Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен де 6 жасымда мектепке келдім. Алғаш мектеп табалдырығын аттасымен достарым.....
Ауылым – алтын бесігім Жүрегім, жырым сенікі, Кеңесті далам, кең далам. Тудым, өстім, есейдім, Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары.....
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе...
Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.
Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда. ....
Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды. Судың, әсіресе аузы судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады (1 кесте). Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Аталған көрсеткіш бойынша судың мына категорияларын бөліп көрсетеді:
Химиялық элемент
Еріген заттардың жиынтығынан Мұхит суы Адам қаны Хлор 49,3 55,0 Натрий 30,0 30,6 Оттегі 9,9 5,6 Калий 1,8 1,1 Кальций 0,8 1,2 • Тұщы су – 1 г/л дейін; • Тұздылау – 1-3 г/л; • Аз тұзды – 3-10 г/л; • Тұзды және өте тұзды – 10-50 г/л; • Рапа - 50 г/л артық. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз (3,5 немесе 35 -промилле) болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Адам суды оны пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б. Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады. Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бак-териологиялық және органолептік қолданылады. Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады:1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 миллиметіріне 100-ден аспауы керек; 2) ішкі таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли-индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады. ....
Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.
Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. 1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865) 2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды. 3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.
Шамамен алғанда 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады. 1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис Либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылды.....
Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты. Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады. Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар: - ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі; - білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет; - өндірістік – шаруашылық қызмет; - жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі; Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді. Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді. Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі. Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін. Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді. Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады.....
Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.....
Қазақстанда да ауылшаруашылығы өндірісіне зиянды организмдер мен арамшөптерден келіп жатқан зиян аз емес. Мәселен, 2000 және 2002 жылдары Орталық Азияда күздік бидай егісін сары тат ауруы жайлап, оның түсімділігін 40-50%-ға дейін төмендетті. 2000, 2002 және 2005 жылдары республиканың солтүстігінде ауа райы өте ылғалды болып, жаздық бидай егістерінде тат және септориоз аурулары кең таралды, осының салдарынан фунгицидтер қолданылмаған танаптардың түсімділігі 20-30%-ға дейін төмен болды. 1998-2000 жылдары олар республиканың солтүстік аймағында шектен тыс көбейіп, орасан қауіп тудырғанын көпшілік қауым ұмыта қоймаған шығар. Осы жылдары бұл зиянкеспен күресу үшін 2-3-тен 8,2 миллион гектарға дейін шабындықтар мен егіс алқаптарында химиялық препараттар қолданылып, мемлекет бюджетінен 20-22 миллиард теңгеге дейін қаржы жұмсалды. Енді арамшөптерге келсек, олардың сал¬дарынан өнім 40-50 %-ға, тіпті одан да көп кемуі мүмкін. Солтүстік аймақта астық дақылдары егісінде қара сұлы, сары қалуен, дала шырмауығы, жабайы гүлтәжі, улы кекіре және т.б. жиі кездеседі. Қара сұлы мен тары тектес және қосжарнақты арамшөптер басқан бидай егістері бірнеше миллиондаған гектарға жетеді. Ауыл және орман шаруашылығында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін дүние жүзінде арнайы химиялық препараттар немесе пестицидтер кеңінен қолданылады. Енді осы жайлы аздаған статистикалық деректерге зер салсақ. Ресей ғалымы В.А.Захаренконың мәліметіне қарағанда, өткен ғасырдың 60-жылдары жыл сайын дүние жүзінде 580 млн. доллардың пестицидтері қолданылса, 70-жылдары бұл көрсеткіш 4,7 есеге артыпты. 1980 жылы ол 20 есеге көбейсе, 1990 жылы 26 миллиард 400 млн. долларға жеткен. 90- жылдардың ортасында астық дақылдарының егіс көлемі 428 млн. гектарды құрап, 1 гектарға шаққанда 11,9 доллардың пестицидтері жұмсалыпты. Енді жүзім мен жеміс-жидек шаруашылығына келсек, олардың 1 тонна өнімін өндіруге орта есеппен 4,5 доллардың пестицидтері жұмсалады екен. Осындай жағдай картоп пен көкөніс өндіруде де қалыптасып отыр. Пестицидтерді кең пайдалану нәтижесінде дақылдарды күтіп-баптауға қажет қол күші шығыны азаяды, еңбек өнімділігі артады. Мәселен, Германияда қант қызылшасын арам¬шөп¬терден отау үшін голтикс препара-тын қолданудың нәтижесінде дақылдың түсімділігі 1950 жылмен салыстырғанда 330 центнерден, 1993 жылы 510 центнерге дейін көтерілген, ал 1 гектарға жұмсалатын еңбек шығыны 7 есе төмендеген. Осы тәріздес же¬тіс¬тіктерге АҚШ астық дақылдарын өндіруде қол жеткізіп отыр. Мәселен, 1975-1995 жыл¬дар аралығында арамшөптер және өсімдік зиянкестері мен ауруларынан келетін зиян пес¬тицидтерді кең қолдану нәтижесінде тө¬мендеп, еңбек өнімділігі 20-25 % аралығында өскен, ал өсімдік шаруашылығының тиімділігі 1,02-ден 1,75 астық өлшеміне дейін көтерілген ....
Өткен 2003 жылы Қазақстан территориясында көктем-жаз ауа райының құрғақтылығына байланысты ормандардың жану салдарынан 8 млн 842 мың тенге шығын түскен. От жалынына 5195 га жер баулыса, оның 2748 га орман алып отыр. Қазақстан территориясында орман алқаптарының көп еместігін ескерсек, республикаға бұл біршама шығын түсірді. Болған өрттердің мәліметтерін жинақтасақ, көп жағдайда ауа райының салдарынан өрт болғанын және өртті сөндіруге қарсы дайындықтың жоқтығы не әлсіздігі, оны алдын ала ескеру жұмыстарының нашар жүргізілуі және жанар-май жоқтығы көзге түсті. Қаржының жеткілікті түрде бөлінбеудің салдарынын өрт сөндіру техникасы навшар жағдайда, орман шаруашылығындағы құралдар мен қосалқы бөлшектер соңғы 5 жылда алмастырылмаған, авиациялық қадағалаудың жоқтығынан уақытылы өртті байқау мен Тақырыптың мақсаты. Орман ресурстарын сипаттау Орман ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету Қазақстан мен шетел орман алқабын белгілеу және салыстыру Ормандардың экологиялық маңызы Ормандардың көміртегіне қатысты кызметі. Ормандардың ауа тазартудагы қызметі. Антропогенді қысым жағдайында ормандардын турактылығын сақтау мәселесіне назар аудару Ормандарға рекреациялык қысымнын әсері Тақырыптың зерттелу деңгейі Қазіргі таңда бұл тақырып зерттеуді талап етеді. Қазақстан Республикасында орман қорының азаюыына байланысты оны қорғау мен тиімді пайдалану жолдарын белгілеп, оны жүзеге асыруды қолғау алу керек, сол себепті бұл тақырып жан-жақты зерттелуі аса маңызды. Методологиялық негіз Бұл тақырыпты орындау барысында мына әдістер қолданылды: - зерттеу - талдау - салыстыру Жұмыстың құрылымы Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....