Құқық | Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс

Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділіктерін дамыту жолында, біздің бозбалалармен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің еліміздің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастары өзін, өз отбасын, өзінің ата –аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Жасанды интелект және оны пайдалану

Сараптау жүйелерінің түсінігі және құрылымы.
Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғышарттары өткен ғасырдың 70-жылдарын қамтиды.Бұл уақыт кезеңінде мәләметтер базасымен қатар білім базасын қолдану мәселесің пайда болу яғни білімді ұсыну бойынша бірқатар модель түрлері құрылады.
Ньюел және Саймон атты ғалымдар продукционды моделін, ал 1975 жылы Минский білімнің фреймдік моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бірқтар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
САРАПТАУ ЖҮЙЕСІ- белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имметациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жасанды интелект дамуындағы кибернетикалық рөлі: білім беру саласында

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуни-кативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде мллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технолгияларын жасау қажет.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік жұмысқа әсер ететін және адамдардың, топтар мен бөліктердің қызығушылықтарын, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Физика | ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ

Сыну керсеткіші жарық шоғының түсу бұрышына тәуелді емес, алай-да, шоқтың түсіне тәуелді1. Мұны ашқан Ньютон болатын.
Ньютон телескоптарды жетілдіру жұмысымен шұғылдана отырып, объ-ективтен шыққан кескіннің шеттері боялғанша көңіл аударады. "Ол бұл құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет — жарық сәулелерінің алуан түрлі екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған, жарық түстерінің ерекшелігін зерттеді" (Ньютон қабірінің басына жазылған сөз). Линзадаи шыққан кескіннің кемпірқосақ түсіне боялатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқаған. Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады. ....
Рефераттар
Толық

Нарық | Жарнама агенттіктері және олардың атқаратын қызметтері

Жарнама жарнамалық өнімді (ақпаратты) өндірумен, таратумен және тұтынумен байланысты ерекше қызмет түрі болып табылады. Жарнамалаудың объектісі әр түрлі тауарлар, іс-әрекет (қызметтер, жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір құбылыстар, идеялар және тағы басқалар болуы мүмкін.
Нарық жағдайларында көптеген фирмалар (кәсіпорындар) мен ұйымдар мынадай мәселені шешеді: өзінің жарнамалық қызметін құру немесе жарнама агенттіктерінің қызметтерін пайдалану. Өзіндік жарнамалық қызметті ұйымдастыру мүмкін болатын жұмыстардың көлеміне, мамандану бағыттары мен жарнамалық мақсаттарға бөлінген ақша қаражаттарына байланысты болады. ....
Рефераттар
Толық

География | Жаркент қаласы

Жаркент қаласы – Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі байырғы қалаларының бірі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданының орталығы. (1928 жылдан). Облыс орталығы-Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзенінің аңғарында, Жетісу (Жоңғар Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал, аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты шалғын жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999). Шоқан Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе: «Жаркент қаласы Түркістан өлкесіндегі қалалардың ең үлкені екен. ....
Рефераттар
Толық

Биология | ЖАРҒАҚ ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ

1. ЖАРҒАҚ ҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫ - HYMENOPTERA
Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған. Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.....
Рефераттар
Толық

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ | ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Галактика – жүздеген миллиард жұлдыздардан және ондаған немесе жүздеген мың жарық жылдарына тең диаметрлі үлкен жұлдызды жүйелер.
Геоцентризм (лат. gео — Жер) — біздің планетарлық жүйеміздің ортасында Жер тұр, ал Күн мен басқа планеталар (ғаламшарлар) оны айналып жүреді деген тұрғыдағы концепция.
Гелиоцентризм (грек. һеlіоs - Күн) — Күн жүйесінің ортасында Күн орналасқан, ал басқа планеталар оны айналып қозғалады тұрғысындағы концепция.
Бірінші жаратылысты-ғылыми төңкерістің нәтижесі - Аристотельдің геоцентрлік жүйе туралы ғылымының жасалуы.
Архимед (б.э.д. 287-212) — ертедегі Грецияның механика заңдарын жұмыс істейтін машиналар құрылмасында іске асыруға талпынған математикалық физиканың алғашқы ғалым-өкілі (иінтірек заңын, салмақ ортасы туралы ілім, денелердің жүзуі және басқалар). ....
Рефераттар
Толық

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ | ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ БІРТҰТАС ҒЫЛЫМ

Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың "кірігуі" (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы - осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.....
Рефераттар
Толық