Биология | АСҚОРЫТУ

Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса Күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы - дейді халық.
Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік қоретеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл - экзогендік тамақтану.
Сырттан, қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек, эндогендік тамақтану ген тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Асқорыту - ете күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Асқорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайдалана алатындай қарапайым қосынды - мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер - тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық гидролазалар - бактериялар мен біржасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік үрдістерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда симбионттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі. Меншікті гидролазалар - жан-жануар, адам денесінде ас қорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.....
Рефераттар
Толық