Философия | Ежелгі үнді философы

Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында Үнді елінде философия пайда болды. Философиялық ойлар мифологиялық көзқарастың ыдырауының нәтижесінде қалыптасты.
Үнді елінің ғажап ерекшелігі-оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна немесе каста дейді. Негізінен алғанда, Үнді қоғамы төрт кастаға бөлінді. Олар: 1) Брахмандар (ақтар) - айналысатын істері - ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар; 2) Кшатрилер (қызылдар) - айналысатын істері - жауынгерлер; 3) Вайшьилер (сарылар) - еңбек ететін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с; 4) Шудралар (қаралар) - ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.
Тарихи тұрғыдан алсақ, алғашқы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі. Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан үш принципті көрсетуге болады. Олар: 1) Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі; 2) Касталық қоғамның пирамидалық құрылымы. Әр каста өзінен төмен тұрған топтарға жоғарыдан қарап өзінің төмендегіге қарағанда қадірлілігін сезінуге мүмкіндік алды; 3) Реинкарнация, яғни, адамның жан-дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі.
Үнді халқының тағы бір орасан зор ерекшелігі - оның өте бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды. Үнді аңыздарында үш мыңнан артық Құдай кейіпкерлері суреттелген. Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, қартаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі құдайлар мен негізгі ұғымдар. Йндра - найзағайдың, күн күркіреудің құдайы; Митра - күн құдайы; Варуна - аспан құдайы; Агни - от құдайы; Яма - өлім құдайы; Тапас - дене іңкәрі, жылылық; Рита - ғарыштағы тәртіп; Пуруша - ғарыш адамы, рух, жан; Карма -адамның тағдырын құрайтын жан-дүние; Сансара - ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі: Мокша - бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу; Дхарма - заң мен әділет құдайы.....
Рефераттар
Толық