Биология | Патологиялық физиология

 Биология | Патологиялық физиология

Патологиялық физиология-гректің pathos (ауру, дерт, кесел), physis-(фуекция, қызмет), logos-(uiiM, үғым) деген сөздерінен қүралған. Дерттану физиологиясы деген ұғымды білдіреді. Сонда патологиялық физиология ауру организмнің физиологиясы деген үғым. Қалыпты физиология cay организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін болса, патологиялық физиология ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің жэне түтас организмнің қалыптан тыс өзгерулерінің ең жалпы заңдылықтарын анықтайды. Сонымен патологиялық физиологиялық дегеніміз дерттік үрдістердің пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім.



Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты жэне олардың, эсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйенеді. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. патофизиология бүлінген жасушаның, тіннің, ағзаның, жүйенің және тұтас организмнің қызметтерін дерттің пайда болғанынан бастап, ең соңына дейін бақылай алады, тұтас организмді, оның реттеуші жүйелерімен біріктіріп зерттейді. Науқас организмнің сыртқы орта ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерін, ондағы қорғаныстық-компенсациялық жағдайларды зерттейді.



Патофизиология пәні клиникалық пәндердің негізгі. Клиникалық пәндерде жекелеген аурулардың пайда болу себептерін, даму механизмдерін және салдарларын белгілі науқас адамдарда тексереді. Бүл кезде сырқат адамның жасына, жынысына, элеуметтік орналасқан ортасына ж.б.жағдайларға қарай аурудың пайда болу себептері, даму жолдары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан да «дертті емдемей, науқас адамды емдеу қажет» деген қағида қалыптасқан. Ал, патофизиология ауру себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын тексереді. Аурудың пайда болу себептеріне, организмнің қоздырғышқа жауап қайтару қабілетіне және сыртқы (әлеуметтік) ортаның жағдайына байланысты организмде жасушалардың, ағзалардың және реттеуші жүйелердің қызметтері өзгерулерінің әртүрлі байланыстары пайда болады. Клиникада аурудың жеке түлғаларындағы дара көріністерін зерттеп, емдейді. Мысалы, терінің қабынуын дерматовенерологтар зерттесе, мидың қабынуын-невропатологтар, жүректің қабынуын-кардиологтар, бүйректің қабынуын-нефрологтар, т.с.с.тексеріп емдейді. Ал, қабыну процестерінің орналасқан жеріне қарамай барлыгының даму негізінде белгілі бір жалпы заңдылықтар жатады. Осы жалпы заңдылықтарды патофизиология зерттейді. Сол сияқты ісіктерде орналасқан жеріне қарай эртүрлі клиникалық көріністермен сипатталады және олар онкологтармен зерттелсе, бүл ісіктердің дамуындағы жалпы заңдылықтарды патофизиология тексереді.



Патофизиология қалыпты физиология сияқты эксперименттік әдісті қолданады. Лабораториялық жануарларда адам ауруларының үлгісін алады. Аурудың үлгісі деп лабораториялық жанураларда адам ауруларының кейбір белгілеріне сәйкес аурулардың түрлерінің көшірмесін алуды айтады.



Қазіргі жағдайда адамның көп ауруларының үлгілерін эксперименттік жануарларда алуға болады. Мысалы, травмалық шок, қантты диабет, атерсклероз, жоғары қан қысымы ауруы, миокард инфаркты, өкпе, бүйрек қабынуы ж.б. Бірақ адам ауруларының үлгісін жануарларда толық көлемінде алу мүмкін емес. Сонда да аурудың патогенезіндегі кейбір маңызды түйіндерін, кейбір симптомдар мен синдромдардың үлгісін алудың толық мүмкіндігі бар. Мысалы, гипертониялық аурудың үлгісін алғанда адамда кездесетін ауруды толық қайталау мемкін емес. Сондықтан тек сол ауруға тән симптомды-қан қысымының жоғарлауын (гипертензия) ғана эксперименттік жануарларда алуға болады.



