Табиғатта шындарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтармен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлейттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.....
Қандай территориялық табиғат кешені болсын зоналық және азоналық факторлардың әрекеттеріне байланысты үздіксіз өзгеріп, дамиды. Бірақ ландшафтының даму тарихын зерттеп білу өте қиын іс. Өйткені адам әрекеті мен табиғи процестер арасында қайшылық жиі болып тұрады. Міне, осылардың нәтижесінде ландшафтының, даму тарихын баяндайтын белгілер із-түзсіз жойылып кетуі ықтимал. Дегенмен, ландшафтының даму тарихы, формасы, негізгі заңдылықтары туралы біршама жияақталған материал бар. Ландшафтының даму формаларын алғаш рет Л.С.Берг зерттеп, тұжырымдады. Ол ландшафт өзгерісін қалпына келетін қайтымды және қалпына келмейтін қайтымсыз типтерге жіктеді. ....
Лазер — атомдар мен молекулалардың еріксіз сәуле шығаруына негізделген электромагниттік сәуле. Ол ағылшынның «Жарықты еріксіз сәуле шығару арқылы күшейту» деген сөздерінің басқы әріптерінен құралған. Лазерді оптикалық кванттық генератор (ОКГ), десе де болады. Орта мектептің физика курсынан атомдағы электрондардың әр түрлі деңгейде қозғалып жүретіні белгілі. Электр бір деңгейден екінші деңгейге өткенде жарық толқынын шығарады. Атомдағы электрон төменгі және жоғарғы деңгейде орналаса алады екен делік. Егер электрон төменгі денгенде орналасқан болса, онда оны жоғары деңгейге өткізу үшін оған жарық толқынымен әсер етеміз. Электрон осы жарық энергиясының бір бөлігін жұтады да, жоғары деңгейге өтеді. Ал электрон жоғарғы деңгейде орналасқан болса, онда оған әсер еткен жарық ....
Италия (Italia), Италия Республикасы – Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізінің жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы. Бұған қоса Милан. Неаполь, Турин, т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік тнрриториялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автаномиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 ж. қабылданған конституция бойынша елді Призидент басқарады (1992 ж. О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қоспалаталы: парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министірлік Кеңесінің қолында. ....
Италия (Italia), Италия Республикасы – Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізінің жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы. Бұған қоса Милан. Неаполь, Турин, т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік тнрриториялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автаномиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 ж. қабылданған конституция бойынша елді Призидент басқарады (1992 ж. О.Л. Скальфаро). ....
Жалпы, әулетінің билеуі кезінде сыртқы шлоуыларда арай әскерлері негізінен жеңіске жетіп отырғап. Осы мәселеде кейбір ислам дінінің беделін көтеруді ойлаушылар мұны ислим дінінің басқа дінге қарағанда артықшылығында деп көрсеткісі келеді. Біз қашанда барлық мәселені сол дәуірдегі тарихи жағдайлармен байланыстырып қарауымыз керек. Өйткені, ислам дінінің кей жерде күшпен өндірілгенін теріске шығарғысы келетіндер де бар. Шынына келгенде Пайғамбарымыз ислам дініне қарсылық еткен кейбір тайпаларды найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорқытып кіргізбегенде ғасырлар бойы сеніп келген дінінен бір емес, екі емес, мыңдағанын адамдардың бірден кіруі мүмкін бе еді? Әрине, мүмкін емес".Егер біз тарихи шындық тұрғысынан қарамасақ, жалған мақтаумен ислам дінінің беделін көтеру орнына түсіріп аламыз. Ал тарих ешқашан бұрмалағанды көтермейді. Дәл осысияқты ислам діні де, жамап-жақсағанды қаламайды, өйткені ол жауынгер дін. Олай болса, араб әскерлерінің жаулау саясатындағы негізгі жеңіске жеткізген нәрсенің бастыларының бірі сол кездегі екі ірі державалар: Византия мен Иранның ішкі өміріндегі бытыраңқылық, қайшылықтардың өсуі, олардың өзара ішкі тартыстарының салдары еді. Осындай жағдай салдарынан әбден әлсіреген олар арабтарға қарсы тұра алмады. Кей жерлерде жоғарыда айтқандай салық, пен қанаудан қиындық көріп титықтаған халық тіпті арабтарды басқыншы емес, Византия мен Иранның теникісінен құтқарушы ретінде қабылдады. Олар ислам дініне енгендердің салықты аз төлейтіндерінен көптен хабардар болаты. ....
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. ....
Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн. Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. ....
Әлемде үш дін адамзаттың мәдени қазынасы деп танылады. Олар: будда діні, христиандық және ислам діні. Ислам бұлардың қатарындағы жаңа әрі жас дін. Бүгінде жер жүзінде шамамен бір миллиард жүз жетпіс мыңдай адам осы дінді ұстанады. XX ғасырда ислам дінін тұтушылар саны екі есеге жуық өсті. Бұл біріншіден, ислам діні тараған региондардағы демографиялық жағдайдарға байланысты болса, екіншіден басқа діндер тараған дәстүрлі аймақтарда адамдардың ислам жолына бет бұруынан болып отыр. Ислам араб тілінен аударғанда "бой ұсыну" деген мағынаны береді Ислам және мұсылман (муслимун - бой ұсынушы ерлеру муслиматун - бой ұсынушы әйелдер) сөздерінің түбірі бір. Ислам - монотеистік дін. Ол мейірімді және қайырымды Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Бүкіл әлемді - көк пен жерді жаратушы – Алла. Барша әлем тек соның хұзырында. Алла болмаса әлем сол сәтінде жоқ етілер еді. Адам баласының фани (жалған) дүниеде жасаған жақсылық, жамандығын таразылаушы, заманның ақырыңда оларға осы қылықтарына қарай рахым жасаушы немесе жазалаушы бір Алла. Барлық өлгендер заманақырда қайта тіріліп, соның алдына жауапқа келеді. ....
Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... /2/ ....