Биология | АСҚОРЫТУ
АСҚОРЫТУ
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса Күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы - дейді халық.
Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік қоретеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл - экзогендік тамақтану.
Сырттан, қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры біртіндеп таусылады да адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек, эндогендік тамақтану ген тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Асқорыту - ете күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Асқорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайдалана алатындай қарапайым қосынды - мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидралаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Аутолитикалық ферменттер - тағамдық заттар, мәселен, ана сүті құрамындағы ферменттер, симбионттық гидролазалар - бактериялар мен біржасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік үрдістерді іске асыратын, айталық, күйіс қайыратын малда клетчатканы ыдырататын ферменттер. Адамда симбионттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі. Меншікті гидролазалар - жан-жануар, адам денесінде ас қорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер.
Гидролиз үрдісінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі ас қорыту болып екіге бөлінеді.
Жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымги гидролизге ұшырайды. Мәселен, лейкоцитгер мен лимфоцитгерде, ротирулоциттер және гистиоциттер жүйесінде ас осылай қорытылады.
Жасушадан тыс жерде асқорыту дистанттық (қуыстық) және тонтақтық (мембраналық) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту ферменттер түзілетін жасушалардан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контақтық ас қорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларында гликокаликстсг ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликокаликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителиі бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді. Сөйтіп сіңу үрдісі басталады.
Асқорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі івдек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.
Асқорыту жүйесінің қызметі:
1. Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) болады. Олар үш топтан, атап айтқаңда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.
Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза - әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза - полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.
Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі құрамына кіретін ағзалар бірімен бірі жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған ішек-қарын түтігін құрады. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты бірыңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықгары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Өңеш, ішек-қарынның қимылы осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып алма- қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі (каналы) тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп, қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып он- ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.
Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек-қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Сіңу ішектің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның шырышты қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы алғанда қоректік заттар (ыдырау өнімдері) негізінен ащы ішекте сіңеді.
Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі (экскреция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне ітксп заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар, су), өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.
Эндоскоппен қарау (эндоскопия) үшіп ауыз, жұтқыншақ, өңеш арқылы қарын мен он екі елі ішекке арнайы кұрал - эндоскоп енгізіледі де соның көмегімен карынның ішкі құрылысын көруге, суретін салуға және биопсия әдісімен қажет материал алуға болады.
Радиоактивтік изотоп арқылы қоректік заттардың сіңу дәрежесін, мәселен, изотоппен белгіленгем белок пен май молекулаларының үлгісін пайдалана отырып, бұл заттардың ыдырау, сіңу ерекшеліктерін білуге болады. Ал ультрадыбыс пен сканирование жасап дертті үрдістің қай жерде қалай орналасқанын анықтауға болады.
Ауыздағы ас қорытылу
Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады.
Сілекейдің құрамы және оның маңызы
Сілекей дегеніміз - сілекей өзегі арқылы келіп құйылатын жұптасқан үш сілекей безінің, атап айтқанда, шықшыт, жақасты, тіл бездерінің, сондай-ақ ауыздың шырышты қабығында бытырай орналасқан ұсақ бездердің сөлі (секреті). Жан-жануарда, адамда сілекей көбінесе тамақ ішкен сәтте шығады. Бір тәулік ішінде бөлініп шығатын сілекей көлемі әр түлікте әртүрлі. Мәселен, сиыр тәулігіне 50, адам 1,0-1,2 литр сілекей шығарады. Ит сілекейінің аз-көптігі ауа райына, оның ыстық салқындығына байланысты. Итте тер бездері болмайды. Сондықтан күн ыстық болып ыссыласа, ол дене қызуын бір қалыпты сақтау үшін тілін шығарып, көп мөлшерде сыртқа сілекей шығарады. Адамда сілекей әсіресе тамақ ішкен кезде көбірек шығады, ол басқа уақытта да үзілмейді: ауыз іші үнемі дымқылданып тұрады, онсыз адам дыбыс шығара алмайды (сөйлей алмайды). Сілекей қоймалжың, сұйық зат, Оның құрамында 0,5-1,5% құрғақ зат бар, қалғаны су.
Сілекей құрамында органикалық заттар (альбумин, глобулин сияқты белоктар, муцингликопротеид, ферменттер) бейорганикалық заттардан 2-3 есе көп. Онда, сондай-ақ амин қышқылы, мочевина, несеп қышқылы, креатин, аз мөлшерде креатинин қалдықтары бар. Бұлар белок алмасуы кезінде пайда болатын заттар, сілекейге қаннан өтеді, Сілекейдегі әрбір қалдық заттың мөлшері қандағы мөлшеріне байланысты. Ондағы негізгі фермент а-амилоза. Амилаза сәл сілтілік жерде полисахаридтерді (крахмал мен гликогенді) декстрон сатысынан дисахарид сатысына дейін (мальтоза, лактоза, фруктоза, сахароза) ыдыратады.
Сілекейдің бөлінуі. Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шығару болып екіге бөлінеді.
Шартты рефлекс бойынша сілекей тағамның өзіне таныс белгілі бір түрін көрген, оның иісін сезген кездерде, дәмді тағам еске түскен сәтте, яғни тағамның тікелей қатысынсыз, ас ауызға түспей тұрып бөлінеді. Шартты рефлекс кезінде ауыз қабылдағыштары тітіркенбейді (қозбайды), бірақ көз, дыбыс, иіс қабылдағыштарды мен еске алу нейрондары қозады. Қабылдағыштардан шыққан сигналдар ми қыртыстарына жетеді, одан әрі сопақша мидағы сілекей бөлдіруші орталыққа барып, оны қоздырады. Осы орталықтан кері қайтқан парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер, яғни сөл шығарушы жүйке талшықтары сілекей бездеріне оралады да, ауыздан сілекей бөлінеді. Сілекей шығарудың осы механизмі іске асу үшін, шартсыз рефлекс, айталық, тамақ ішу, тамақтың иісін сезу т.б. бірнеше рет қайталанып шартты рефлекске айналуы керек. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат АСҚОРЫТУ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат АСҚОРЫТУ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, АСҚОРЫТУ