Ал, адамның кейбір ауруларын жануарларда қайталауға мүлде болмайды. Ол жан-дүниелік (психикалық) аурулар, ісіктің кейбір түрлері (асқазанның обыр ісігі (рак), зат алмасуының аурулары (подагра), аллергиялық аурулар (бронхиалық демікпе), жыныстық қатынас аурулары (мерез, соз) (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ЖИТС ж.б.



Эксперименттік тэжірибеде патофизиологтар физиологияның, электрофизиологияның, биохимияның, гематологияның, морфологияның, иммунологияның белгілі әдістерін қолданады. Соңғы кездерде қазіргі компьютерлерді пайдаланып, аурудың математикалық үлгілерін алуда өзінің орнын алып келеді.



Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері.



1. Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады.



2. Аурудың экперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы нәтижесіне дейін байқауға болады. Клиникалық пәндердің мұндай мүмкіншілігі жоқ. Науқас адам дәрігерге әбден сырқаттанған соң ғана келеді.



3. Аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Клиникаға науқас адам келісімен оған ем тәсілдерін қолданылады да, көрсетілген мүмкіншілік жоқтың қасы болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес.



4. Жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдері ең алдымен тек жануарларда тексерістен (эксперименттік терапия) өткеннен кейін ғана клиникаға алынады. Сайып келгенде, патофизиологияның басты мақсаты - аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, оларды тиімді емдеудің жолдары мен әдістерін түсінуге жеткізу.



Патофизиологиялық эксперимент үш сатыдан тұрады:



1. Бастапқы, яғни ағзаның немесе организмнің қалыпты қызметін зерттеу;



2. Аурудың экспериметтік үлгісін алу. Оның дамуын зерттеу;



3. Эксперименттік емдеу. Соңғысы арқылы аурудың даму заңдылықтарын түсіну, өзінділік бір тексеру десе де болады.

Эксперимента кездейсоқ жануарларға жасауға болмайды. Жануарлардың түрі, оның жасы, жынысы, орталық нерв жүйесінің түрі, күтім жағдайы (азықтануы, сыртқы температура жағдайлары ж.б.) маңызды. Мэселен, асқазан жарасының даму механизмін зерттеу үшін қоян мүлде жарамсыз жануар болып табылады. Себебі оларда асқазан жарасы өзбетінше жиі кездеседі. Бүл үрдісті егеуқүйрықтар мен иттерде тексерген дүрыс. Анакфилаксия-бэрінен ақ тышқандар мен теңіз тышқандарында жақсы дамиды. Егеуқүйрықтар бұл мақсатта ең қолайсыз жануарлар.



Әрбір эксперименттік зерттеу міндетті түрде бір уақытта салыстырмалы тәжірибелерімен қабаттасуы тиіс. Бақылау тәжірибесі өте таза болуы керек және оған өте жоғары талап қойылуы шарт. Сонда ғана бүл тәжірибенің нәтижелерімен негізгі тәжірибенің нәтижелерін салыстыруға болады.



Кейбір жағдайда практикалық медицинаның талабы жануарларда жасалатын тәжірибелермен шешілмеуі мүмкін. Сондықтан ерекше жағдайларда, аса бір ұқыптылықпен және жоғары жауапкершілікпен, тәжірибе өз еріктерімен келіскен адамдарда өткізілуі мүмкін. Бұл тәжірибелік сынаудың ең жоғары дәрежесі, жаңа шыққан дәрі-дәрмектерді, жаңа медициналық зерттеу қүралдарды жануарларда жан-жақты тексерілген соң клиникада алғашқы қолдану тәжірибенің бір түрі.



Патофизиология пәні жалпы және жүйелік патофизиология деген екі үлкен бөлімнен тұрады. Жалпы патофизиология үш тараудан түрады:



1. Жалпы нозология;



2. Жалпы этиология және патогенез;



3. Біртектес дерттік (патологиялық) үрдістер.



Жүйелік патофизиология жекелеген ағзалар мен жүйелердің дерттерін зерттейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру