Қазақтың салт- дәстүрлерін құрметтеу – борышым

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт- дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен , ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық,......
Шығармалар
Толық

Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт – дәстүр, әдет-ғұрып ұғымы тек қазаққа ғана емес барлық ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтың қанына сіңген қасиеттері: бауырмалдығы мен ақжарқындығы, қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс табады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Біздің елімізде салтты қатаң сақтау ерте кездерден бастау алған......
Шығармалар
Толық

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қай кезде болмасын біздің ата-бабамыздың алдында тұрған үлкен міндеті - өз ісін, өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу болды. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлаудың басты мәселесі. Ал осы жастарды жан-жақты саналы, ибалы, инабатты азамат етіп өсіруде халықтың салт-дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайғанға дейінгі өмірі, өзгелермен қарым-қатынасы барлығы да салт – дәстүрімізде ерекше орын алған. Жастарды тәрбиелеу мәселесіне ерекше
көңіл бөлген бабаларымыз “Қызға қырық ......
Шығармалар
Толық

Саламатты өмір салты терең білім мен тәрбие көзі

Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі.
Қазақ елінің ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептеледі. Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан әр адамның «менің саулығым менің ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал. Бұл орайда педагог қауымының алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білікті де білімді, саламатты өмір сүре алатын тұлға қалыптастыру. Жан мен тән саулығы ақыл - ойдың, сананың алтын арқауы екенін бүгінгі күн де дәлелдеп отыр. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек. Бұл бағытта балабақшамызда біршама оң істер тындырылуда. Балабақшадағы әрбір іс - шаралар осы міндетті шешуге бағытталғанда ғана саламатты өмір салтанат құрмақ.
Біз саламатты өмір салтын былайша анықтаймыз: 1) саламатты өмір салты - ол жеке адамның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру салты; 2) саламатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу шараларының кешені. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері

Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтың мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі «тұсау кесу» дәстүрімен танысмыз. Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалған ырым. Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындайды. Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары бар. Олар:

-Көбейіп, көгере берсін деп шөптен есіп жасаған.

-Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.

-Адал болсын деп ала жіпті есіп жасаған.

(Ортаға әже мен екі келін немересімен шығады. Жерге ұзын ақ мата төсеп, тұсау кесу рәсіміне дайындалады. Екі келін сәбидің екі жағынан ұстап, әжеге келеді.) .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Қазақ барда салт-дәстүріміз ғұмырлы болмақ

Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне,тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп,өзгеріп,қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық :«Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар»,-деп дұрыс айтқан.
Дүние жүзі халықтарының өздеріне тән салт-дәстүр ерекшеліктері бар. Сол сияқты:«Қазақ барлық сенім,әдетімен де, ойын -сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар,өлең жырлар жасауымен де,сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де,соттың шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына қосылады»,-деп Ш.Уалиханов ......
Шығармалар
Толық

Қазақтың салт-дәстүрлерінің маңызы

Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр.Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады.Қоғамдық ұйымдар мен адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен өте тығыз байланысты, cол себептімәдeниеті жоғары дамыған ел- дәстүргe бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық,шындық озық дәcтүрлeрге жатады.Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі және қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді. Уақыт өткeн сайын салт-дәстүрге өзгеріс енген.Салт-дәстүр қазақ үшін бұлжымас заңға айналған.......
Шығармалар
Толық

Салт-дәстүр | Ұлыстың ұлы күні

„Ұлыстың ұлы күні — ұлыс күн"
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты жаз ("йас") бен алты ай қысқа ("қыш") бөлінген. Тіліміздегі „алты ай жаз бойы", „ала жаздай", „алты ай қыс бойы", „ала қыстай" секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан мойып босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан — „жағымды", ал қыс айларында суық, аштық, жұт болатындықтан — „жағымсыз" саналған. Әуелгі адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті „Авеста" кітабында, XI ғасырдағы түркі тілдерінің энциклопедиясы—„Диван лугат-ат-түрк" сөздігінде, сондай-ақ қазақ халқының қиял-ғажайып ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар жақсылыққа „Ахуромазда", жамандыққа „Ахирман" деп ат қойса, бұрынғы қазақтар жақсылықты „Кие", жамандықты „Кесір", қысты „Зымыстан", жазды „Табысқан" деп атаған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салт-дәстүр: Неке қияр

Неке қияр , неке қию – 1) отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі; 2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.

Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құран аяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Салт-дәстүр: Құда түсу

Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі.

Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.

Құда түсу- қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық