Интернеттің пайдасы мен зияны

 Интернеттің пайдасы мен зияны

Бүгінде интернет өмірімізге дендеп кірді. Ол алысты жақындатып, әлемді бір-бірімен байланыстыру мүмкіндігі болып тұр. Ол – тек байланыс көзі ғана емес, сонымен қатар жедел ақпарат ағыны, дереккөздер қоры. Бүгінгі зымырандай зулаған қарқынды даму кезеңінде пайдасы мол екенін мойындауға тура келеді. Зиянды жағы да бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Кез келген дүниенің пайдасы мен зияны, мықты тұсы мен әлсіз жақтары болады. Таңдау жасау қажет болса, мен «пайдалы» деген пікірге басымдық беремін.

Интернеттің пайдасы қандай? 1969 жылы 29 қазанда АҚШ университеттерінің бірінде «Аrpanet» байланыс желісі туралы ақпарат жария етілді. Қай кезде де байланысудың жедел түрін ойлап табу адам арманы болған: алыс қашықтықтан от жағып белгі беру, құстарды ұшырып хабар жолдау, хат жазу, телефон желісін ойлап табу – бүкіл әлемді байланыстыратын әлеуметтік желіні ойлап тапқанға дейінгі қарапайым қадамдар. Бұның негізінде біріншіден, қоғамдағы адамдардың, ойы үндес жандардың бір-бірімен байланысу мақсаты тұрды. Екіншіден, адамзат баласының уақытпен бәсекес іжәне жылдамдыққа қол жеткізу міндеттері тұрды. Үшіншіден, ғылым мен техниканың тоқтаусыз дамуы жоғары деңгейдегі байланысқа әкеліп тірейтіні даусыз еді.

1983 жылдан бастап адамзат қолданысында интернет желісі пайда болды. «Аrpanet» жаңа атаумен адамзатқа қызметін жалғастырды. Сол кезде әлем жұртшылығы болашақта оған қаншалықты тәуелді боларын ойламақ түгілі, алғашқы кезде тіпті хабардар да болмаған болар?! Бұл ойымды сексенінші жылдарда электронды есептеу (ЭЕМ) машинасы деген құрылғыны пайдаланғандар растайтын шығар? Есептеу құрылғысының бүгінгі біз пайдаланатын компьютер, ноутбук, планшет ретінде дамитынын біреу болжаса, біреу ойламаған да болар?Ал бүгінде жүздеген операцияны жедел байланыс құралы – ұялы телефон орындап тастайды. Шұғыл әрі сапалы. Интернет – оның маңызды қызмет бөлігі. Тұрақты тұтынушы оның қандай да бір қызмет тетіктерінің дами түскенін қалайды. Ол – адамдарға аса қажет және көпшіліктің сұранысына ие болған заманауи желі. Зияндылығына тоқталсақ, адам денсаулығына қажет дәрінің де ағзаға кері әсері болатынын жақсы білеміз.

Сонымен қатар компьютерді шамадан тыс қолдану зиянды сәулелер әсеріне ұшырау; уақытты шектемегендіктен тәуелділік немесе психологиялық қолайсыздық туындауы; әлеуметтік желіні өз мақсатына пайдаланатын теріс пиғылды жандар ықпалына түсіп кету сияқты келеңсіз жайттарға тап қылуы мүмкін.

Осының барлығын қорытып, ой тұжырымдар болсақ, дамыған заманның білімді адамы саналы түрде өзін бақылай білсе, бәрі де орнымен болады. Пайдалы екенін растаймын, зиян шекпеу шараларын ойластыруға болады деп ойлаймын. Ғарышты бағындыратын ұрпақ үшін бұл шешімі табылмас мәселе бола қоймайды. Болашаққа ұмтылған білімді жан үшін алынбайтын қамал жоқ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру