Көз жасымен суарылған гүл
Қазақ халқы… Бұл атау қайдан шықты, қалайша бұл халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесіне айналды? Әрине, тарлан тарих беттерінде әлемге қонақжайлығымен танылған халықтың хандық болып құрылып, бір киіз үйдің бір шаңырағының астындағы ошақта бір алау болып тұтанып, түтін түтеткен уақыты 1465 жыл деп саналады. Бірақ, қалайша әр түрлі жерден нәр алған ағаштар бықсымай жанып, киелі шаңырақтан түтін болып шығып, кең далаға тіршілік тынысын сездірді?! Ол халықтың тайға таңба басқандай мәдениетінің берік, тілі, ділі, дінінің ортақ әрі рухани байлықтарының меңіреу жатқан кең сахара төсіне тезірек сіңісіп кетуінен болса керек.
Ел басына күн туса, толарсақтан саз кешкен батырлар, ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төске озған ақындар жүріп өткен сартап жолдарды жас ұрпаққа әйгілеп тұрған суреткер дала қаншама ұлы оқиғаларды ішіне бүгіп жатыр десеңші. Сондай оқиғалардың бірі салт – дәстүріміздің қаймағы саналатын Оңтүстік Қазақстандағы тұлпарлар туған, сұңқарлар қонған Түлкібастың төрінде де болған-ды.
Түн. Айлы түннен сүт еміп, тыныштықтың тамыры соғып тұрған даланы Ақсу мен Жабағылы жоталары құшағындағы бесігіне таңып алып, үнсіз тербетіп тұр. Мүлгіген дала тыныштығын бұзып, киіз үйдің шұрық тесігінен бұзық май шам жарығы сығалайды. Май шам орнынан қозғалмай тұрғанымен, екі түрлі жұмысты бірдей атқарып тұр екен. Оның бірі түнгі аспанның ерке жұлдыздарына қыр көрсетіп, жерден жарық шашып, қайсарлығын танытса, екіншісі үстінде жатқан тіршілік иесін мәңгілік ұйқы сапарына аттандырған төсекті құшып, жылап отырған, жасы 24-25 шамасындағы, маңдайын кекілімен бүркеген, аққұба өңді, айдай көрікті қызды жалғыз қалдырмайын деп, нұрлы жарығымен бидай өріспен өрілген шашынан сипап тұр. Қыздың көз жасының бұлақ болып төгілуіне не себеп болды екен, әлде басына түскен қиындықтарының көптігін бетіне сызық болып түскен әжімдері көрсетіп тұрған, жасы 50-53 шамасындағы ер адамның көз жанарының көмескіленіп бара жатқанына қайғыра ма? Білмедім... осы кезде қыз жанарының астында көз жасына суарылып жатқан оң қолына бір затты қысып алған. Дәнге ұқсайды. Иә, шынында да гүлдің дәні. Қыздың қолындағы қандай дән, төсегінде жатып, дүниауи тіршілікке тәуелсіз сапарға аттанған адамның бұл қызға қандай қатысы бар..? Оны білу үшін қыздың өткеніне оралайық........

Шығармалар