Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық

Ерлік елге мұра

Соғыстың зардабы осы күнге дейін сыр беріп, жадымыздан өшер емес. Оның қамтыған аумағы, қаза болған адамның шектен тыс мөлшері бұрынсонды болып көрмеген. Шайқасқа қару алып қатысқандармен бірге елде қалған бейбіт адамдар да сол зұламаттың зардабын тартты. Ол кездің балалары балалықты ерте ұмытты, шыбық мініп, ат ойнаудың орнына, өгіздің тізгінін ұстады, елде қалған қарттармен, әйелдермен бірге таңның атысынан күннің батысына дейін табандары мен алақандары тілінгенше еңбек етті. Жеңісті жақындатты. Бүгінгі күні «соғыс» сөзінен гөрі «Жеңіс» сөзін ауызға жиі аламыз. Ол заңды да. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бұл күн-әділеттің әді-летсіздікті жеңген күн. Бұл күн бүгінгі ұрпақтың соғыс ардагерлері сыйлаған бейбіт даму жолын әрі қарай жалғастырып жатқан күн» деген еді. Ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, соғыстың алғашқы күндерінен-ақ қазақстандықтар Отанын қорғауға ұмтылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың барлық майдандарында біздің жерлестеріміз жезқазған-дықтар белсене қатысты. Олардың қаны Москвадан-Берлинге, Прагадан-Қиыр Шығысқа дейінгі шайқастарда төгілген.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында майдан ұрысм даласында ғана емес, ең алыс ауылдарда да жүріп жатты. Совет халқы майданда шабуылға шықты, егіс даласында, шахталарда, завод пен фабрикада өздерінің бар қажыр-қайраттарын сарқып еңбек етті. «Тылдағы еңбек, майдандағы еңбеңтен кем бол-мады» деп тегін айтылмаған. Тылдағы ұрыс-ол таңның аты-сы, күннің батысы, уақытпен санаспай еткен еңбек. Отан мен халық алдындағы жауапкершіліктің жү-гі майдандағы солдаттардікінен кем болған жоқ. Барлық қазақстандықтар, жез-қазғандықтар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен өмір сү-ріп, еңбек етті. .....
Шығармалар
Толық

Сұм соғыс еш болмасын!

ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян. Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан......
Шығармалар
Толық

Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына

Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!
Жеңіс! Бейбітшілік! Бұл қандай керемет сөздер десеңші. Бұл сөздердің астарында ашық аспан, бейбіт өмір жатыр. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Фашистік идеология кеңес үкіметінде тұратын халықты саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірлеп, шабуылға шықты. Бірақ одан түк шықпады.
Қаншама халық бір тудың астынаб ірігіп, күштерін бір арнаға салды Сол кездегі Кеңес үкіметінің халқында Коммунистік партия мен үкіметтің саясатына деген наразылыққа жеткілікті негіздер болды. Бірақ қатерлі қауіп төнген кезде халық реніштерін ысырып тастады. Халықты қасіретті тағдырдың ортақтығы, елдің тәуелсіздігінен айырылу қатері, бір Отанның адамы екені, ата-баба рухы біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. ....
Шығармалар
Толық

Шын жеңіске жеткен елім

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б.Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із жазылмас жара қалдырды» деп өз ойын айтып еді Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты.
Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз.Отан қорғауға ерлер мен әйел-дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молда- ғұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова жане Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз.1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі.
Ата – бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті.Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда..........
Шығармалар
Толық

Сұрапыл жылдар

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқдаусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қанша ма үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мәнкетіп,сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әрүйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Менің атам Жалбыров Жағыпар Жалбырұлы 1939жылы аттанған екен. .....
Шығармалар
Толық

Досқа құшағы кең жандар

"Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес"
Халық даналығы.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен – ақ неміс фашистерінің елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, барлық бағытта жерімізге ентелей басып кіруі – қорғаныс саласын шұғыл түрде өзгертуге мәжбүрледі. Осыған байланысты майдан шебінен мыңдаған бейбіт адамдарды, жүздеген кәсіпорындарды, мәдени және ғылыми мекемелерді тылға көшіру қажеттілігі туды. Бұл қауіпсіздік үшін әрі майданды қажетті қару – жарақпен қамтамасыз етудің ең маңызды іс – шарасы еді. Соғыс жылдары Қазақстанға эвакуацияланған адамдар саны 484149 – ға жеткенін тарихтан білеміз. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, бейбіт адамдарды қабылдап, кәсіпорындарды қайтадан құруды жедел қолға алды.Елімізде аз уақыттың ішінде тыңғылықты датынымсыз еңбектің арқасында қару – жарақ шығаратын 460 зауыттар іске қосылды. Осы өңірде соғысқа аса зәру марганец рудасын шығаратын Жезді кен орны 38 күн ішінде алғашқы өнімдерін бере бастады. Соғыс дүмпуі біздің Қарсақбай елді мекенін де шарпып өтті десе де болады.Майданға біреудің жары, біреудің әкесі аттанып жатты. Елдегі бар ауыртпалық кешегі азаматтардың орнын басқан әйелдер мен балаларға түсті.
Күлтай шешеміз жалғыз ұлы Қонысбайды әскерге аттандырып, келіні Нұрбибі, немерелері Жолдасбай,Гүлжанмен қалды.Қонысбай кеткелі жарты жылдан асса да,хат - хабар жоқ.Баласынан жақсылық хабар күткен ана бес уақыт намазын қаза қылмай, жалғызының тілеуін тіледі. Почтабайдың алдынан шығады,кейде кеңсеге келінін жіберіп, екі көзі төрт болып хабар күтеді.Ухілеп, түні бойы көз ілмейтін Нұрбибіні де аяйды......
Шығармалар
Толық

