Тәуелсіз Қазақстан!

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» неткен керемет, киелі ұғымдар! Біздің Отанымыз тәуелсіз, еркін мемлекетпіз. Бүгінде біз – қанатын кең жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне 28 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта осы егемен Қазақстанның 28 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен осы егемен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.

Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анаманың жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Біз 16 желтоқсанда еліміздің егемендігін жариялаған күн екенін білеміз. Сол күні 1991 жылы көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. .....
Эсселер
Толық

Интернеттің пайдасы мен зияны

Бүгінде интернет өмірімізге дендеп кірді. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді. Зиянды жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны, мықты тұсы мен әлсіз жақтары болады. Таңдау жасау қажет болса, мен «пайдалы» деген пікірге басымдық беремін.

Интернеттің пайдасы қандай? 1969 жылы 29 қазанда АҚШ университеттерінің бірінде «Аrpanet» байланыс желісі туралы ақпарат жария етілді. Қай кезде де байланысудың жедел түрін ойлап табу адам арманы болған: алыс қашықтықтан от жағып белгі беру, құстарды ұшырып хабар жолдау, хат жазу, телефон желісін ойлап табу – бүкіл әлемді байланыстыратын әлеуметтік желіні ойлап тапқанға дейінгі қарапайым қадамдар. Бұның негізінде біріншіден, қоғамдағы адамдардың, ойы үндес жандардың бір-бірімен байланысу мақсаты тұрды. Екіншіден, адамзат баласының уақытпен бәсекес іжәне жылдамдыққа қол жеткізу міндеттері тұрды. Үшіншіден, ғылым мен техниканың тоқтаусыз дамуы жоғары деңгейдегі байланысқа әкеліп тірейтіні даусыз еді......
Эсселер
Толық

Ел тірегі-Елбасы

Біз тарихы терең,рухы мықты елдің ұрпағымыз. Осы елдің ұрпағын жоғалтпай,одан әрі өрбтіп,бүкіл әлемге танытып отырған жеке дара ақылшымыз,тірегіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақтың бағдарламасы ретінде Қазақстан 2050 стратегиясын жарыққа шығарып ,2050 жылға дейін әлемдегі 50 дамыған мемлекет қатарына кіруіміз керек екенің мақсат етті. Ол дегеніміз бүкіл әлемді өзіне қаратқан,дамыған мемлекет ретінде өз мемлекетімізді тану. Біздің елбасымыз –ол көшбашымыз. Көшбасшы мықты ел-ешқашан құрдымға кетпейтіне кімге болса да мәлім.

Біздің еліміздің тірегі,көшбасшысы,жүрегі,елімізді әлемге танытқан дара тұлғамыз-біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол біздің патша,патша деген атқа кез-келген адам ие бола алмас. Ол кісінің атқарған жұмыстары Қазақстан үшін ұлы мәртебе. Біздің ата-бабаларымыз қасық қаның төгіп,осы жерімізді бізге аманат етіп кеткен.Дәл бүгінгі күні біздің елімізді бүкіл әлем таниды десек қателеспейміз. Бұл кімнің арқасы? Әрине,елбасымыздың арқасы,оның дұрыс құра білген саясатының арқасы,оның елге деген сенімі, жерге деген махабатының арқасы. Ол кісінің біздің мемлекет үшін атқарған жұмыстары,елім деп соққан жүрегі,барлығы біздің болашағымыз үшін,яғни Қазақ елінің болашағы үшін жасалып жатқан дүниелер. Сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасын құру мақсатында көптеген белестерге,елімізді рухани жағынан жаңғырту да сол кісінің алға қойған мақсаттарының бірі десек те қателеспейміз. .....
Эсселер
Толық

Мейірім

«Мейірім» дегенде менің ойыма адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым- қатынасы, жылы қараған жүздері, әдемі, мейірімге тола айтқан сөздері, бір –біріне деген жаны ашуы, көмектесуі оралады.

