында Қазақстанның жүріп өткен жолы да «тар жол, тайғақ кешуден» тұрғанын газет - журналдардан оқып, біліп жүрміз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан өзінің мақаласында «Біз «азапты жолдан» өттік , мың өліп, мың тірілдік» - деп атап көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кезең экономика жағдайы, адамдардың рухани дүниесі күйзелісінің ең......
Шығармалар
Толық

Өз нышаны жоқ мемлекет болмайды

«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер»
Н.Ә.Назарбаев
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтейтін және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар. Бұл міндеттің күрделігін Елбасы нақты пайымдап, «..бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген.......
Шығармалар
Толық

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы»

Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.
Ыбырай Алтынсарин
Тіршілік . Табиғат заңдылығы. Дүниеге шыр етіп сәби келді. Өзін ғана емес, бойында қазақ қанын, қазақ тілін ала келді, себебі ұлты қазақ. Айналаға шолу жасап, іңгәлап жылып, тәп – тәтті күлкісімен тамсандырып, еңбектеп, артынша жүріп, ержетіп келеді. Қалыптасқан жағдай бойынша балабақшаға барып,......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз Қазақстан

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді.
Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді.
Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін»
Назарбаев Н.А
Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Атамекен! Тарих!......
Шығармалар
Толық

Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық

Қоғамдағы сөйлеу мәдениеті

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеріп, барлық қаракөз бауырларымыздың яғни қазақтарымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан бала-бақша, үй,мектеп, жоғарғы оқу орындарында ұл-қыздарымызда тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірінен қарым-қатынас
жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтінін, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтінін байқаймыз. Олай болса, біздің бүгінгі шығармамыз қоғамдағы сөйлеу мәдениеті жайында, тіл туралы болмақ.......
Шығармалар
Толық