Қытайдың экономикалық саясаты


Жаһандану үстіндегі әлемдік кеңістікте “рыноктың көрінбес қолымен” және бел¬сенді мемлекеттік реттеу арқылы халық¬аралық еңбек бөлінісіне тартылған елдердің өзара тәуелділігінің, өзара астасула¬рының күшеюі байқалады. Ұлттық экономика¬лардың бір-біріне тар¬тылысында тереңдей де кеңейе түскен сауда байланыстарына ерекше рөл жүктеледі. Индустриялық және дамушы елдердің экспорттық-импорттық саясатқа әрқилы қатысуы, соңғыларының тәуелділігі күшейе түсуі әлемдік экономикадағы күштер орналасуына ықпал етіп келеді.
Салыстырмалы түрде алғанда әлемдік шаруашылық үдерісіне жуырда қосылған аса ірі мемлекет Қытай болып табылады, ол халықаралық өндіріс пен тауар айналымына белсене қатысып келеді. Бұл ел көп ретте Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия¬дағы макроэкономикалық ахуалды айқындап отыр. Экономикалық өсу қарқыны бойынша (1999 жылы – 7,1%, 2000 жылы – 8, 2001 жылы – 7,5, 2002 жылы – 8, 2003 жылы – 9,3, 2004 жылы – 9,3, 2005 жылы – 9,9%) ҚХР барлық елдердің алдында келеді. 2005 жылы ІЖӨ деңгейі бойынша (2,3 трлн. доллар) ол әлемде 4-ші орында болды. Жалпы өнімді жан басына орташа тұтыну 1,7 мың долларды құрайды. 2010 жылға қарай 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткішті екі есе арттырып, 2,5 мың долларға жеткізу жоспарланып отыр. Экономика “қызынуы” факторының өсуі ретіндегі жоғары сер-пінділік Қытай үкіметін мазалап отырғаны байқалады, сондықтан да 2006 жылы ІЖӨ-нің өсуін 8%-ға дейін шектеу көзделуде. Бұл ретте негізгі қорға салымдарды қысқарту, кредиттеу шарттарын қатаңдандыру секілді құралдар пайдаланылмақ.
Континенттік Қытайда 1,32 млрд. адам тұрады. Бұл ел аумағы жағынан әлемде 3-ші орында (9600 мың шаршы шақырым). Жұмыс күшінің саны 750 млн. адамнан асады, мұның өзі Үндістанға қарағанда 1,7 есе, ЕО елдеріне қарағанда 2,4 есе көп, соның ішінде Германиядан – 19 есе, Ұлыбританиядан – 25 есе, Франциядан – 28 есе, АҚШ-тан – 5 есе, Жапониядан – 11 есе артық. ....
Рефераттар
Толық