Ананас (лат. Ananas) - жеміс Ананас — субтропиктік және тропиктік өңірлерде өседі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері қарайып,су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар, сондай-ақ С витаминнің 20 мг проценті, каротин (А провитамині), Ві және Вг витаминдері бар. Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот ретінде) там аққа....
ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкентқаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше....
Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазіргі Семейқаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан....
Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас…
1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген ШәмшіҚалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын да соны леп ала келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951-1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетінe....
Жоңышқа (Medіcaqo) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі Жоңышқа (M. satіva), сарбас Жоңышқа (M. falcata), көк Жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп.....