Өт жолдарының немесе өт қалтасының моторикасының бұзылуымен сипатталатын ауру. Мектеп жасындағы балалар жиі ауырады. Бұл паталогияның 2 түрі бар. Гипертоникалық типі-өт қабының және жолдарының тонусы жоғары. Гипотоникалық типі-өт жолдпрының тонусы төмен.
Патологиялық физиология-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(фуекция, қызмет), logos-(uiiM, үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.
Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.
Пролиферация (лат. proles - ұрпақ, fero - әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады. .....
Ревматизм-созылмалы инфекциялық - аллергиялық ауру. Бұл аурумен көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Ревматизм адамзатқа көптен белгілі: Гиппократтың жазбаларында ревматизмнің симптомдары келтірілген жазулар, емдеу жолдары туралы деректер бар.
Аурудың себебі-инфекциялық фактор- «А» группасының гемолитикалық стрептоккогі. Ревматизм көбіне баспадан, созылмалы тонзилиттің асқынуынан 10-12 күннен кейін басталады да организмдегі дәнекер тканін зақымдайды. .....