Әдебиет | ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ

ӘБУ НАСР Мұхаммад Ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан, ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н.әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезінде дәл келді. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, мед...
Тарихта аса қастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ қызметі мынаған саяды: Ол бірінші рет «ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты аралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, Ә.Н. әл-Ф. өзінің «ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, оптика, математикалық астрономия, музыка, шеберлік амалдары туралы ғылымдарды қосады. Бұдан Ә.Н. әл-Ф. математиканы оның кең ауқымды қолданбалы салаларыныңсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны көрінеді. Математиканың қолданбалы салаларының ішінде «шеберлік амалдары туралы ғылым» болып есептеледі. Оның білім мен тәрбие әдістемесіне байланысты «Рухани шеберлік амалдарының кітабы» атты жеке еңбегі де бар. Онда математика саларында қолданылатын әдістемелік амалдар туралы шебер айтылған. Ә.Н. әл-Ф, өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардан өзгеше, білім мен тәрбиенің ерекше мән берді. Тәрбие мен білім «жас ұрпақтың қос қанаты» деп аталды. Ол «тәрбиесіз берілген білім адамзатты күйретеді» деп көргендікпен ескертті. Бұған адамзат тарихы өзінің басынан өткен ащы тәжірибесінде көз жеткізуде. Бүгінгі қоршаған табиғи, рухани ортаның бұзылуы адам мен табиғатты экологиялық апаттың ең шеткі құлау құрдымына алып келді. Бұл тәрбиеден ажыраған білімнің салдары сондықтан Ә.Н. әл-Ф. тәрбиелеуші білімнің ғылыми негізін қалаған екінші ұстаз атанды. Ә.Н. әл-Ф. сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесі жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. ....
Рефераттар
Толық