Экономика | ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ

Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялық Республикасы (ГФР) — Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның әкономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.
Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.
Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.
Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еуропалық Одақ және Қазақстан

Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:
• Қазақстанның даму эволюциясын зертеу және оның ішкі саясаты;
• Аса дамыған кезеңдерін бөліп алып зерттеу және стратегиялық мақсатын көрсету;
• Еуро Одақтың даму тенденцияларын зерттеу;
• Қазақстан мен Еуро Одақ арасындағы байланыстарды зерттеу.
Тақырыптың дерекнамалық негізі: Дерекнамалық негіздер ретінді Еуро Одақ пен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаттары және халықаралық қатынастарда алатын орыны алынды.
Тақырыптың хранологиялық шеңбері. Курстық жұмыс 1995 жыл мен одан қазіргі кезеңге дейінгі аралықтарды қамтиды.
Тақырыптың теориялық - методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық негізі отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінің негізінде алынған. Ал методологиялық негізі хронологиялық, салыстырмалық әдістер негізінде шықты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеуге соңғы жылдары шыққан кітаптар, мақалалар пайдаланылды, және де мемлекет басшыларының арнайы сөздері пайдаланылды. Жұмыс барысында отандық авторлар еңбектері және Ресей ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыс тақырыбының бұрындары зерттелуі. Отандық және Ресей тарихнамасында бірнеше осы тақырыпқа қатысты еңбектер бар. Осыған қарамастан Еуро Одақ пен Қазақстан арасындағы байланыстар туралы толық зерттеулер жүргізу қызықта әрі болашағы бар жұмыс. Сондықтан осы жұмыс арқылы тақырыптың ашылуына сәлде болса өз үлесімді қосуды жөн көрдім......
Рефераттар
Толық

Экономика | Есептік талдамалы ғылымдарды саралау

Қалыптасушы нарықтық тетік бизнестің жағдайы туралы мәліметтерді алу мен өңдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін тудырады. Экономикалық ғылым мен оның мазмұны осы заман жіктеліміне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ақпараттық, есептік-талдамалы және бақылаушылық басқару міндетті істері (функциялары) бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және аудит үшеуінің аралас ғылыми пәндер түріндегі бірыңғай блокта беріледі. Бұл-тарихи, әдістемелік және ақпараттық аспектілерді өзін-өзі ақтаған ұғым. Нарықтық қайта өзгерулер тереңдеген сайын корпорация, компания және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінде бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың рөлі мен маңызы арта түсуде.
Бүгінгі танда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр.
Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті-сәйкестіке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және тағы басқаны бөлу болып табылады. Бұл бухгалтерлік есептің, Қаржылық-экономикалық талдаудың аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындады.
Кез келген бизнесті ойдағыдай сәтті ұйымдастыру қалыптасқан жағдайды жүйелі талдаусыз және бақылаусыз мағынасы болмайтын шешімдердің дұрыс қабылдануына байланысты.
Бизнесті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстарының қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Құбылыстың мәні мен өзара байланысын түсіну, бизнестің жағдайы мен келешекте дамуын зерделеу аудит пен қаржылық-экономикалық талдаудың арнайы әдістерін кешенді пайдаланудың негізінде ғана мүмкін болады. Деректерді уақытылы бақылау саралап баға беруге мүмкіндік береді және әр түрлі қатысушылардың,атап айтқанда, инвесторлардың,қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы бизнестің тиімділігін артырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Кешенді аудит пен талдаудың қажетті әдісін таңдау бизнесті басқаруда оңтайлы шешімдерді қабылдауды негіздеу және қамтамасыз ету бойынша алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Экономикалық ақпараттың көптеген зерттеу әдістерімен кешенді аудит пен талдауды жүргізу негізінде қаралатын объектінің жағдайын шындыққа жанасымды әрі объективті тұрғыдан бағалауға болады.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Есеп саясаты

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
• Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
• Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
• Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
• Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
- 3 -
• Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
• Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
• Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | ЕҢБЕКАҚЫ

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.
Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбекақы шегерімдері

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталынады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар толық ұсталады.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек стажы Еңбек стажының түсінігі түрлері және оларға енетін кезеңдер

Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы – бұлбелгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардғы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластауға ұшырағанаумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек рыногының қызметі

Еңбек рыногы ( жұмыс күшінің ) – капиталдар, тауарлар, құнды қағаздар және т.с.с. рыноктары сияқты, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды және көп қырлы саласы. ХЕҰ сарапшылары жазғандай, «кәсіпкерлер мен еңбекшілер жалақыға және еңбек шарттарына қатысты ұжымдық немесе жеке келіссөздерді бірге жүргізеді».
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық . Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілеттің ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылық еңбекте пайдаланатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың жәнеде жақын болашақта жалданатын еңбек резервтеріне жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Демек еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастарымен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қаблеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ..
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үщін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болуы қажет:
- еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы,жұмыс берушілер және олардың одақтары,мемлекет және оның органдары)
- субъектілер қабылданған экономикалық бағдарламалар,шешімдер мен заң нормалары
- рынок механизмі(жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс,оның бағасы,бәсекелестік)
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер
- рынок инфрақұрылымы
Еңбек рыногының екі түрі бар:
1. Жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген,яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
2. Еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек рыногынындағы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай дегендi бiлдiредi.
Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1.
Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Еңбек нарығы Жалақы факторлық табыс ретінде

Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы қалыптасады.
Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады.
2006 жылдың екінші тоқсанында алдын ала деректер бойынша жалдамалы қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың баламалы тоқсанындағыға қарағанда 255,1 адамға, яғни 5,8 пайызға көп. Олардың 38,8 пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5 пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 миллион адам немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеген көрінеді.
Ал енді, республика экономикасында 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,3 миллион адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантады. Жұмыспен қамтылғандар құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі 63,8 пайызды, ал өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында 1,3 миллион адам, қызмет көрсету секторында 3,6 миллион адам қызмет көрсетуде. Осы тұста үстіміздегі жылы жұмыссыздар саны 634,1 мың адамды құрағандығын айта кету керек. Соның салдарынан осы салада бүгінгі таңда республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызды құрап отыр....
Рефераттар
Толық