Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды.
Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......
Шығармалар
Толық

Қазақстанның астанасы – Астана!

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан , туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал жүрегіммен сүйемін . «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан. Ол қазақ халқының атамекені. Бұрыннан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, Шығысы мен солтүстігі – Сібірге және Алтай тауларына, оңтүстігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларымен шектеседі. Көлемі бес Франция, он екі Бельгияға пара-пар ел. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің арасында тоғызыншы орын алады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – Қазақстанның егінді көп беретін өлкесі, Қостанай қаласы! Ол - ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы.......
Шығармалар
Толық

Астана жайлы толғаныс

“Туған жер тұғырың, туған ел ғұмырың”, - дейді дана қазақ. Әркімге өз туған жері, туған мекені өзге жерден мың мәртебе артық. Мен де бүгін туған қалам Астан жайлы, қала берді алты алашқа бас қала болған Астана жайлы қалам тербемекпін. Сонау орта ғасырларда даңқты Абылай хан елінің ордасы еткен Яссы яки Түркістан қаласы бүгінде қарға тамырлы қазақтың тәу етер киелі ордасына айналды.......
Шығармалар
Толық

Қырық қыз(аңыз ізімен)

Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.......
Шығармалар
Толық

Менің Отанымның жүрегі – Астана!

Астана арман қала бағы бір жанған қала, Тұрады ол көркейіп мен үлкен болғанда да!
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін елімізде үлкен өзгерістер болды. Алғашында 1997 жылы 10 желтоқсанда біздің еліміздің астанасы Ақмола болды. Ал содан кейін 1998 жылы 6 мамырда қаланың аты жаңаша Астана деп аталды.Ерте заманнан бастап мемлекеттердің астанасын үлкен өзендердің жанына орналастыру дәстүрі бар екендігі белгілі.Табиғаты әсем, көз тоймас көркем, суы көп болса, қала әдемі және жасыл болады деген.......
Шығармалар
Толық

Менің Отаным – Қазақстан

Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы.
Кең байтақ сан ғасырлық тарихы бар біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды отаным дейтін себебім, бұл жерде ата бабаларымыз тұрған енді сол жерде біз тұрамыз. Әрбір адал адам отанын сүйеді, отан үшін отқа да түседі. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды,- деп ойлаймын. «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» деген қазақтың мақалы осының дәлелі.......
Шығармалар
Толық

Менің қазақстаным!

Арайлап атқан таңы бар,асу бермес асқарлары бар,сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел-Қазақстан.
Қазақстан-бүтін қазақ халқыныңата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Әркімге туған жері ыстық. Қиын қыстау заманда жан-жаққа тарап кеткен қалың қазақ тәуелсіздіктің арқасында өз мекендеріне қайта оралуда. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күннің туғанына көзіміз жетті. Еліміздің байрағы биіктерден көрініп, бүкіл Еуропада, Қиыр Шығыста атақ даңқымыз асқақтап тұр.Білім, ғылым, спорт салаларында ......
Шығармалар
Толық

Мен сенемін!

Бұрын мен Отан, туған жер, Отанды сүю деген сөздердің мән-мағынасына көп көңіл бөле бермейтінмін. Анам: «Шіркін, қанатым болса ғой, туған ауылыма ұшып барып келетін»- деп тебіреніп айтып отырғанда, мен оны түсінбейтінмін. Бірақ өсе келе, өзім де алысқа кетсем, туған қалам- Астананы, туған көшемді, үйімді, тіпті көршілерімді сағына бастаған сәтте, Отан не екенін білгендей болдым.Менің ойымша, отансүйгіштік сезімі адамда туа біте пайда болатын қасиет. Бұл сезім сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады......
Шығармалар
Толық

Мәңгілік ел

Осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы-қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Бүгінгі Қазақстан-тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан» тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 22 жылдың ......
Шығармалар
Толық