Халықаралық сауда

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай да бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда) немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
«Фритретерство» саясатын ең алғаш А.Смитт өзінің «Салыстырмалы артықшылқтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады»- деп жазған.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады. Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;
2. экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кеден бағасы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;
7. сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы, тағы басқа да жағдайлар.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі байқала бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 1/3 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңдерде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұралым, байланыс құрал-жабдықтар тағы басқа факторлар ескеріледі. ....
Рефераттар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Есеп және сауда

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.
Ақша

Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Базар, сауда

Саудагер ажарын сатады,
Сұрамсақ назарын сатады.

Арзан болса,
Алушыдан ынсап кетеді.
Қымбат болса,
Сатушыдан ынсап кетеді.

Сауда сақал сипағанша.

Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар.

Базарда мың кісі бар,
Әркім танығанына сәлем береді.

Мақал-мәтелдер
Толық