Медицина | ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ.
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінң мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.
Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушандықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер ( туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Кейбір елдерде туып- көбеюді жасанды түрде азйту денсаулықтың көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді.
Сондықтан денсаулыққа баға беру үшін туып- көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге, кешенді түрде қараған дұрыс. Халықтың денсаулығын сиппаттау үшін көбінесе аурушаңдықтың көрсеткіші алынады. Бұл туралы мәліметтерді ресми статистикалардан және арнаулы зертеулер жүргізу арқылы анықтауға болады. Көбінесе, осы мақсатқа жалпы жинақтаған әр түрлі пайыздық көрсеткіштерді таңдап, іріктеп алу тәсілі жиі қолданылады. Зерттеу мақсатына байланысты өз еркімен келіп қаралғандар, уақытша еңбекке жарамсыздық алғандар, ауруханаға алынғандар т.б. есепке алынады.
Адамдардың денсаулығы- динамикалық құбылыс. Қоғамның күш- жігері организмнің өмір сүруіне кері әсер ететін әр түрлі қолайсыз факторларды азайтуға немесе оларды толық жойып жіберуге жұмылдырылуы керек. Бұл жағдайда, адамдардың әр түрлі сыртқы орта факторларына дағдылану шегін зерттеу жұмыстарының маңызы ерекше. В.П.Казачеевтің пікірі бойынша нозологияға дейінгі жағдай 4 түрге бөлінеді :
Қалыпты жағдай (сыртқы орта жағдайларына толық немесе жартылай дағдылану);
қиналу (зорлау), шиеленісу жағдайы (дағдылану процесінің жетіспеушілігі)Ү
қатты зорырығу, өте жоғары шиеленісу;
астенизация жағдайы (реттегіш жүйелерінің әлсіреуі).
Сонымен, адамдардың денсаулығы дегеніміз- оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш- қайраты талмай, ұзақ өмір сүруі.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген «денсаулық» деген түсініктің өзі бұлдыр, тиянақсыз болғандықтан, кейбір жағдйларда, жеке параметрлердің өзіне сандық өлшеммен баға беруді өте қиындатып жібереді. Халықтың денсаулығына баға берудің кешенді көрсеткішін жеке зерттеп, өңдеу мақсатында көптеген зерттеушілер еңбек етуде. Мұндай көрсеткіштер денсаулық жағдайының деңгейін анықтаумен қатар, медицина қызметінің бағыты мен бағдарламасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін денсаулықтың нашарлауының қарқындылық шкаласын құру, денсаулық топтары мен денсаулық индексін анықтау, иетематикалық өңдеулер жасау т.с.с. көптеген әр түрлі амал, тәсілдер падалынылады
ВАЛЕОЛОГИЯ- ДЕНІ САУ АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ, НЫҒАЙТУ ТӘСІЛДЕРІН ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМ.
Валеология Медицина ғылымының ьаңызды тармағы болып, соңғы он жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты – адам денсаулылығы туралы ғылым болып қалыптасады .
Валеология - екі сөзден құралған . “Vale” латынша («сау болу», «аман болу») деген сөзден туындайды, «logos» грекше («ілім», «ғылым») деген сөз. Валеология терминін 1960 жылдарда профессор И. М. Брехман енгізген.
Адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмен- деуі, көптеген отандас және шетел ғылымдарының негізгі пікірлеріне қарағанда денсаулық туралы ілім жаңалықтарынан адамдардың беймағлұмдығына және немқұрайдылығына да байланысты. Сонымен бірге аурудың алдын алудың бірінші деңгейдегі бірегей амалдар жүйесі жұмысының едәуір нашарлауына әкеп соқты. Баршаға мәлім болғандай, медицина ғылым болып туғаннан бері, оның басты мақсаты – адам денсаулығын сақтау және нығайту, ал ауруларды емдеу - медициналық доктринаның екенші бөлімін құрастырады деген аңыздарға ден қойсақ, көне шығыс әміршілері денсаулық сақтауды өте дәріптеген. Өзінің сарай емшілеріне тек дендері сау болған күндеріне ғана жалақы төлеген. Қай заманның болмасын медицина кеменгерлері денсаулықты табиғат тартқан керемет сый ретінде бағалап, денсаулықты сақтауға көп мән берген. Алайда, медицина қаншалықты көне болғанмен осы ғасырдың алғашқы он жылдығына дейін «денсаулық» деген ұғымның ғылыми анықтамасы болмаған. 1903 жылы халықаралық медицина конгресінде И.П Павлов «... өкінішке орай бізде әлі күнге дейін организмрің негізгі принципі – «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкілік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ...» деген. Ол кезеңнен бері жағдай біршама өзгерді.
Әр түрлі себептер әсерінен медицина еьдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандырылған сипат алып келеді. Медицина қазіргі кезде негізінен денсаулық туралы емес, аурулар хақындағы ғылымға айналып бара жатыр. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан да орын алған. Онда былайша жазылған: «Медицина»- ежелден адам ауруын емднп, алдын алуды мұрат етіп келе жатқан ғылым. Бұл анықтамада «денсаулық» деген тіпті сөз жоқ.
Адам денсаулығы өте көп факторларға тәуелді, ішкі және содай-ақ сыртқы себептермен бірге әркімнің өзінің және әлеуметінің, мемлекеттің денсаулығына деген кемел, ұтымды да, тиімді көзқарастарына байланысты. Әркімнің байлығы да, шынын да, неден, қалай жинақталатыны жөнінде қазақ халқында бефнелі көркем анықтама бар:
«Бірінші байлық- денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық»
Яғни айьқанда, «бірінші байлық- денсаулық, екінші байлық – ана бастаған отбасы (шығыста күйеуге шыққан әйел тазалықтың, игілікті ойлардың және отбасы амандығының символы ретінде басына ақ орамал тартатын болған); үшінші байлық- үй шаруашылығындағы үлкен- кішінің негізгі тағамы дайындалатын сүт беретін сауын малдар.
Жер шары халықтарын әлеуметтік- гигиеналық тексеріске алу нәтижесінде жинақталған көп құжаттарды талдағанан кейін ДДСҰ ( дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мынандай қорытындылар жасды: «Тұрғындар денсаулығының қалпы- 49-53% шамасында, өмір сүру салтына байланысты, бір сөзбен айтқанда, өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, 17-22% шамадан тыс ортаға (жыл санап бұл фактор әлемдік, экологиялық жағдайсыздықтардың асқынуынан кең етек алып келе жатыр), 18-22% тұқым қуалайтын себептерге (генотип), жеке бас ерекшеліктері және т.б., сонымен тек 8-10% денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты».
Сонымен, денсаулық көп факторларға: мәсіл- тұқым, әлеуметтік- экономикалық, табиғи орта жағдайлары, денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе адамның өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты болады
ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ.
Академик А.А.Покровский «балансты тамақтанудың концепсиясын» жасап шығарған болатын, басқа сөзбен айтқанда - адамдардың тағамдық заттарға қажеттілігін оқып, білу. Дұрыс өмір сүру үшін қажетті тағамдардың энергетикалық мөлшері жағынан жеткілікті болуы ғана емес, сонымен қатар зат алмасу процестеріне қажетті факторлардың міндетті түрде бір – бірімен белгілі баланста болуын қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
Бұл әсіресе, өсіп келе жатқан организмдер үшін ерекше маңызды. Балалар мен жасөспірімдердің жасына, жынысына, іс-әрекет түрлеріне және тұратын аймақтарына байланысты тамақтану рационы дұрыс баланста болуы керек. Әсіресе, тамақтың каллориясына, белоктардың аминқышқылды құрамына, майлар мөлшеріне, оның ішінде өсімдік майларына, минералдық тұздарға және витаминдерге ерекше көңіл бөлінуі керек. Тағамның мөлшері мен сапасы тағамның жетіспеушілігіне де, оның организмге мөлшерден артық түсуіне де сезімтал келетін жасөспірімділер организмінің қажеттілігіне сәйкес келуі керек.
