Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану

Тұрғындарды қорғау Қорғанатын құралдарды пайдалану

Тұрғындарды қорғау және олардың міндеттері.

Ғылыми анықтама негізінде ұтымды тәсілдерді және халық пен территориясының, шаруашылық объектілерінің алдын-ала дайындықтарын пайдалана отырып, осы замандағы қарулардан, табиғи және техногендік, сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстары жүргізіледі. Осы тұрғындардың бірінші дәрежелі міндетті болып табылады. Ол үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
3) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
4) Радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзірлікті қамтамасыз ету;
6) Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7) Қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және әзірлікте ұстау;
8) Халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
9) Іздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) Азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биолигиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.

2. Қорғанатын құралдарды пайдалану және олардың түрлері.

Қарсылас жау жаппай қырып жоятын қаруларды (ЖҚЖҚ) қолданған кезде немесе авариялық сипатга уландырғыш заттардың (УЗ), радиобелсенді заттардың (РЗ), бактериологиялық құралдардың (БҚ), КӘУЗ әсері күшті улы заттардың, химиялық авария күшті заттардың (ХАҚЗ) далаға шыққан төтенше жағдайларында (ТЖ) азаматтық ЖТҚҚ қорғаныстың (АҚ) қызметтер құрамын және жалпы халықты сондай-ақ медициналық қорғау құраддарымен қамтамасыз ету аса маңызды мағыналы болып келеді.
ТЖ туындаған жағдайда жеке тұлғаны қорғау құралдарын қолдану қажет болады; қажет жағдайда олар тіпті адамдардың қорғаныс паналарда және радиацияға қарсы паналарда орналасқан кезде де қолдануы артық емес.
Қарсыластың "шабуыл қауіпі төнген кезде, ол туралы хабарланғанда бүкіл халық жеке тұлғаны қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс: жасақтар құрамы, жұмысшылар мен қызметкерлер ЖТҚҚ-ын өздерінің объектілерінен алады (егер арнайы ЖТҚҚ жетпеген жағдайда өнеркәсіптік противогаздар мен респираторларды пайдаланады), тұрғындар үй шаруашылығын ұйымдастыру комитеттері сияқты мекемелерден талап етеді, тағы басқалары қарапайым қорғау құралдарын дайындауға кіріседі.
ЖТҚҚ ішкі ағзаға, адамның тері қабаттарына, сілекей қабыршақтарына және киімдеріне радиобелсенді, уландырғыш, бактериологиялық заттардың түсуінен, жалпы алғанда ауада, қоршаған ортада пайда болған зиянды қоспалардан қорғау (адамға жұғуға бөгет жасау) мақсатында пайдаланылады.
Қолдануына қарай ЖТҚҚ тыныс алу ағзаларын және адам денесін (терісін) қорғау құралдары болып бөлінеді.
Адамның қоршаған ортамен байланыс тәсіліне қарай немесе қорғау принциптері бойынша жеке тұлғаны қорғау құралдары оқшаулағыш және сүзгіш болып бөлінеді.
Дайындау тәсілдеріне қарай оларды өнеркәсіпте дайындалған (өнеркәсіптік) және жай, тұрғындардың қолданбалы заттардан дайындаған түрі деп бөлуге болады.
Жеке тұлғаны қорғау құралдарын қамтамасыздандыру принциптері бойынша әскери, азаматтық және өнеркәсіптіқ (өнеркәсіпте арнайы жұмыстарда қолданылады) деп топтастыруға болады.
Оларды қамтамасыздандыру табельдерімен қарастырылатын, яғни кабельдік және табельдік құралдарды толықтыру немесе оларды алмастыру мақсатында қолданылатын табельдік емес деп бөледі.
Адамның тыныс алу, ағзаларын, көзін, бет терісін қорғау үшін оқшаулағыш және сүзгілі газқағардар, сондай-ақ шаң-тозанға қарсы матадан тігілген маскілер мен таңғыштар қолданылады. Ал денені сақтандыру үшін - арнайы қорғайтын оқшаулағыш костюмдер және бейімделген күнделікті киімдер пайдаланылады. Медициналық қорғау құралдарына жеке таңғыш пакет (ЖТП), жеке химиялық қарсы пакет (ЖХҚП), жеке дәрі қобдишасы (АИ-2), үйде қолданылатын дәрі қобдишасы, әр-түрлі антидоттар, басқа да дәрілер жатады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру