Информатика | Информатика бастауыш сыныпатардағы оқу пәні ретінде және оның оқып үйренудің технологиясының жалпы мәселелері

Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.
Компьютер көмегімен осы сияқты сүлбелерді жүзеге асыру әрекеттері бұрын 2-ші, 3-ші буын машиналарында да жасалған, ал қазіргі кезде дербес техникада жалғастырылып келеді. Бірақ бұл бағытта әлі де айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. Бұның себебі: компьютерге тіпті оған тән емес дидактикалық функцияларды (жаңа ақпараттарды хабарлау және оқу барысын басқару) беруге тырысады, ал ол үшін әйтеуір бір жолмен оқу үрдісін алгоритмдеу керек және оқу барысының әр түрлі сценарилерін қарастыру керек. Осы туралы бірқатар қарсы пікірлер айтуға болады:
біріншіден, оқушылардың көбі жаңа ақпаратты мұғалімнің баяндау және түсіндіру жолымен қабылдағанды жөн көреді;
екіншіден, берілген ақпаратты меңгеру кезінде пайда болуы мүмкін барлық жеке жағдайларды болжау және бағдарламалық жүйенің оларға реакциясын ңарастыру мүмкін емес;
үшіншіден, оқу тактикасын машина анықтайтын жағдай, ал адам оған бағынышты жағдай ең өрескел педагогикалық және психологиялық қате болып табылады.
Сонымен, егер жоғарыда айтылған оқу үрдісіндегі рольдерде бөлу сүлбесін қабылдасақ, онда жаңа ақпаратты оқушыларға беруге бағытталған бағдарламаның мұғалімге керегі жоқ екенін мақұлдаған орынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек. Менің бақылау жұмысымның басты мақсаты – жобалық талдаудың концептуалды негіздерін ғылыми теориялық тұрғыдан зерделеу. Осыдан келіп, бақылау жұмысының негізгі міндеттері туындайды: - Жобалық талдауды маркетингтік тұрғыдан қарастыру; - Жобалық талдаудың техникалық қырларын анықтау; - Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау; - Жобаның институцноналдық талдау жолдарын көрсету - Жобаны тәуекелді талдау арқылы сараптау. Бақылау жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тақырыптың өзектілігі.
Біріншіден, инвестициялық қызмет мәселелері әрқашан және бизнес үшін және мемлекет үшін де маңызды болмақ. ұзақ мерзімді даму қызметі туралы кез келген артық қорлар мен назарында болуы әрқашан инвестициялар талап етеді. Бұл банктер басқа ұйымдарға қарағанда, жоғары инвестициялық әлеуетке ие болып, бұл коммерциялық банктердің қазіргі заманғы қызметінің әсіресе болып табылады.
Өз қызметінің сипатына байланысты Банктер оларға, атап айтқанда, нақты өнеркәсіп секторындағы инвестицияларды белсенді инвестициялық қызметті жүргізу үшін мүмкіндік елеулі қаражат, ұстап тұрыңыз. Бұл банктердің жағдайы мен мемлекеттің банк жүйесін нығайтуға ғана емес, өте маңызды болып табылады, бірақ тұтастай алғанда экономика мен қоғамның барлық мемлекет үшін маңызды болып табылады.
Екіншіден, Қазақстан қазіргі уақытта қызметін инвестициялайды жеткілікті дамыған жоқ көрінеді. Бұл инвестицияларды тарту үшін отандық экономиканың әлемде бірінші орынды емес екендігін арқылы растады, атап айтқанда болып табылады. Тұтастай алғанда және әрбір ұйымның ішінде осы қызметті дамыту маңызды болып табылады, сондықтан, болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылды, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталды. Адам заттай капиталмен бірге өндіріс ресурсы қызметін атқарды. Сонымен қатар, рыноктық экономикаға өтуді іске асырып отырған бұрынғы социалистік елдер мен республикалар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктерін, алдағы өзгерістер мен оның іске асырылу мүмкіндіктерін, шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінің оптималды үлгісін және тағы басқа негізгі кезеңдерді ескеретін халық шаруашылығын реформалаудың өзіндік әдісін жасау қажет болды.
Біздің еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Экономика дамуының қозғаушы күштерінің бірі бәсекелестік, барлық салаларда қарқынды дамуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорындарда қаржыны басқару мәселелері