«Балансты тамқтанудың концепсиясына» сәйкес, 1982 жылы Медицина Ғылым Академиясының тағам институты балалар мен жасөспірімділердің жасы мен жынысына сәйкес, тағамдық заттар мен энергия қажеттілілігінің физиологиялық нормасын өңдеп шығарды. Тағамның негізгі компонеттерінің балансының бұзылуы зат алмсу прцесіне қолайсыз әсер етіп, өсу процесін баяулатады. Мұндай бұзылыстар көбінесе белок пен май қатынасының дұрыс болмауынан туындайды.
Балалар тағамында белок пен май қатынасы 1:1; белок, май, көмірсулардың қатынасы ерте жастағы балалар үшін 1:1:3; ересек балалар ншін 1:1:4 болуы керек.
Әр түрлі типтегі мекемелердегі тамақтану тәртібінің ерекшеліктері. Мектепке дейінгі балалар мекемесі: 1. Балалардың тәулік бойы болуына арналған мекткпке дейігі мекемелерде, тәліктік калорияның нормасын қамтамасыз ететін 4 мезгілдік тамақтандыру ұйымдастырылады; 2. Балалардың 12 сағат болуына арналған метепке дейінгі мекемелерде 4 және 3 мезгілдік тамақтану қарастырылған. Біріншісінде, балалар кешкі асты мезгілінен бір сағат артерек қабылдайды, екіншісінде – кешкі ас пен сәскелік тамақтың жүктемесі осы қосымша сәскелік астың құрамына кіреді. 3. Балардың 9 – 10 сағат болуыны арналған мектепке дейінгі мекемелерде 3 мезгілдік тамақтану тәртібі қарастырылған.
Жалпы білім беретін мектептерде:
Оқушылар мектепте 4-6 сағат болады, тамақтану арасының ұзақ болуы олардың қызмет қабілетіне және организмнің ас қорыту функциясына қолайсыз әсер етеді. 1. Тамақтану аралықтыры 3 сағаттан кем, 4,5 сағаттан жоғары болмауы тиіс. Мөлшермен алғанда тамақтану тәртібі: үйдегі таңертеңгі ас – 7.00-7.30; мектептегі таңертеңгі ас 2-ші немесе 3-ші үзіліс аралығында; ұзартылған күн тәртібіндегі топтар үшін мектептегі түскі ас 13.00-13.30; дайындық сыныптары мен ұзартылынған күн тәртібіндегі топтарға күндізгі ұйқыдан соң барілетін сәскелік тамақ-16.30; үйде, кешкі ас – 19.00-19.30; 2. Дұрыс ұйымдастырылған, таңертенгі асты қабылдау уақыты 10 минуттан аспауы керек. 3. Асқазан- ішек жолдарында, бауыр, бүйректерінде науқасы бар балалар соған сәйкес тағамдармен тамақтануы керек. Медициналық қызметкерлер осындай оқушылардың тізімін жасайды, ал асханаларда оларға арнайы столдар бөлінеді.
Кәсіптік – техникалық оқу орындары;
1. Асхана оқу орнының базасында орналасқанда ғана тамақтануды дұрыс ұйымдастыруға болады. Кәсіптік –техникалық училищелерді асханасыз салуға рұқсат етілмейді; 2. 3 мезгілді тамақтану тәртібі қарастырылады ( таңертеңгілік ас, түсі және кешкі ас), кейбір ерекше жағдайларда (жатаханада тұратын контингенттің жақтығы немесе жатаханадан асхананың алыс орналасуы) кешкі астан басқа 2 мезгілді тамақтану рұқсат етіледі; 3. Жүктемесі жоғары мамандықтары меңгергеретін жасөспірімдерге 4 мезгілді тамақтану тәртібі ұсынылады ) 2-ші таңертеңгі ас немесе сәскелік ас қосылады).....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