Бұл дүниеде адамдар бір- біріне мейіріммен қарап, сыйласып жүрсе, ешқандайда қасірет, жамандық болмас еді.Қазіргі таңда адамдардың бойында мейірімділік деген қасиет азайып бара жатыр. Соның салдарынан көкек аналар мен жігеріз әкелер бейкүнә сәбилерін мүлік сияқты тастап кетуде, ал көптеген имансыз жастарымыз өзін бағып-қаққан әке- шешесін қарттар үйіне өткізуде. Мұның бәрі имансыздықтан. Жүрегі иманға толы адам- мейірімді адам. Оның қолынан жамандық істеу келмейді. Бірақ мен барлығына бірдей топырақ тшашпаймын......
Эсселер
Толық

Менің балалық шағым

Менің балалық шағым Әр адамның қызыққа толы балғын шағы болады.Ол әрине біздің балалық шағымыз.Балалық шақтағы біздің іс әрекетіміз,ойынымыз естен кетпес қызыққа толы күндер болып артта қалуда.Әр адамның жүрегінде бұл естеліктер мәңгі сақталары анық.Біздің балалық шағымыз біздің дастанымыз,шытырманға толы хикаямыз. Жылдар зымырап адамдар ер жеткен соң балалық кезің аңсайтын болады.Ол кездегі достары,көңілді ойындары мен бастан кешкен талай балғын шақтары арқылы, жүрегімізде маңызды бір ерекше орын алады.Ол кездегі балалықпен істеген тентектігін мен бұзақылықтын өзі керемет қой ,шіркін.

Мен өзім бір отбасының жалғыз ерке қызы болып өстім.Балалық шағым қызық бір дастан дерсін.Балалық кездегі жасаған істерім,балалармен ойнап,көңіл көтергенім әлі есімде.Кейде сол естеліктерді еске алсам,қайтадан сол балалық шаққа оралсам ғой шіркін деп армандайтын кездерде болады.Біз балалық шағымызда асыр салып ойнап,көп көңіл көтеретінбіз......
Эсселер
Толық

Абай - біздің ұлттық ұранымыз

Абай– қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов. Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол - қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай кедей ақындардың күнкөріс кәсібіне айналып, бағасы түскен өлең сөзді өз биігіне қойып, оқырманның, тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Ақынның бұл саладағы ұлы қызметі орыстың классикалық әдебиеті эстетикасымен, Белинский, Чернышевский көзқарастарымен ұштасып жататыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген.

Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.

Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр......
Эсселер
Толық

Жастар - ұлы күш

Жастықтың оты, қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?

Ұрпақ және оның алдағы өмірі - қашан да халықты мазалайтын мәңгілік тақырып. Себебі елдің ертеңі сол ұрпақтың қолында болады. Мен елімнің ертеңімін. Мен жаспын.

Жастықтың оты жалындап,

Тас жүректе жанған шақ.

Талаптың аты арындап,

Әр қиынға салған шақ, -

деп ұлы Абай айтқандай, бойымда күш-қуатым тасып тұрған шақтамын. Қиял қанатында қалықтап жүрген шағым. Бұл кезеңді Абай адам өмірінің ең маңызды шағы деп түсіндіреді. Жастардан осы сәтте албырттық та, құштарлық та, даналық та шығады.

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай?-

деп тағы бір өлеңінде жас кезіңде білімнің соңына түсу керектігін айтып өтеді. Ендеше, ерекше талпыныспен жас шағымызды дұрыс өткізгеніміз абзал емес пе?!......
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.......
Шығармалар
Толық

Фантастикалық әңгіме

Бұл әңгіме он бес жасар Хамит жайлы. Хамит анасының қолында өскен жасөспірім жігіт. Кәрі анасы жұмыс жасауға қауқары жоқ болғандықтан, Хамит анасына қолынан келгенше көмектесуге тырысатын. Хамиттің сырт келбеті пәлендей сымбатты емес, үлкен көкшіл көзді, бұйра шашты, ұзын бойлы. Оның мінезіне келсек көп сөйлемейді, сабырлы, арманшыл болды. Хамит анасымен үлкен үйде тұратын. Екеуі өз күндерін өзі көріп жүрді. Бірақ Хамит ылғи ерекше нәрсені қалайтын. Ол өзі ержетіп қалса да таңғажайып ертегілерге сеніп, әлі күнге дейін «ертегілер әлеміне барсам» деген орындалмас арманмен өмір сүріп келе жатты.

