Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз
Әжіғалиева Анар
11 сынып, № 6 орта мектеп
Арқалық қаласы
11 сынып, № 6 орта мектеп
Арқалық қаласы
Туырлыққа – ту іліп, қыннан
қылыш суырып, көк найзаның
ұшына күдері үкі таққан елміз.
Қазыбек би
Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық. Бәлкім, бұл тарих заңдылығы шығар. Егер орыс халқының азабын көрмесек, өжет те қайсар, табанды қарсылық көрсете алатындай «қазақ халқы» болып қалыптаса алмас па едік... Қалай болса да, ұзақ жылдық тәуелділіктен батыл жастарымыздың толқуымен құтылдық. 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасы» кімнің де болса жүрегін қан жылатады. «Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, - дейді Әлихан Бөкейханов – бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды». Міне, сол бір күн қанша жастың тағдырын жалмаса да, қаншама отбасыға ауыр қайғы әкелсе де, Қазақ еліне бостандық сыйлады. Егемендікті «қан төгіспей, жан беріспеймін» деген қайсар халықтың ұрпағы осылайша алды. Ал, бүгінде жеке ел ретінде тарих төріне көтерілгенмізге 22 жыл болыпты. Осы жылдардың өзінде мемлекетіміздің даңқы көтеріліп, өзімізді әлемге таныттық. Қолына найза ұстап, үстіне сауыт киіп ел қорғаған батырларымыздың бүгінгі бейнесі дүниенің түкпір-түкпірінде спорт, өнер, білім сияқты әр түрлі салаларда Отанымыздың атын шығарып жүрген жастар болып отыр. Ендеше, осындай ұрпағы бар елдің ертеңі жарқын болары сөзсіз.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Өзінің қойнауына жүз қырықтай ұлт өкілдерін топтастырған еліміздің кең пейілділігін осыдан аңғаруға болады. Бұл халықтар бізбен бірге біраз жылдар бойы өмір сүріп, әбден сіңісіп кеткен. Ұлты, діні, тілі өзге болғанмен, біздің Отанымыз – бір. Жазғы Лондон олимпиадасында, қазір болып жатқан қысқы Сочи олимпиадасында еліміздің атын өзге ұлт өкілдерінің де қорғап жүргені бұған айқын дәлел бола алады.
Елбасымыз «Қазақстан – 2050» стратегиясында «Бір халық – бұл барлығымыз үшін ұлттық ортақ мүдделер, бір ел – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, бір тағдыр – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер» деп баса айтқан болатын. Олай болса, мемлекетімізді алда күтіп отырған қиындықтарды бір ел аясына бірігіп, бейбітшілікпен жеңе білейік.
Қазақстанның негізгі тірегі – қазақ халқы. Сондықтан , ең бірінші, әрбір қазақ азаматы өзінің Отан алдындағы парызын ұмытпауы керек. Өз елінің, ұлтының беделін асқақтатып, әрқашан туын көкке көтеріп жүруі қажет.
«Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске - Айта бергім келеді, айта бергім»,-деген Жұбан Молдағалиевтың жыры еліне деген сүйіспеншіліктен туғаны анық. Патриот ақынның бар әлемге «Мен – қазақпын!» деп жар салуы, оның ерлігін көрсетеді. Бұл поэма халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына зор ықпал жасады. Осы поэманы оқи отырып, қазақ халқымен, тарихымен танысуға болады. Көшпенді қазақ өмірінен бүгінгі күнге дейінгі қазақ өмірі бүкпесіз суреттелген. Ақын қазақ елінің аспанында жарық жұлдыздай боп жарқыраған даналарымызды да тыс қалдырмаған. Мұндай шығарманың кез келген қазақ азаматының бойында патриоттық сезім туғызбауы мүмкін емес. Ал, осындай өлеңдермен өсіп келе жатқан ұрпақтың ұраны, әрине, «Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз» деген Жұбан атамыздың жыр шумақтары болары сөзсіз. Мен де сол ұрпақтың бірімін. Ендеше, менің елімнің патриоты ретінде айтарым: Байтақ жерді алып жатқан шаңырағы биік Қазақ елі жасасын!
Жақында Елбасымыз халқына өзінің жыл сайынғы жолдауының бірін ұсынды. Бұл жолдаудың тақырыбы - «Мәңгілік Қазақстан». Мақсаты - өзінің аты айтып тұрғандай, мәңгілік ел құру. Біздің міндетіміз осы елді құруға үлесімізді қосу болмақ. Қазақ елін керегесін тарих сахнасынан ешқашан жойылмайтындай етіп берік құрып кетуіміз керек.
Жүректерде бар өшпеген азат өлең.
Егемендік алдық біз азаппенен.
Күресуден тайынбаған ешуақытта,
Өр халықтың ұрпағымыз қазақ деген,
Арқаладық жүгін біз ағалардың,
Орнын басып келеміз даналардың
Жасасын Қазақ елі мәңгілік,
Батсын арай, атсын әрбір таң күліп!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Біз - қазақпыз биікпіз байтақ елміз туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Біз - қазақпыз биікпіз байтақ елміз на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Біз – қазақпыз биікпіз байтақ елміз