Басқару жүйесі басқарылатын объектіге қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Басқару қызметі лауазымды адамдар мен ұйымның мамандандырылған бөлімшелері арасында бөлінеді. Басқару жүйесінің буындары желілік, атқарымдық, желілі-атқарымды, атқарымды-желілі әр түрлі комбинацияларда бола алады. Басқару жүйесі буындарының қосарлы, бірақ бөлінетін бағыныштылығы кезінде ол қалыптамалық болып табылады.
Қаржыны басқару (немесе қаржы менеджменті) ақшалай қаражаттарды, қаржы ресурстарын олардың қалыптасу және қозғалыс, бөліну және қайта бөлу, және де пайдалану процесінде басқаруды көрсетеді; бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептесумен, ақшалай қаражаттар қозғалысымен, ақша айналымымен, шаруашылықтың оңтайлы түпкілікті нәтижесін алу үшін мақсатты бағыттауда ақшаны пайдаланумен шартталатын, экономикалық қатынасқа зерделі және нысаналы әсер ету, осының бәрі осы тақырыптың көкейтестілігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Жергілікті бюджетті жоспарлау және болжау мәселелері

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты . Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік , бюджеттік қарым- қатынастың ролі , орны мен мәні өте маңызды екені белгілі .
Қазақстан Респуликасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым- қатынасының , оның ішінде бюджеттік қарым қатынастың даму тәжірибелерін білу және дұрыс пайдалану қажет.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялық қоржынды құру туралы мәселесі

Экономика саласындағы және басқа өндірісті – шаруашылық қызметіндегі кезкелген кәсіпорынның, жаңа немесе бар негізгі өндіріс қорларына сонымен қатар материалды және материалды емес активтерді құру үшін олар инвестициялау керек. Осыған байланысты менеждмент, экономика мен өндірісті және басқа кәсіпорындары мен шаруашылықтарды, қаржылық – банк қызметін бақару саласындағы мамандар инвестициялау және инвестиция қызметімен жақсы таныс болуы керек.
Осы жымыстың басты мақсаты бағалы қағаздардың оптималды қоржынын стаистикалық мәліметтер көмегімен, математикалық моделдерді қолданып шығаруы. Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер қарастырылды:
• Инвестиция мәні, инвестиция түрлері және инвестициялық қоржын
• Бағалы қағаздар түсінігі және түрлері
• Бағалы қағаздар қоржыны және оның табыстылылығы мен тәуекелділігі
• Қоржынды құру негізінде инвестордың стратегиясы
• Оптималды қоржынды таңдау мәселесі
Жүмыстың көп бөлігінде, мен бағалы қағаздар қоржынынның табыстылығы мен тәуекелдігіне көңіл бөлдім, сонымен қатар бғағлы қағаздар қоржынынын оптимизациялау.
Берілген жұмыс актуалды болып табылады, себебі экономикалық есептерді шешуде компьютерлік бағдарламаудың ролі арттырғанына байланысты.Әртүрлі экономикалық моделдер үшін соның ішінде бағалы қағаздарқоржынын оптимизациялау үшін бірнеше программалық өнімдер жасалынды . ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Салықтан жалтару мәселелері

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Лизинг қатынастарының даму мәселелері және лизинг мәмелесін жасауды ұйымдастыру

1. Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде.
Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет.
Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.
Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстандағы коммерциялық банктерді басқару мәселелерін жетілдіру жолдары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстандағы бюджеттің жүйенің мәселелері мен болашағы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық