Дінтану | Араб халифаты

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VIІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың баскару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де, қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. ....
Рефераттар
Толық