Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық табиғаттың адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты ақтап, оны орынсыз ысырып етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған поссивтітүрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. ....
Демократиялық жолмен қол жеткен осынау тәуелсіздік баянды болуы үшін халқымыздың ғасырлар бойғы ұлт мүддесін, мемлекеттігін және рухани тәуелсіздігін қорғаған тәжірибесін парықтап зерттеу көкейкесті мақсатқа айналып отыр. Қазақ халқы сан ғасырлық даму тарихы бар дәстүрлі мәдениеттің мұрагері. Еліміздің іргесі бекіп, шаңырағы шайқалмас мемлекеттігін нығайту үшін заман талабына сай осы асыл мұраны ел игілігіне пайдалану өзекті мәселе. Ел егемендігінің асыл мұраты, негізгі мән-маңызы рухани тәуелсіздікпен ғана толыққанды жүзеге асары анық.....
Дені сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым – ВАЛЕОЛОГИЯ жөнінде сөз қозғағанда жалпы денсаулықтың сондай маңызды бөлігі - өрбіту саулығын (репродуктивтік өрбіту, көбейту) тыс қалдыру мүмкін емес. БДҰ (ВОЗ) анықтамасымен өрбіту саулығы – бұл кәдімгі табиғи ақыл-ой қуаттың бар кезде дені сау ұрпақ тудыру, өрбіту үрдісін жүзеге асыру. Өрбіту саулығы – бұл отбасы, біздің қоғамымыздың негізі. Ол өрбітер кезеңдегі денсаулық қалпын көрсетіп қана қоймай (әйелдерде 15-тен – 45-ке дейін, ерлерде 13-тен 55-ке дейін), сонымен қатар балалық шақтағы, бозбала кезде-гі, өрбіту кезеңінен кейінгі тұстағы денсаулықты да айна қатесіз білдіреді. Қазақстан Республикасының Конституциясында:”Отбасы, аналық және балалық шақ қоғам мен мемлекет қамқорлығында” деп жарияланған. Өрбіту саулығы, біріншіден - өмір салтына, ішіп-жер тамағына, сәби, бала және бозбала кезіндегі денсаулығына, экологияға, нәсіл-тегіне, өрбіту денсаулығын қорғау орнының (мектеп, отбасын жоспарлау орындары, денсаулық сақтау орталықтары, бала тудыратын үй т.б.) қызметін пайдалануға байланысты. ....
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» - денсаулық , «логос» - ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді. ....
Сонымен, денсаулық көп факторларға: мәсіл-тұқым, әлеуметтік-экономикалық, табиғи орта жағдайлары, денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе адамның өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты болады. Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзiнiң денесiн сауықтыру үшiн және ғұмырын ұзарту үшiн, өте күштi бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирдi де iштi, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түстi. Новокаинды да денесiне ине (шприц) арқылы жiбердi, жануарлардың жыныс мүшелерiн қоздыратын бездерi де денелерiне таратты, дененiң сыртында (терiде) пайда болатын электр зарядтарын кетiру үшiн суға түсiп шомылған, магниттiк өрiстi да пайдаланған. Мұның бәрiн қазiргi заманның адамдары да паидаланып келедi. Бiрақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткенi байқалмады. Аадамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бiр ғана фактор бар. Ол белсендi түрде жүргiзiлген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрiдәрмектердi салыстыруға болмайды. Дәрi-дәрмектердi iшудiң қажетi болмай қалады. Белсендi түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғумырыұзара түсетiнi ғылыми тұрғыдан да және практика жүзiнде де дәлелдендi. ....
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы». Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді. Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы. Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінң мақсаты» болуын болжайды. Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.....