Ерлік пен батырлық

Ерлік... Осы бір сөзді естіген кезде көз алдыма сансыз ғаламат ойлар келіп, сонау заңғар тауға асқақтатады. Ел ішінде «Ер елдің айнасы» деген терең мағыналы мақал бар. Түбіне үңіле қарасаң ұшы-қиыры жоқ кеңістікке енгендей сезімде боласың. Дәл осындай мағыналы ойдың бала қиялымды сансыз көп тараптарға жол сілтері рас. Сонау атам заманнан бері білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғап қалған батыр ата-бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай іс. Елім деп еңіреп өткен саңлақтарымыздың ерлік істерін есіме алсам, бір марқайып қаламын! Сол кездердегі атқарылған талай жорықтар ел басына төнген қара бұлттың кейпінде еді.
Алайда, қазақ халқының арда туған асыл текті, жауырыны тоқпақтай ерлері елім деп, жерім деп жауға қарсы шауып, бостандыққа қол жеткізуді ғана мақсат тұтқан. Дәл осындай елім деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халқымыз мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерліктерін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтауы тиіс. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Бұл айтылған ойдың негізгі мақсаты-ұлыларды зерттеп,олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету. Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Қаһармандар қатарына Т.Бигельдинов, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова секілді батыр бабаларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату тәтті өмірімізге, бейбіт заманымызға жетіп отырмыз.......
Шығармалар
Толық

Сіздерге алғысымз шексіз, ардагерлер!

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытпақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Соғыс атты суық сөздің сызды ызғары жұректерге жүк түсірген ауыр оқиға. Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қарғыс атқыр соғыстың кесірінен мезгілсіз кеткен жақын жандарға деген талмаусыраған аянышты сезім бар көңілде. Әрқайсысының сүре алмай кеткен өмірлері, көре алмай кеткен қызықтары, армандары бәрі де алыстап кеткен. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинода бізге атабабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы жайында,халқымыздың жауды жеңген ерлігі туралы әлі де талай-талай ұрпақтар аңыз етіп айтатын болар.Бұл қасіретті сұм соғысты ұмыту мүлдем мүмкін емес.Бірақ сол қасіретті күндердегі болған жайғдайлардың барлығы да қаз-қалпында, жүректегі соғыс салған жараның орны сияқты үңірейіп әлі тұр. Ұлы Отан соғысының жеңісіне бүгінде жетпіс бір жыл толуда.Иә,адам баласының тарихына белес болып енген тарихи жеңіс оңайға түскен жоқ.Расында да мұның бәрін ұмыту мүмкін емес......
Шығармалар
Толық

Жеңіс жаңғырықтары

Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси-тарихи, елдік мәні туралы ойлану, пайымдау-кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз... Адамзат тарихындағы аса ірі де қасіретті оқиға –екінші дүниежүзілік соғыс. Ал кешегі алып КСРО мемлекеті құрамындағы халықтар үшін Ұлы Отан соғыс болды. Биыл ТМД елдері осы соғыстың 71 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Ұлы Жеңіске әртүрлі көзқарастар пайда болды. Бір кезде шын жеңімпаздардың кім екенін, қай мемлекет пен халықтың жеңіске қандай үлес қосқаны даусыз айқын болса, енді қазіргі постмодерндік Еуропаның тарихы және саяси жадында әлдақашан тарихтың ескі үйіндісіне кеткен қара күйелер қайта бықсып, жандана бастады.
Тарихи бұрмалаудың басты нысаны кеңес халқының –біздің әкелеріміздің Жеңісі ілінді. Осының барлығы бізге екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысы туралы шындықты жас ұрпақ санасына қайта-қайта жеткізіп отыруды міндеттейді. Әрине соғысты, оның қорытындыларын бағалауда әр ұрпақтың өз көзқарасы болуы мүмкін. Уақыттың тарихи-саяси оқиғаларды бағалауға, саралауға өз таңбасын салуы-табиғи құбылыс. Бірақ олар түбегейлі, принципті мәселе өзгермеу керек. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша, бұл алапатта 60 млн. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептеледі. ....
Шығармалар
Толық