Рамазан – 1 ай береке,4 апта толассыз тілектер, 30 кун кешірім, 720 сағат шынайы мүмкіндік, 43200 минут мейірім шуағы, 2592000 секунд тогілген нұр.Талайды көптен күттірген өзімен бірге мол сауап арқалап келе жатқан берекелі Рамазан айы жақындады.Осы жылғы Оразаның тиімділігі қыстың қақаған суығына не шілденің шіліңгір ыстығына емес мамырдың мамыржай күніне келіп тұр.Яғни қасиетті ай мамырдың 6-нан бастау алады. Рамазан айы – Ұлы Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен,сауабы көп, айлардың ең қайырлысы.Жаратушы Алла адам баласына 5 парызды жүктеген.Солардың бірі Ораза ұстау. Құран Кәрiмде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретiнде Құран түсiрiле бастаған ай. Сендерден ....
Диагносткалау негізінде суретті тесттерді қолданбайтын маман жоқ болар, с»рә, әсіресе, егер ол баламен жұмыс (істейтін) жасайтын мамандар болса шын мәнінде, бұл клиенттің ішкі желі туралы үлкен көлемді ақпарат алуға талана мүмкіндік. Онымен бірге балалар сурет салу сияқты тапсырманы (қуана,) шын көңілмен орындайды – бұл іс - әрекеттің дағдылы және түсінікті түрі. «Адамның суреті», «Үй ағаш, адам», «белгісіз жануардың суреті», «жанұя суреті» және т.б әдістемесі неғұрлым жиі қолданылады. Студенттерді оқытқан кезде суреттің деталын, бағалау параметрлерін толық қарастырды, жұмысты талдау жасалады. Тәжірибеде тәжірибесі бар маман көбінесе алдымен (болжам) жорамал жасайды, ал сосын, оларды тексереді. Суретті тесттің қайсысының клиенттің ішкі дүниесі туралы, оның эмоциялық жағдайы туралы қайсысы көбірек ақпарат беретінін біз әріптестермен талқылағанбыз. Бір мезгілде беретінін біз әріптестермен талқылағанбыз. Бір мезгілде «Үй – ағаш - адам» және «белгісіз жануар суретін» ұсыну керекпе немесе бір жұмысты орындау жеткілікті ме? Бұл әдістемелер бірін – бірі толықтыра ма? Мен осы әдістемелерді салыстыруға әрекет жасадым. Әр – түрлі авторлар нақтылап талдаудың әртүрлі деңгейдегі талдау жасауға арналған параметрін бөліп шығарды. Егер бұл жұмысты жалғастырғысы келгендер табылса мен қуанамын. Әдебиеттер тізімінде Е. С. Романованың , О. Ф. Потенкинаның «Психологиялық диагностикадағы графикалық әдістер» атты атақты монографиясына нұсқау жоқ, онда тек «Үй – ағаш - адам» көрсетілген, бірақ, «белгісіз жануар» жоқ. Айтпақшы соңғы әдістемені суреттің материалдар өте аз болып шықт....
Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады.Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік », «Солтүстік-Солтүстік »,«Оңтүстік-Оңтүстік ». «Солтүстік-Оңтүстік » жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді,мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түолерін шетке шығарады да,техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастар дың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік » жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған. Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады: -сыртқы сауда саясаты жөнінде; -халықаралық сауда саясаты жөнінде. Сыртқы сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі. Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық сауда және беақа да топтардың мүдделерінің көрінісі. Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделеген: еркін сауда және протекционизм. Осы шараларды іске қосудың уақытша параметрлері бойынша барлық мемлекеттер бір-бірінен өзгешеленеді,яғни бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан;ал кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды. Мысалы, Оңтүстік Корея,Бразилия және басқа елдер алғашқы кездері тек қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар жасады,ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды. Осылайша,көптеген елдер экспортты өңдеу дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де,дамудың экстенсивті жолдарын таңдады(Аргентина),бұған қарағанда Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды. Мысалы,қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі. Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған,яғни дамушы әлем,әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне –ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. ....
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны–өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы. Өнімнің өзіндік құны– кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы. Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында–залалсыз жұмыс істеуге тиіс өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталатын, тауардың құны белгіленеді. Өнімнің өзіндік құны жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау кен кәсіпорынның басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі туралы пікір айтуға болады. Кәсіпорынның өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:
T=C+V+m (6.1) мұндағы Т– тауар құны; С– тұтынылған өндіріс құралдары; V– қажетті еңбек; m– қосымша құн.
Тұтынылған өндіріс құралдары деп– материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады. Яғни, бұлар бұрын затталған еңбектң құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары–құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс «тұрақты капитал» деп атаған (constant capital). Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші–тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы алады. Жұмыс күші–өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнына артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі «өзгермелі (variable) капитал» делініп, «V» әріпімен, ал қосымша құн «m» әріпімен белгіленеді. ....
Қоғамдық қатынастарды реттеу негізінде әдет-ғұрып, дін, дәстүр сияқты көптеген әлеуметтік нормалар арқылы іс жүзіне асырылады. Сол әлеуметтік нормалардың сапында құқық нормалары ерекше пұрсатқа ие. Құқықтық реттеу басқа әлеуметтік реттеуге Қарағанда өте күрделі және қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтиды. Осыған байланысты мемлекет өзінің тарапынан функцияларын атқару, іс жүзіне асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылықпен тікелей айналысады, және аса маңызы бар үрдіс болып табылады. Себебі, дүниеге қандай заң, қаулылар, өкімдер, инструкциялар, шешімдер келеді және олардың сапалық мазмұнына байланысты қоғамдық қатынастар да тиімді реттеледі. Құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы органдарының қызметтерінің нәтижесінде қабылданады, өзгертіледі және жоққа шығарылады. Мемлекеттің және оның органдарының құқық нормаларын жасауға бағытталған әрекеттерін құқық жасаушылық деп айтады. Мемлекет және құқық теориясында құқық жасаушылықтың ұғымы құқықты қалыптастырумен, құқық нормаларын жасаумен және қабылдаумен тікелей бай¬ланысты. Міне, сондықтан тек ғана құқық жасаушылықтың негізінде ғана күрделі процестен өтіп, заңдар, жарлықтар, қаулы¬лар және басқа да нормативтік кесімдер пайда болады. Құқық нормалары адамдармен жасалынады, қабылданады және бекітіледі, олардын саналы қызметтерінің тікелей жемісі. Тарихтың қойнауына жүгінетін болсақ құқық жасаушылықтың пайда болуы мемлекеттің шығуымен тікелей байланысты. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттеліп отырған болса, мемлекет пайда болғаннан кейін шиеленісті қоғамды реттеуге әдет-ғұрып номаларының күші жетпейді, дәрменсіздік танытады. Осы кезеңде қалыптасып, пайда болған мемлекет қоғамдық қатынастардың реттелуі тиімді болуы үшін барлық халыққа міндетті құқық нормала¬рын қабылдайды, олардың бұлжытпай орындалуын талап етеді. ....
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып, оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен, мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең: мұражай мәртебесі өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.
Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.
Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып, кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу жұмыстарының ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен жүргізілгендігін көреміз. Мысалы, қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып, әрлеудің стилін бұзды, өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды. ....
Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.....
Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынас жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдау талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілігін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды бейнелейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестікті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол тауарды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады, бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады.....
Түркістан қласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол осы арадан Иасы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Иасауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Иасауидің 12 ғ-да салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ-түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді. Жамағатхана күмбезінің 41 кезге, ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті. Бас фасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені —60 кезге, пештақ арқасының биіктігі—30 кезге жетуі қажет болатын.....