file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Биология | ЛЕЙКОЗДАР

Қан жүйесі ауруларының арасында лейкоз бірінші орын (40%-ға жуығы) алады. Бұл ауру соңғы жылдары жиілеп бара жатыр. Жер шарында жылына 150 000 адам лейкоздан өледі. Лейкоз қауырт және созылмалы болады. Шеткі қанда лейкоциттердің деңгейіне қарай лейкемиялық (200—400 • 109/л-ге жуық), сублейкемиялық (60—80 • 109/л) және алейкемиялық (қалыпты немесе азайған деңгейде) лейкоздар болады.

Бүлінген қанөндіру тінінің түріне қарай лейкоздарды: миелоидтық, лимфоидтық, моноциттік, эритромиелоидтық, мегакариобластық, ажыратылмаған жасушалық т. б. деп ажыратады.

Этиологиясы. Лейкоздардың этиологиясы әлі толық шешілмеген мәселе. Олардың пайда болуында химиялық әсерлердің, вирустардың, иондағыш сәулелердің маңызы белгілі.

.....
Рефераттар
Толық