Биология | Ананас

 Биология | Ананас

Ананас (лат. Ananas) - жеміс Ананас — субтропиктік және тропиктік өңірлерде өседі. Піскен ананасты 8—9 градус температурада 10—12 күнге дейін сақтауға болады. Температура 7 градустан төмен болса ананас жемістері қарайып,су татып кетеді, ал 10 градустан жоғары болған жағдайда жеміс тез пісіп кетеді де, дәмі, түсі бұзылады. Ананастың құрамында қант, органикалық қышқылдар, күл пектин және хош иісті заттар, сондай-ақ С витаминнің 20 мг проценті, каротин (А провитамині), Ві және Вг витаминдері бар. Ананасты жаңа піскен күйінде де, сондай-ақ түрлі өңдеуден өткізіп те (шырын, компот ретінде) там аққа пайдалануға болады. Ол үшін ананасты тілімден немесе дөңгелектеп кеседі (кейде қант ұнтағын себеді).

Ананас - бромелиялар тұқымдасына жатады. Бромелия тұқымдасына жатқанымен, ананас басқа бромелиялар сияқты эпифитті емес, яғни ылғалдылықты ауадан алып, басқа өсімдіктің үстінде өспейді, топырақта өсіп-өнеді. Отаны Орталық Бразилия. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған. 8-ге жуық түрі бар. Қысқа сабақты, жапырақтары бір-біріне тығыз жанаса, сабақты айнала орналасқан. Жапырақтары семсер тәріздес ұзын сүйір, қатты, қалың, қабықты, шеттері өткір тікенді болып келеді. Табиғатта есейген өсімдіктің бойы 1 метрге, диметрі 2 метрге дейін өседі. Жапырақтарының ортасынан етті жуан негізгі сабағы шығып, сабақ басына 30-60 см-лік гүл шешек атады. Гүлдеп болған соң, жеміс береді. Жемісі 4-5 айда жетіліп өседі. Жемісінің ортасынан негізгі сабақ өсіп шығып, тәжге ұқсас жаңа қысқа сабақ, жапырақтар шығарады. Жапырақтарының біркелкі жасыл түстісі, сарғыштау, ақ жолақтары бар түрлері болады. Үй жағдайында: «Ananas comosus», «Ananаs bracteatus», «Ananas nanus» түрлерін өсіреді.

Кәдімгі өзіміз жеп жүрген ананасты, үйде жапырақ қалемшесімен өсіруге болады. Ол үшін жемісінің басында жақсы шоқтанып өсіп тұрған жапырағы бар ананасты алу керек. Қалемшені жемістің 2-2,5 см-дей бөлігімен бірге кесіп алады. Төменгі 10-15 жапырағын бір-бірлеп алып тастауға болады. Жемісінің жұмсағын тазалап алып тастайды да, марганцовка ерітіндісіне шайып, ағаш көмірін жағып, 2 күн көлеңкелі жерде кептіреді. Кепкен көшетті, бойы аласа, кеңдеу түбекке отырғызады. Суғарып, су бүркіп ылғалдандырып тұру қажет. 22-240С жылылықта, жарық жерде, 1 - 1,5 айда тамырланады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру