Анықтама: f функциясы [a,b] аралығында анықталсын. Егер x0 [a,b] үшін нақты мәнді шегі бар болса, онда f функциясын x0 нүктесінде дифференциалданады, ал шектің мәнің f функциясының x0 нүктесіндегі туындысы дейді де, f '(x0) cимволымен белгілейді. 1. Элементар функциялардың туындылары кестесі. 1. f(x)=C C=const =0 2. f(x)=xp =pxp-1 3. f(x)=ax , 4.
5. f(x)=sin x , 6. f(x)=cos x , 7. f(x)=tg x , 8. f(x)=ctg x , 9. f(x)=arcsin x , 10. f(x)=arcos x , 11. f(x)=arctg x , 12. f(x)=arcctg x , ....
Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады. Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда «түгендеу» ұғымы алғаш рет 1931 жылы «Вестник Академии наук» атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған. Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы. Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады. Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. ....
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атаймыз. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты-жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады. Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi. И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады. Егер осы айтылған анализатордың үш бөлiгiнiң бiрiне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсiгiне нұқсан келедi. Анализаторлардың мидағы ядролары тиiстi аймақтарға орналасқанмен, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бiрiнiң қызметiн екiншiсi атқара алуға да қабiлеттi. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезiм мүшелерiнiң мимен байланыстылығы жәйлi Шәкәрiм “Тән сезiп, көзбен көрмек, мұрын-исi, тiл — дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр iстi сол тексермек”,— деп мидың жетекшi, басқарушылық рөлiн ерекше атап керсетедi. Кейбiр философтар мен психологтар адам түйсiктерi заттардың объективтiк қасиеттерiн бейнелемейдi, олар тек осы заттардың әсерiнен сезiм мүшелерiнде пайда болатын өзгерiстердi ғана бейнелейдi дейдi. Олардың айтуынша, түйсiктердiң мазмұны сыртқы тiтiркендiргiштердiң, яғни сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне байланысты емес, түгелдей сезiм мүшелерiнiң өздерiнiң қасиеттерiмен белгiленетiн болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсiктер сыртқы дүниедегi заттардың бейнесi емес, қайдағы бiр шартты белгiлер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсiнiк бойынша бiз түйсiктерiмiздiң ненi бейнелейтiнiн, оларға не сәйкес келетiнiн де, заттарды қалайша танып бiлуге болатынын да түсiндiре алмаймыз. Мұндайда тiптi бiз заттардың өзiнiң қандай нәрсе екенiн де бiле алмайтын боламыз. Өйткенi белгi дегенiмiз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бiрақ оның өзi таңбалайтын затына ұқсас бола бермейдi. Түйсiк жөнiндегi осы теориялардың қай қайсысы да сезiм мүшелерiнiң көрсеткенiне сенбейдi, заттар мен құбылыстардың бiзден тыс өмiр сүретiндiгiне күдiк туғызады, егер түйсiктер заттардың объективтi қасиеттерiн бейнелемейтiн болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып бiлудегi табыстары мен олардың белгiлi бiр мақсатқа сай еңбек етуi мүмкiн болмас едi.....
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т. б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе" деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді. Мәселен, адам секундтың /10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді. И. П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөліктен құралады. Олар: бірінші сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екінші бөлігі — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті (құрамы) — мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.....
