Психология | Жеке адамдардың қалыптасуы мен дамуы

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке адамды қалыптастыру

Қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсатты.Еңбек - адамның іс- әрекетің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс- әрекеттің екінші түрі - оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын- адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарың жетілдіреді ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке адам және оның психологиялық табиғаты

Әлеуметтік қатынастар субъекті өрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғары деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын андататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туыңдысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын және іс - әреет түрлері

1. Адамның қажеттілігімен мұқтаждығын және іс- әрекет түрлері.
Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек адам тіршілігінің бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіні баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыда даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек адамның іс - әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өніріудің қайнар көзі. Іс - әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жантану пәні

Психология- психикалық қубылыстардын пайда болу, даму және қалыптасу зандылықтарын зерттейтін гылым.
Психикалық қубылыстар бізді қоршап турган сыртқы дуние заттары мен қубылыстарынын мидагы әр турлі бейнелері болып табылады. Олар копшілігімізге оз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін угымдар. Психология ерте ззаманнан келе жатқан білім салаларынын бірі. Онын дуниеге тунгыш келген жері ежелгі Греция. “Психология” термині гректін екі созінен турады, “псюхе”- жан, “логос”- соз, ілім. Сойтіп, бул соз “ жан туралы ілім” деген магынаны білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, гасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардын козқарастарында насихатталып келген тусініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәнгі бақи жасайтын жан адамнын барлық психикалық тіршілігінін иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалган тусініктін пайда болуына алгашқы адамдардын табигат сырларын дурыс тусіне алмауы себеп болды.....
Рефераттар
Толық

Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері

Әрбір жанжал себебінің туындауы бойынша қайталанбас және де
істің нәтижесі тәртібі бойынша екі немесе одан да көп жақтары өзара әрекеттестік формада болады. Осыған орай жеке адам және кез-келген қоғам болсын, басқа да адамдармен қарым-қатынаста өздерінің жанжалдық ситуациядағы тәртіп стилінде бір-біріне деген рухани көмекті және келісу манерасын айқындайды.
Бірақ барлық жанжал мінез-құлық стилі және келіспеу манерасы жалпы бір белгіге ие. Осы мәселенің шешімі бірінші ретте жанжалға түскен жақ айқындалса ғана, онда бұл оларды іс-әрекетте серіктес болуға ықпал жасайды. Барлық жанжалдың стандартты даму схемасы болады: қақтығысқа әкелетін тікелей себептер,- бұл қызығушылықтары мен мақсаттары ұқсас болмауынан, болады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жалпы психологияның даму тарихы

Психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент - XXV ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. ОЛ адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше баланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы қозғалыштылығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.....
Рефераттар
Толық

Психология | Гештальттерапия

Американдық психолог Фриц Перлз ойлап тапқан. Топтың мүшесі және оның көшбасшысы келісім- шарт қарым- қатынас жасау түрінде жүргізіледі. Және де топтың барлық мүшесі бұл үрдіске қатыспай, бақылап отырады. Мұндай бақылау әрқайсысы өзін және өзінің мәселелерін түсінуге көмектеседі. Осының негізінде жеке тұлғаның өзгеруіне мүмкіндік береді.
Гештальттерапияның мақсаты осы немесе басқа құрылымдардың төмендеуінің қандай болуына қарамастан, “күрес” пен “жөндеуге” емес, адамның жақсы болуының үйлесімділігін дамыту мен ұстап тұруға бағытталған. Сондықтан о-бастан ақ терапия медициналық көмек берумен емес, дененің үйлесімділігімен айналысты.
Гештальттерапияның клиенттері өзінің жақсы болуын талдауға және сәттілікке ұшыраған қарым- қатынасқа қандай да бір сәттілік туралы жұмыс істеуге мәселелер мен қиындықтарды шешуге ғана тоқталып қалмайтындығына қатты таң қалуда.
80 жылдары американдық студенттермен (санау бөлімі бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер) терапияның әр түрлерінің әр түрлілігінің эффективтілігі туралы сұрақ бойынша өткізген талдауы шын негізінде нәтиже, баға және даму арасында ешқандай маңызды корреляция жоқ екенін көрсетті.
Гештальттерапевт тығылмайды, керісінше өзінің ойларын айтады, өзінің қатынасын, сезімін білдіреді, өзімен тең санайды. Әрине ол мұндай сезімдерді білдіргенімен, ол өз өзін ұстай алады.
Ол вербалды және физикалық түрде араласуы мүмкін, егер керек болса алдыңғы үрдісті күшейте де алады және жағдайға жекелік мағына беруіне мүмкіндік береді.
Гештальттық психотерапия “жекелік” немесе “топтық” терапияны емес, “диадтық” терапияны білдіреді. Бұл жағдайда клиент пен терапевтің бір уақытта қатысуын енгізеді. Бұл терапия “осында және қазір” деген екі адам арасында болады. Ол алдыңғы үрдісті түсінуге және жаңа құрылымдардың эмоционалды апробированиесіне бағытталған.....
Рефераттар
Толық

Психология | Арт терапиялық жаттығулар

Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген.Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн.Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды.Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі.Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады.Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады.
К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады.Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады.Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты.Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады.Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады.
Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады.Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды, материалдарды қолданудың икемділігі тән.
Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург,Д.Уэллер) төмендегідей:
«Айна»
Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі.Мұнда бір қатысушы көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады.Көшбасшының міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен қайғыруларын талқылап болған соң ролдердің ауысуы жүреді. Жаттығудың аяғында қатысушылар қай ролде өзін сенімдірек, ыңғайлы сезінгенін анықтап алған маңызды.
Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа да түрі де қызықты. Қатысушылар жақын ара қашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да, саусақ ұштарын түйістіріп синхронды қимылдар жасайды. Кейінірек әр жұптың қимылдары қаншалықты үйлесімді болғаны талқыланады.
«Кеңістікте сурет салу»
Қиялдағы бояу жаққышпен жасалатын «сурет кеңістігіндегі» (ауада) көсілмелі қимылдар бірте-бірте саусақтардың моторикасын жетілдіретін штрихқа өту керек. Жаттығуды жұппен де, топпен де орындауға болады. Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын арт-терапевттің өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелері өздері орындайды. ....
Рефераттар
Толық

Психология | АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Рефераттар
Толық