Бір күні Хамит ерекше түс көреді. Түсінде бұл әлемді емес, өзге таңғажайып әлемді көреді. Ол жақта бәрі тыныш, бәрі тату тәтті. Түсінде адамға ұқсас аласа бойлы, қысқа қолды, екі басты беймәлім жануарды көреді. Оны жануар деуге келмес, дегенмен жартылай адам, жартылай жануарға ұқсас. Бұл беймәлім тіршілік иесі жасыл түсті, көңілді, дегенмен көрген жанға қорқынышты. Оны Хамит түсінде көріп қатты қорқады. Ол түсінде:

- Сәлем, Хамит, - дегенде Хамиттің зәресі қалмай, бұл менің есімімді қайдан біледі деген сұрақ маза бермейді. Бұл беймәлім тіршілік иесінің даусы да ерекше. Ол жақын жерде тұрса да, даусы алыстан естілгендей, бірақ құлаққа жағымды.

- Эй, адам баласы менен қорықпа. Менің есімім - Фавлун. Мен ертегілер елінен келдім. Біздің әлем сені таңдады, тек сені. Сендей бала сенің әлеміңде жалғыз. Өйткені сен біздің әлем жайлы бәрін білесің,-деп Фавлун есімді тіршілік иесі күлімсірей, Хамиттің қолына күлгін, сыртында түсініксіз сурет салынған бір жапырақ қағазды ұстатты.......
Шығармалар
Толық

Сен де бір кірпіш дүниеге

Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы.

Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда» жолдауынан

Тынымсыз да тоқтаусыз тыныс-тіршіліктің текеметтей түрленген табиғатына, талпыныс пен тартыстың тегеурінді таласына, тағдырдың тосын сыйы мен тосыннан тулаған толқынына, тым тереңге тартқан темірқазығы мен теперішіне, «таяқтан» түйсіндіретін тағылымына, тояттамайтын тағаттарына, түңілте жүріп тірілтетініне, тар жол, тайғақ кешуінен өткізетіндігіне бірден бір себеп-таңдау.

Адам баласы дүниеге келіп, есін біліп, қоғамның жеке тұлғасына айналғаннан бастап ерте ме, кеш пе, жақсы ма, жаман ба, әйтеуір, оған таңдау жасауға тура келеді. Жеке өмірінің, карьерасының, азаматтық көзқарасының, ой-санасының, жалпы айтқанда, «мен қалай өмір сүруім керек?» деген сұрақ негізіндегі өре деңгейінің жауаптарды іс жүзінде әрекетке бастап, қалыптастыратын күші-осы таңдау. Жаңа да жасампаз, адам капиталы ерекше маңызға ие болған бүгінгі заманда бай да бақуатты, бақытты өмірдің негізі-адамның миында, ақыл-ойында, жаңашылдығы мен жеке бас қасиеттерінің артықшылығында, өзіндік «мені» мен даму жолын қалыптастыруында. Ең бастысы, осы айтылғандарды ортақ іске жұмылдырып, жүйелейтін механизм- еңбекқорлығында. Себебі, жетістіктің бір пайызы Микеланджелодан, тоқсан тоғыз пайызы еңбектен тұрады. Әлемдік тәжірибе-бұған дәлел. Міне, осындай таңдаулардың ішінде ең маңызды таңдаудың бірі-мамандық таңдау. Біреулер еріксіз таңдар, біреулер сүйіп таңдар, ол-маңызды емес, маңыздысы-мамандыққа деген махаббаттың бумеранг ережесіне бағынатындығында. Сондықтан оны таңдауда сенімді, ерікті болған дұрыс.......
Шығармалар
Толық