Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану

Өміршевдік қауіпсіздігі іс-кимыл жиынтығы рётінде калыпты өмІр жағдайын бұзатьш зиянды факторлардың алдын алу (жою), мұнымен коса еңбекті корғау, өндірісте және тұрмыста болған қайғылы жағдайларда жарақаттаиғандарға шұғыя жәрдем беру, әлеуметгік елеулі науқастармен күрес, экология, салауаіты өмір сүру, азаматтык қорғаныс және т.б. ірі блоктарды кұрайды. Сондықтан АҚ-ты ТӘҚ-нін кұрастырушы бөлІгі және біртутас мемлекеттік Тіршілік әрскетінің қауіпсіздігін камтамасыз ету жүйеспгің жалпы маңызды болігі ретіыде қарастыру кажет. Басқа сөздсрмен айтқанда АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең мацызды функцияларынын бірі, ОНЬІҢ қорганыстық іс-шараларьшьщ күрастырушы бөлігі деп түсіиеміз.
АҚ жайындағы заңда келесі аңықтама беріледі: АҚ-бүя басқару органдарының мемлекеттік системасы және жалпы мемлекетгік шаралардың жиынтығы; бейбіт және соғыс жағдайларда жургізілеіін мақсаты: халықты, шаруашылык жүргізу объектілерін жәгге еддін территориясын қирату (жою) факторларының әсерінен жацартылған тәсілдермен қоргау, табиғи жоне техногендік сипаттағы ГЖ-лардан қорғау. Артынша, АҚ жиынтыктарьша басшылық жасауды жүзего асыратын басқару органдары, күштср, кьпметгер және АҚ алдында тұратын міндеттерді орындауға көмектесетін ұйьімның басқа да атрибуттары болу керек екені айтылған.....
Рефераттар
Толық

Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау

Терең ұңғымаларды бұрғылау практикасы көрсеткендей бақытсыз оқиғалардың бір себебі болып ұңғыманы тұрғызуда технология мен техниканың жеткіліксіздігі болып табылады.
Ол үшін жобада келесі жағдайлар қарастырылады:
- мұнай-газ білінуін ескерту;
- мүмкін басқа шиеленістерді ескерту;
- ұңғыма тұрғызуда апат болдырмау үшін жағдай жасау.
Бұрғылау жұмыстарына дайындықтан бастап оны пайдалануға беруге дейінгі цикл ішінде бұрғылау бригадасының жұмысшыларына және басқа да жұмыстарды жүргізу үшін шақырылған бригадаларға (монтаждау, цементтеу, қабат сынағыш) әр түрлі қауіп түрлері төнеді. Осы қауіп көздерін бірнеше топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа әр түрлі ауырлықтарды қозғалту-көтеруге байланысты қауіптерді жатқызуға болады. Бұрғылау процессі кезінде бұрғылау бригадасына әр түрлі ауырлықтағы, көлемдегі, өлшемдермен жұмыс жасауға тура келеді. Мысалы: ұңғыға бұрғылау, шегендеу құбырларын көтеріп-түсіру, қашаулар, қабатсынағыштар, түптік қозғалтқыштар және т.б. Құбыр тасығыш көліктерден бұрғылау қондырғыларының көпірлеріне жеткізу, свечаларды свеча жинағышқа жинау. Әрине бұл аталған жұмыстардың бәрі ауыр салмақтармен байланысты, сондықтан жұмыс істеу барысында осылардың біреу адам үстіне түсіп немесе басып қалатын болса ауыр жарақатқа әкеліп соғады.
Бұрғылау құбырлары жиналып тұрған мұнара үлкен желкенділікке ие. Сондықтан қатты жел тұрғанда мұнара жан-жағына дұрыс немесе жақсы бекітілмеген болса аударылып құлауы мүмкін.
Екінші топқа айналу механизмдерімен болатын қауіп түрлері жатады. Мысалы: ротор, лебедка, сораптар, трансмиссия, механикалық араластырғыш және т.б. егер олар керегінше қорғалып, жабылып тұрмаса.
Үшінші топқа үлкен қысымдармен немесе жұмыс істеу барысында үлкен діріл тудыратын қондырғы тораптарымен болатын қауіптерді жатқызуға болады. Мысалы: бұрғылау және цементтеу сораптар, компрессорлар, үлкен қысымды құбар желілері, сағалық жабдықтар, бұрғылау шлангалары және т.б. Осыған құбыр сыртында болатын мұнай-газ атқылаулары және грифондарды да жатқызуға болады.....
Рефераттар
Толық

Тіршілік қауіпсіздігі | Қауіпті табиғи құбылыстар

Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді.
Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады.
Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынмен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорынның жекелеген жүйесінде), обьектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады.
Ал енді табиғи сипатта болатын төтенше жағдайлар туралы айтып кететін болсақ. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың көбеюі байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейіп кетті, ал топан су басу мен қатты даулдар мен тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын соғу әлі де жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.
Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады:
- геологиялық құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;
- метеорологиялық құбылыстар – дауылдар, боранда, құйындар;
- гидрологиялық құбылыстар – топан су басуы, цунами, өзендегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкепек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;
- табиғи өрттер – орман, дала, шым тезе өрттері;
- жаппай көпшілік аурулар – эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар, жалпы жұқпал аурулардың кең таралуы.....
Рефераттар
Толық