Қазіргі таңда азаматты ерекше алаңдататын мәселердің бірі - қоршаған табиғи ортаның бүгінгі жай-күйі. Табиғат - тіршілік атаулының анасы, адамның өмір сүруінің бірден-бір көзі. Табиғаттың барлық құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз байланысты, өзара тәуелді. Даму ырғағы бір-бірімен үйлесімді байланысты болғанда ғана табиғат заңдылығы бұзылмайды. Адам табиғи қорларды - тағам, құрылыс материялдарын шаруашылықты игеру мақсатында пайдаланады. Мұның бәрі табиғаттың даму ырғағын өзгертпей қоймайды. Бүгінгі таңда өндірістің қарқындап дамуы тек табиғи қорлардың сарқылуын ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның шектен тыс ластану мәселесін де туғызып отыр. Өндірістен шығатын керексіз заттармен ең алдымен - ауа, су қоймалары, топырақ ластанады. Өндіріс қалдықтары топырақты құнарсыздандырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жағымсыз әсер етеді. Өндірісті өз мүддесі үшін дамытқан озық ойлы адамзат табиғаттан пайдалы затты алады да, оған зиянды қалдықтарын тастайды. Жиырмасыншы ғасырға дейін адам баласының табиғатқа келтірген залалы Жер шарының әр түпкірінде әрқалай болып келсе, қазір бұл әсер бүкіл ғаламшарды қамтып отыр. Сондықтан да табиғат-анаға перзенттік сүйіспеншілік пен мейірім, қамқорлық көрсету - адамзаттың ұлы парызы. Табиғатқа аялы қамқорлық қажет. Сонда ғана ол адамзаттың тіршілігі үшін ғана емес, ұдайы гүлденуінің де кепілі бола алады. Табиғатпен қарым-қатынаста адамдар белгілі бір үйлесімділікті берік сақтауы тиіс. Табиғаттың да өз даму заңдылықтары бар, оған нұқсан келмеуі керек. Әйтпесе, табиғат өте қатал. Ол адамдардың тәкаппарлығын, қателіктерін әрдайым көтере бермейді. ....
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды. Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. ....
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында аса күрделі геосаяси, өркениеттік, экономикалық, әлеуметтік, этникалық және мәдени проблемалар тұр. Қазақстанның экологиялық қиын жағдайы, онымен байланысты ұлттық өркендеудің әлеуметтік саяси және мәдени мәселелері жөнінде айтылар сөз көп. Солардың қай-қайсысын болмасын сәтті шешу халықтың экологиялық санасының өсуіне, ұлттық мәдениеттің жоғары деңгейінде болуына тығыз байланысты. Өткен жылдар Қазақстан тарихы беттерінде қиыншылығы мен қайшылығы мол өзіндік қол таңбасын қалдырды. 1949-1991 жылдары арасындағы – радиоактивті ластаушылардың негізгі көзі – сынақ үшін жасалынған ядролық жарылыстар. XX ғасырдың ұлы экологиялық апаты болып табылатын – Арал аймағының трагедиясы. Қазақстанның орасан зор кеңістігіндегі тұрақты қоныс тепкен ауыр өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары, әскери өндіріс кешенінің әлемді тітіреткен аса қуаты да қаһарлы объектілері. Табиғи ортаның биологиялық жағынан азып-тозуы, ол адамзат пен хайуанаттың құрып кету қаупі. Сөйтіп республикамыздың халқына, әсіресе сайын дала мен шөлді аймақты мекендеген ел-жұртына игіліктің орнына ауыр күйзеліс пен қайғы-қасірет әкелді.....
Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығы мен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті. Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс шаралар жатады. Соңғы жылдары жер шарында барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы- әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптік қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде. Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қорғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы қоршаған ортаны қорғау туралы заң қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ қрпақтардың салтанатты өмір сүру үшін сақтау. ....
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті. Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды. Топырақ – сыртқы орта жағыдайлары : жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргаизмдердің біріккен әсерінен қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай жасайды. Топырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады.....
Пайда алуы тек қана емес тұрақты экономикалық даму шарттарында маңызды мағына болады. Ердің құны болса да, сонымен қатар замандас экологиялық қауіпсіз өндіріспен басқару . Керек белгілеп қою, не үшін мынаның өндірістердің барлық түрлерінің қайтадан жабдықтауына жеткілікті айбынды инвестициялар керек, кетулердің өңдеуді және өздері алдын ала ескерді ең басты қызметі. Табиғатты қолдану – мынау бір басқару ең күрделі объектілерінен тұрыды. Сондықтан - маңызды мағына экологиялық процестермен және табиғатты қолдану экономикасымен басқару зерттеуінде болады. Қарау затымен табиғатты қолданумен басқару келеді. Тап осы жұмыс мақсаттары – басқару методологиялық негіздерінің жазып жіберуі табиғатты қолданумен, мақсаттардың зерттеуі,мақсаттардың және әдістердің табиғатты қолдану басқарулары,сонымен қатар ерекшіліктің басқаруға арналған ақпараттық база құрулары табиғатты қолданумен пайдаланылады. Жұмыста экология көруі нүктесінен басқаратын шешімдердің ықшамдау проблемасы сонымен қатар қаралған және жауаптылықтың бұлар үшін шешімі. ....