Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер обьектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр. ....
Коғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады. Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін толық құқықты тасымалдаушы больш табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады. ....
Қоғамның өтпелі кезенде, қоғамдық өмірдің көптеген саладағы дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциальдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жөзекшелік, амориялизм сияқты мінез-құлық риякциясының өршуін туғызуы белгілі. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, әс-әрекеттері жатады. Нормадан ауытқу жағымды және негативті, жағымсыз болуы мүмкін. Негативті мінез-құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды-қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, деликвентті –қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық-қылмыстық заңдылықтар нормасын бұзады. Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі ....
Қоғамның дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі .Осы күні қалыптасқып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді. 18-19 ғасырларда өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты.Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке ,әлеуметтік әділеттіке жол ашып берді.Осының барлығы индустриалды елдерле әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды.Жалпы алғанда,нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады. Біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген оған қатысушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді. Екіншіден , нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайда тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі. Сонымен ,осы күнгі дамыған нарық қатынастарды салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді.Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді.Осы шаралар әлеуметтік саясат,немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.Әртүрлі қоғамдық топтар мүдделері арақатынасын анықтауына байланысты.Экономикалық саясаттың,оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесілімділікті табу мүмкіндік тұрады.Мемлекеттік биліктің институционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас мүдделерін ескеруі қажет.Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес,сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды.....
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушысы және дамутышысы француз монахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы «Шоттар және жазулар» деген трактат жазған. Ал бухгалтер термині ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады. Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын рөлі ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады. Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Казақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті. Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығын да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:....
Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан - жақты жетілген, ұлттық сана - сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған ертеңгі еліміздің болашағы, бүгінгі бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу — мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті болып табылады. Еліміздің айқын мақсатының бірі - бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан - жақты жетілген парасатты азамат етіп тәрбиелеу. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс. Тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт - дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашан да жарық болары сөзсіз. .....
Кіріспе Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет. Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ.....
Кіріспе Менің курс жұмысымның тақырыбы - "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде". Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі қарастырылады. Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес. Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты.....
Кіріспе Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр. Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар: 1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі). 2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.....
Кіріспе Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады. Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті. Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға: 1. Ұлттық қауіпсіздік; 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. экономикалық өсу; 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; ....