Экономика | Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны Ғылым ретінде қалыптасуы
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің алғашқы негізін салушысы және дамутышысы француз монахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы «Шоттар және жазулар» деген трактат жазған. Ал бухгалтер термині ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады.
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын рөлі ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ. Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Казақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығын да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
• болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
• ұйымның қаржылық ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
• қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушы осы дерекутер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Сондай-ақ осы қаржылық ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:
• кәсіпорынды басқарушылар;
• кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылы бар тұлғалар;
• кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Кәсіпорындарды басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға: кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менджерлер, бөлім басшылары және тағы да басқалар.
Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделі тұлғалар болып: қаржы салымшылары, несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ берген несиелерінің уақытылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіп-орындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорындарда, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілетіндігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымының есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліменттеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және оңдағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануынашаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есептің жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есептің жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек ақы және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с, шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірілігімен (күндер,сағаттар,минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын) шаруашылық құралдарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындылыанған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есептерден тұрады.
Жедел есеп – шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі – басшылық пен басқарманы деректер мен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақталуы туралы және т.с.с ақпарттар келіп түседі.
Бұл есептің басқаларға қарағанда ең қарапайым түрі. Жедел есеп әр түрлі процестер мен құбылыстарды әр түрлі өлшеуіштердің-натуралды, ақшалай және еңбектік өлшеуіштердің көмегімен көрсетеді.
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшілердің қызметкерлері жүргізіледі.
Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді, оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т.б беруге болады. Жекелеген жағдайларда жедел есеп үшін арнайы құжат нысандары жасалады, мысалы:жұмысқа шығу мен жұмыс уақытын пайдалану табелі.
Жедел – техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеттілігіне қарай туындайды.
Сонымен, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған.
Статистикалық есеп немесе статистикаэкономика, мәдениет, білім беру және т.б салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономиканың жағдайы, оның дамунынң үрдістері жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халық саны мен құрама туралы ақпараттарды қоғамның әлеуметтік экономикалық-дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық шаруашылығы есебінің жүйесіндегі статистика- бухгалтерлік есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп түрі.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық түрлерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолмен зерттейді.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларына, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
• ішкі пайдаланушылар
• сыртқы пайдаланушылар
Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар,ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайларына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні юолып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқав материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің оюъектілері болып саналады;
өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар; субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы, орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты төменгі схемада көрсетілген:
Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысында қатысады.
Материалдық емес активтер – бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы қолдануға немесе тауарларды өткізуге арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай тенеумен бағаланады және баланста көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады.олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.
Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.
Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.
Дебиторлық борыш субъектінің басқа субъектілерге уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді және қысқа мерзімдік болады.
Меншікті капитал кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (жарғы капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс).
Жарғылық капитал – құрылтайшылардың шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және қаржыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал – пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс – барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдыққорларын жасауды жабады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны Ғылым ретінде қалыптасуы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны Ғылым ретінде қалыптасуы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны Ғылым ретінде қалыптасуы