Қазақ әдебиеті | Тілеуұлы Мөңке би

Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.
Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.
Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.
Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Сапақ (Сопақ) би

Сапақ (Сопақ) би Әлімнің Төртқара руының Оразгелді тармағына жатады. Сапақ Сапай баласы шамамен 1774-1775 жылдарда өмірге келіп, Арал ауданында өз атымен аталатын «Сапақ» атты жерде 1859-1860 жылдары дүниеден өткен. Сапақ биде – Шөңкі, бейіс, Есенжол, Аманжол атты ұрпақ тараған.
Сапақ биге сәлемдесуге келген інісі Жетеске: «Шырағым, бір-екі күн еру бол, осы Қарақұмда ағайын-туғандарым бар, бірге аралайық»,- депті. Елемес Жөненұлы қонақтарды күтіп алып, қонағасында сояр қойға бата сұрапты. Сапақты жасы үлкен болса да Жетеске қарап: «Жетес жаста болсаң да алыстан келген қонақ едің, осының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Сатыбалды би

Сатыбалды би. Қоңырат тайпасының маңғытай руынан. Жастайынан алқалы топта билік айтып, бала би ретінде аты шығады. Ел аузында сақталған аңыздардың бірінде Ұлы жүздіңдуалы ауыз биінің .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Сеңкібай Қабанбайұлы

Сеңкібай Қабанбайұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. Төле бабамыз Әлібектің екінші әйелі Бүркіттен, ал бәйбішесі Молбикеден Тыныбек, Ақбота, Шора туған. Тыныбектен - Абыл, Қабыл тарайды. Сеңкібайдың әкесі Қабан да батыр кісі болған екен. Оны Майкөт ақынның мына бір өлең жолдары растай түседі, ақын былай деп жырлайды:
Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр.
Бақ-дөулет ұрпағына қонып жатыр.
Таластан тоған қазып, егін салып,
Суландырған даласын о да батыр.
Жастайынан Төле бидің тәлім-тәрбиесін алған .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Сүйінғара Үргенішбайұлы

Сүйінғара Үргенішбайұлы (1756 – 1841) – батыр, би. Кіші жүздің адай руының мұңал тармағынан шыққан. Ресей империясының, Хиуа хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге орыс тұтқындарын қайтарып, өзі басшылық жасайтын маңғыстаулықтардың атынан Ресеймен достықта болатыны жайлы сенімхат жазған. Граф Сухтелен өзінің ризашылығын хат арқылы білдіріп, батырға қылыш сыйлаған. Сүйінғара 1837 жылы Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінғараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы, Сатыбалды, Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тіленші Тоқбайұлы

Тіленші Тоқбайұлы (1746 – 1844) – батыр, би әрі шешен. Әкесі Тоқбай, атасы Бертіс Қожығырұлы қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған. Тоқбайұлы еліміздің батыс бөлігін Еділ Қалмақтарынан .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тазабек Пұсырманұлы

Тазабек Пұсырманұлы (1800, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқара өңірі – 1871, Верный қаласы) – батыр, би. Албан руының жәнібек атасынан шыққан. Жетісу өлкесін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан Пұсырман бидің ұлы. 1846 жылы генерал Вишневскийдің басқаруымен Лепсіде өткен Ұлы жүз қазақтарының құрылтайына қатысып, Ресейменарадағы саяси қатынас туралы құжатқа мөрін басқан. Батыс Сібір әскери корпусының Жетісу бөлімшесінде қызмет етіп, 1859 жылы 19 қыркүйекте прапорщик шеніне ұсынылған, кейін подпоручик шеніне ие болған. Оңтүстік-шығыс шекараны қорғау ісіне қызмет етіп, "Ерлігі үшін” күміс медалімен марапатталған. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын түсінген Тазабек Пұсырманұлы қол жинап,. .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тайбағар би Тұрланұлы

Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы – 1881, сонда) – би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан. Ақын, әншілердің қамқоршысы болған. Ол өзінің сыралғы досы, атақты әнші Дәурен сал Құдабайұлына араша түсіп, бар малын құн өтеміне төлеу .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тана (Тана мырза) Тілемісұлы

Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803-68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы. Т-ның әкесі Тілеміс Байжігіт-Мұрын елінің атақты биі болған. Оның немере қызы Тектіге Құнанбайдың баласы Ысқақ үйленген. Одан Кәкітай туған. Т. Мұрын еліне, Құнанбай өз еліне бір жылда (1844) болыс болып сайланған. Т. Лепсі аймағының .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Тоқболат би.

Тоқболат би.

Тоқболатты биді кейде хан деп те атайды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасында өмір сүрген. Қаракетенің Қарабазары, Қарабазардан-Байбөрі, одан Қожамжар. Қожамжардан-Тоқболат, тағы басқа ұрпақтары бар.
Тоқболат туарда Қожамжарға Қыдыр әулие аян беріп, «үшінші ұлыңның атын Тоқболат. .....
Рефераттар
Толық