Қалыпты толыққанды өмірге тек жақсы денсаулықпен қол жеткізуге болады. Денсаулық -адам өміріндегі ең басты құндылық. Денсаулық адамға қуатты сақтауға, қозғалыс жасауға және жоғары сергектікпен өмір сүруге мүмкіндік береді. Денсаулықтың күйі көптеген биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болады. Егер адам органнзміндегі барлық физиологиялық процестер (тамақтану, тыныс алу, зат алмасу және т.б. қалыпты жүрсе, онда адамның денсаулығы жақсы болады. Денсаулығы дұрыс адамның организмінде барлық компоненттер үйлесімді әсер етеді. Бұлар - денсаулықтың физикалық (организм — тірі ағза ретінде), психикалық (адам - әлеуметтік тұлға ретінде), адамгершілік (адам - қоғамның өкілі ретінде) компоненттері. Денсаулыққа әсер ететін факторлардың ішінде ең жетекші орынды физикалық рухани және әлеуметтік факторлар алады. Дүниежүзілік денсуалық сақтау ұйымының зерттеулеріне қарағанда адам денсаулығының 50-55%-ы өмір сүру салтына, яғнн адамның өз денсаулығына қалай қарайтындығына байланысты, Бұл - салауатты өмір салтының шарты. Адамдарды салауатты өмір сүруге үйрету - күрделі процесс. Барлығы да бұл істің өте маңызды екенін біле тұрса да, оны ұстанбайды. Қоршаған ортаның организмге әсеріне де үлкен көңіл бөлінеді. Ауаның және судың ластануы организмде әртүрлі аурулардың пайда болуына себепкер болады. Адам денсаулығының 17-20%-ы экологиялық факторларға байланысты, яғни қоршаған орта әсеріне тәуелді болады. Мысалы, қоршаған ортаның ластануының организмге әсерінің нәтижесінде организмнің улануы (интоксикация) мүмкін. Денсаулық деген не? Үлкен медициналық энциклопедиядағы анықтама бойынша: денсаулық - адам организмінің оарлық мүшелері мен жүйелері қызметінің қоршаған ортамен теңестірілуі және қандай да бір ауытқудың болмауы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "денсаулық - тек аурудың немесе физикалық кемістіктің болмауы ғана емес, ол адамның толық физикаллық, психикалық және әлеуметтік саулық күйің. Берілген анықтамалардан (толық тізімі емес) денсаулық түсінігі организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделу сапасын және адам мен тіршілік ортасының өзара әсерін айқындайтынын көреміз. Денсаулық сыртқы (биологиялық және әлеуметтік) және ішкі (тұқым қуалаушылық жынысы, жасы) факторлардың өзара әсерлесуі нәтижесінде қалыптасады....
Жас кезеңдері деп адамның өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерін, шегін айтады. Белгілі бір жас кезеңінде ағзаның даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі даму деңгейде дайындалу мерзімі басталады. Адам жасының даму кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді: 1. Жаңа туған сәби (нәресте)---------------------------- 1-10 күн 2. Емшектегі сәби---------------------------------10 күн-1 жас 3. Сәбилік шақ-------------------------------------------1-3 жас 4. Бірінші балалық шақ----------------------------------4-7 жас 5. Екінші балалық шақ------------------------қыздар 8-11, ұлдар 8-12 жас 6. Жасөспірімдер немесе жеткіншек шағы-------- қыздар 12-15, ұлдар 13-16 жас ....
Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселе¬лер¬ді басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп жақсылығымен бірге бас шай¬қа¬тар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп, бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас бе¬кітулі шекаралардың ашылуы, елі¬мізге лап берген шетел¬дік азаматтар, бизнесмендер, ин¬вес¬торлар, тіпті алыпсатар сауда¬гер¬лерге дейінгі топтар өздерімен көңілді селт еткізер жаңалық¬тары¬мен бірге ортаны ой¬сы¬ратар кем¬ші¬ліктерін де ерте келгені бел¬гілі. ....
Денсаулық — баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дуние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті барлық икемді аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін.
Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым үшін қандай болуым керек – ақылды , әдемі және денсаулығым күшті болуы керек . Иммануил Кант Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қазына екендігіне түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалау болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не болатынын ескермейміз де. Денсаулықтың не екенің , оның қадірін тек ауырғанда ғана білеміз. М.Петтенкофер Валеология- медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар. И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: «Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек» . Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педагогиямен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырды. Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар. И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: "Денсаулық туралы ғылым интегратды түрде болуы керек" Оның пайда болуы, және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, педагогикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырады. Валеология И. И. Брехманың айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керск. Оның көздеген мақсаты адамдардың, денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулардың алдын- алу. Денсаулықты сақтау адам адам үшін ең маңызы зор. . Қазіргі кезде валеология ғылымына сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығнмен бірге өсіп, біте қайнасьп келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын арттыруға көмектеседі. ....